Құда тартар

     «Құда тартар» (салт). Жол-жоралары, салт-дәстүрлері, түрлі ырымдары мен кәде түрлері өте көп. Солардың ішінде қыз алуға келген құдаларға жасалатын құрмет те аз емес. Сол сияқты олар тартатын күлкілі азап одан да көп. Олар «құдаларын құдайындай сыйлай» отырып, «құда тартар» атты кәделі дәстүрден аттап өтпейді. Бұл ойын-күлкіге, сайыққа, сынға құралған салт. Мұнда құда тартар кәдесін сұрай келген әйелдер бастаған топ құдаларға лап қояды да, оларды көкпар тартқандай тарта жөнеледі. Әрине, бұған қарулы жігіттер мен жас әйелдер араласады. Олар құдаларды теріс қарап өгізге мінгізеді, «кірлеп кетіптіғой» деп өзенге де апарып сүңгітеді, аяғын жоғары қаратып үйдің шаңырағына да асып қояды. Не керек жұрт күлетін қиын да, кейде ерсі қимылдарға барады. Бұған құдалар ашуланбайды. Қолынан келсе олар да құдағи жағына күш көрсетіп, оларды қоса құшақтай кетеді. Мұның өзі жұрттың көңілін көтеретін ойын-сауыққа ұласып кетеді.
      Қазақтың құдалық, неке дістүрін өткен ғасырда П.Маковетцкий, Н.Гродеков, Л.Баллюзек, А.Левшин сияқты орыс зиялылары кең зерттеп, тамсана жазған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.