Айт

     Айт(салт). «Айт құтты болсын!»- айтсын, жақсылығы бірге болсын (Б.Майлин). Айт- исламның аса зор мерекесі. Екі айт бар. Ол «ораза айты», «құрбан айты» деп аталады. Айт Арабияда ислам дініне дейін қалыптасқан. Ораза айтыотыз күн ораза біткенен кейін болады. Ораза айын «рамазан айы» деп те атайды. Пітір садақасы осы айда беріледі. Оны әр мұсылман мешітке береді. Мұхаммед Пайғамбар Алла тағаланың сөзін ораза айында естіген.
     Құрбан айты да мұсылмандардың бас мейрамы. Ол Ораза айтынан соң 70 күннен кейін басталып үш күнге созылады. Бұл Меккеге қажылыққа бару кезінің аяқталуына сәйкес келеді. (Зұлхижа- қажылыққа баратын ай).
     Құрбан айтында әр мұсылман дін құрметіне, аруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып құрбан шалады. «Бұл да мұсылманшылықтың басты бір парызы(Мұхтасар). Құрбан шалушыға жұрт «Құрбандық қабыл болсын» дейді. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы, қотыр малды құрбандыққа шалуға болмайды. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Әруақтарға бағышталып құран оқылады, бата беріледі.
     Айт күндері таза киінген адамдар бір-біріне айтқа құтты болсын айтып құттықтайды «айттық» сұрайды. Ашу-араздық болса татуласады, қателігін кешіреді. Айт күндері, ораза кезінде қайтыс болғандар иманды адамдар деп саналады. «Айт күні айтқан тілеулері дұрыс бишаралардың…»(Б.Майлин).
     Екі айт та мұсылман елдерінде үлкен той дәрежесінде өтеді және ол демалыс күндері болып қалыптасқан.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.