Құйрық-бауыр

     «Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық  дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт-дәстүрінде орны бөлек жай. Екі жақ құда болған жағдайда оларға «құйрық-бауыр» арнаулы сый әкеледі. Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар»деп тілек білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді . Құйрық- бауыр қазақ дәстүрінде құда болудың заңды белгісі-құжат болып бекітілген.
     Құдалық дәстүр және оған сәйкес Әдет ғұрыптар әдетте әзіл-қалжыңсыз, ойын-сауықсыз өтпейтіндігі әреімге белгілі. Сондай-ақ осы «Құйрық-бауыр» салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана қаласында Қостанайлық  Сәкен Омаров пен Көкшетаулық Қуантай Әбілмәжүнұлының құдалығында «Құйрық-бауыр» ұсынғанда Қанапия қызы Орынбасар құдағи осы қазақы салтың ажарын мынандай өлеңмен өрнектей түсті. Ол құдаларға қарап, былай деп әндетті: 
    
  Құда, құда дейсің-ау, әй,
  Құйрық-бауыр жейсің-ау, әй.
  Құйрық-бауыр жемесең,
  Несіне құда дейсің-ау, әй.
  Үлкен құда, бас құда,
  Кіші құда жас құда.
  Құйрық-бауыр әкелдім,
  Ауызыңды аш, құда.
  
  Үлкен құда ардақты-ай,
  Кіші құда салмақты-ай.
  Құйрық-бауыр асатсам,
  Тістеп алма бармақты-ай.
  Үлкен құда әнекей-ау,
  Кіші құда мінекей-ау.
  Құйрық бауыр асаттым,
  Кәделерің кәнекей-ау!

      Әр елде, әр ауылда әр салт-дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән-жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырларының мұндай үлгілерінің көпшілігі үмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше жақсы түрлепін әлі де табуға болады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.