Бата аяқ

«Бата аяқ» (салт). Ұлдың атасы «Бата аяқ» деп бір түйе, бір жылқы жібереді (Ә. Диваев). Құда болған кісі екі жақтың келісімінен кейін жігіт әкесі қыз ауылына келіп «бата аяқ» өткізеді. Кейде мұны «сырға тағар» деп те атайды. Осы жолы екі жақ тойды өткізу мерзімі, кәде-жора қалың мал жөнінде келіседі. Мұны бата, келісуді «баталасу» дейді. Батаның екі түрі бар:
1. Келісімді бата жасау, мал мөлшері, той уақыты, шығын мөлшері: алас-беріс, келу-кету т.б.
2. Кесімсіз бата- мал саны, мүлік мөлшері кесілмейді. Жағдайға, уақытқа қарай кейін белгіленеді.
Ауқатты, елге есімі белгілі адамдар құдалығында бас жақсы, орта жақсы, аяқ жақсы деген ірі бағалы кәделер болады.
Бас жақсыға – боталы түйе, құлынды бие, жағалы киім, бағалы бұйым, алтын, күміс, жамбылар жатады.
Орта жақсыға – ең жақсы түйе не ат.
Аяқ жақсыға ат, сиыр, қой т.б. жатады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.