Көңіл (жүрек) тазалығы

Ешбір ғибадат жасамауына және әр түрлі күнаға батып жатқанына қарамай «Менің жүрегім таза», «Көңілімде кір жоқ», «көңіл таза болса болғаны» деп айту нағыз имансыздардың немесе дінден хабар болмаған сауатсыздардың сөзі. Бұл сөздермен мұсылмандарды алдамақшы болады. Тек діннің әмірлерін орындап жүретін кісінің көңілі ғана таза болуы мүмкін.
Алла Тағаланың әмірлерін орындау көңілдің (жүректің) бұзық және таза еместігін көрсетеді. Намаз оқымайтын және басқада ғибадаттарды орындамайтын кісінің көңілі, жүрегі таза болуы мүмкін емес. Өйткені күнәлар жүректі қарайтады. Жүректің таза болмауы немесе бұзық болуы бұл дінге толық сенбегендік болып табылады. Иманды болудың белгісі діннің бұйрықтарын қуана орындау.
Көңіл деп аталатын қуат жүрек деген органымызда болғандықтан оны да жүрек деп қолданып кеткенбіз. Денеміздегі бүкіл мүшелер осы көңілдің қолы астында. Сезім мүшелеріміз арқылы алынған сигналдардың барлығы көңілде (жүрек) жиналады. Адам баласының сену, жақсы көру, қорықу сияқты сезімдер жүрегінде болады. Сондықтан иманы әлсіз немесе жоқ болған кісінің жүрегі сол мөлшерде қарайған, бұзылған, ластанған болады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.