Жар-жар

Жар-жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз-жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап, бара жатырған жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен айтылатындықтан «Жар-жар»қызықты болып естіледі. Мысалы: «Жар-жарды»жігіт былай бастайды:
Алып келген базардан,
Қара насыр, жар-жар-ау.
Қара мақпал сәукеле,
Шашың басар, жар-жар-ау!
Мұнда әкем қалды деп,
Қам жемеңіз, жар-жар-ау!
Жақсы болса қайны атаң,
Орнын басар, жар-жар-ау.
Қыз былай деп жауап қайтарады:
-Есік алды қара су,
Майдан болсын, жар-жар-ау.
Ақ жүзімді көргендей,
Айнам болсын, жар-жар-ау.
Қайын атасы бар дейді-ау,
Осы қазақ, жар-жар-ау,
Айналайын әкемдей,
Қайдан болсын жар-жар-ау.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.