Ақыл мен нәпсі

Ислам діні адамдардың бұл дүниеде де, ақыретте де тыныш және еркін өмір сүргенін қалайды. Сондықтан ақылға бағынуды бұйырады. Нәпсіге бағынуға тыйым салады. Ақыл жаратылмағанда адам әрдайым нәпсісіне бағынып, бәле – жалаға  дұшар болар еді. Нәпсі болмағанда адам өмір сүріп, көбеюі үшін және мәдениетті өмір үшін қажетті нәрселерге қол жеткізу жолында еңбек етуде кемшіліктерге жол беріп, нәпсімен күресу сауабынан құр қалар еді. Нәпсісіне бағынатын адам Ислам шеңберінен шығады. Ислам діні тыныштық пен еркіндікте өмір сүру үшін қажетті нәрселерді және дүниелік әуестіктердің пайдалыларына тыйым салмайды. Бұларға қол жеткізуде және қолдануда ақыл мен дінге бағынуды бұйырады.
Хадис шарифте былай делінген:
«Ақыретте болатын нәрселерді жануарлар білсе, жеуге ет таба алмас едіңдер», яғни, жануарлар ақыреттегі азаптардың қорқынышынан ішпей – жемей қояр еді. Тек терілер мен сүйектер қалар еді.
Адамдар нәпсі мен дүниеқұмарлық сипаттармен өмір сүреді. Нәпсі екі жағы да өтірік пышақ сияқты. Әрі ұлы дәріге ұқсайды. Дәрігердің нұсқауымен қолданған адам оның пайдасын көреді. Артық қолданған адамға зиян тиеді. Ислам нәпсіні жоюды емес, оны тәрбиелеуді, оны пайдалануды бұйырады.
Біз, жапондар, бейбітшілікпен шындыққа, туралық пен адалдыққа ынтық халықпыз. Бірақ, уақыт өткен сайын кейбір жақсы қасиеттерімізді жоғалтып жатырмыз.  Жалғыз Ислам ғана бізге жәрдем беруі мүмкін және бізді опат болудан сақтап қала алады.
Мұсылмандар жалғыз жаратушыға сиынады. Жапондықтардың да, міне, осындай иманға мұқтаждықтары бар.
Ислам адамдаржың тыныш, бақытты өмір сүруі мен Аллаһу Тааланың бұйрықтарына бойсұну дегенді білдіреді. Барлық мұсылмандар өз ара дос. Тек исламға келу арқылы адамдар жабайылық пен түрлі бәлекеттерден аман қалады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.