Құрбан шалу

     Құрбан шалу(ғұрып). «Сымайылдың орнына құрбандыққа шалуға алла пейіштен жуан семіз қой түсірді»(Құран хикаялары). Мұсылман елінің ең басты әрі қасиетті тойы әрі мейрамы-Құрбан айтында Мұхаммедтің әр үмбеті дін құрметіне, әруақтарға бағыштап (арнап) мал сойып, құрбандық шалады. Алғаш құрбан шалу Алла бұйрығы бойынша Ибраһим Пайғамбар тұсында болған. Алла оған сүйікті ұлы Сымайылды құрбандыққа шалуға бұйырған. Мұны әке де, бала да құп алады. Алла тағала әкелі-балалы екеуінің шын берілген және адалдығы үшін рахым жасап, жұмақтан көк қошқар түсіріп, ол құрбандыққа шалынады.
      Құрбан шалу ғұрпы сол заманнан бастап сақталып келеді. Бұл да мұсылмандықтың басты бір парызы. Әрбір пенде өзінің Алла тағалаға рухани да, дүниелік те жақындығын яғни қалтқысыз адалдығын көрсету үшін белгілі бір уақытта аты аталып шалынатын мал «құрбандық малы» делінеді. (Мұхтасар). Ққрбанға жарайтын малдар: қой, ешкі, сиыр және түйе.Бұлардан басқа хайуандардан құрбан болмайды. (Ғылымхал).Қой, ешкі сияқты ұсақ малды бір адам, сиыр, түйені жеті адам бірігіп құрбанға шалуына болады. Ауру, ақсақ, соқыр, жаралы,қотыр малды құрбан шалуға жарайды. Құрбанға шалынатын малға бата беріледі. «Құрбан қабыл болсын» юеу керек. Құрбандық еті көпшілікке беріледі. Құран оқылады, тілек, бата беріледі. Түнде құрбан шалынбайды.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.