Құда түсу

     «Құда түсу» (дәстүр). «Итбай Тұрлығұлға құда түсіп мал алуға дайарлана бастады» (С.Көбеев). Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі- құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрі өте көп… мысалы: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдар мен кәделер, алымдары болады (кәдеге қараңыз). Құдалықты басқарып барған «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталынады.
     Құда түсу-қазақтың ең үлкен той-думаны мәртебелі, жарасты әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлердің бірі. Онда әртүрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар, палуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады. Екі жақ та бірін-бірі сынап отырады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.