Үй көрсету

     Үй көрсету (дәстүр). Жаңа түскен келінді туыс-туған, көрші-көлем, ілік-жекжаттар «үй көрсетуге»(шығыс жақ «отқа шақыру»дейді) яғни есік ашарға шақырады. Мұның мағынасы келін отбасымен танысып, үйге келіп жүрсін деген сөз. Бұл үйге келін құр қол бармайды, кәде-жорасымен барады. Мұны «ілу»дейді. Бұл мәселені шақырған үйдің дәрежесіне (үлкен, кіші деген мағанада) келіннің енесі шешуі керек. Мұнымен бірге келінді шақырған үйлер келіннің мінез- құлқын, жүріс-тұрысын яғни әдеп, тәртібін байқап сынап отыратыны да бар. Мұны болашақ келіндер ескере жүруі керек. Өйткені аталған дәстүр әлі жалғасып келе жатыр.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.