Келін түсіру

      Келін түсіру (салт). Біздің халық үшін де дүниедегі қызық пен қуаныштың ең бастысы-осы келін түсіру. Бұған бүкіл ауыл болып атсалысады., бірге қуанады, бірге тойлайды, намысы бір қазақта «тойдың болғанынан боладысы қызық» деген бар. Ал келін түсірудің өзі де, «боладысы» да қызық.
      Қазақ салты бойынша келінді ауылға көлікпен әкелмейді. Бір қырдың астына жеңгесімен бірге түсіріп кетеді. Ауылдың қыз-келіншектері жас келіннің алдынан шығып, ешкімге көрсетпей шымылдық ішіне кіргізіп әкеледі. Ақ босағаны оң аяқпен аттайды. Шашу шашылады. Құтты болсын айтылады. Келінді шешесі, жеңгесі, сіңлілері ертіп әкеледі. Қуаныш, ырду-дырду, ойын-сауық басталады. Шымылдық ішінде жас қыздармен отырған келінді көруге әркім-ақ асығады. Жұрт жиналған сәтте салтанатпен «Беташар» басталады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.