Ақсарбас

     Ақсарбас (дәстүр). «Әруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас!-деп баланы шақырып, айғайлай бастайды»(М.Әуезов).Адамның қауіп-қатерге ұшырағанда, ауырғанда, жаны қысылғанда Алла атымен айтқан құдайысы. Мұндай жағдайға ұшыраған адам «Ақсарбас» деп үш рет айтуы керек. Аман қалған кісі осыдан кейін ел-жұртты шақырып, «құдайы» береді. «Ақсарбастың» үш түрі бар. Олар бозқасқа, көкұасқа және қызылқасқа. «Бозқасқа» десе- қой, «көкқасқа» десе жылқы, «қызылқасқа» десе-сиыр сойылып, құдайы беріліп, көпшіліктің батасын алады. Бұл ырым осы күндерде де қолданылады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.