Итаяғына салу

    Итаяғына салу (дәстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда әйелдер не үлкен әжелер оған «Итаяғыңа» сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып баланы шаранасынан жуатын суға яғни «шілде суына» әлгіндей күміс жүзік, сақина, күміс түймесияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нәрестені жуады. Жуып болған кейін әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алып, мәз-мейрам болып тарасады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.