Аллаға деген махабат және Алладан қорқу

Мұхаммед пайғамбарымыз: «Аңызда Алла Тағаладан ең көп қорқатыныңыз менмін» деген. Алладан қорқу бір залымнан қорқу сияқты болмайды. Бұл қорқыныш құрмет пен сүйіспеншілікке толы қорқыныш. Ғашық адамдардың өз сүйіктілеріне арнап жазған өлеңдеріне осындай қорқынышта екендігін көрсететін жолдар көптеп кездеседі. Бұл – сүйгенін режіту қорқынышы.
Құран Кәрімнің «Фатир» сүресінің 28-аятында «Ілімі көптің Алладан қорқулары да көп», «Рахман» сүресінің 46-аятында: «Рабының ұлылығынан қорқатын адамға екі жұмақ бұйырады» делінген. «Әнфал» сүресінің екінші және «Хаж» сүресінің отыз бесінші аяттарында: «Мүминдер Алланың есімі айтылған кезде жүректеріне қорқыныш сезімі келетін адамдар» деп көрсетілген. «Нұр» сүресінің 52-аятында: «Алла Тағала мен оның расулына мойынсұнғандар және Алладан қорқатындар қияметте азаптан құтылады» делінген. Бұл аяттар адамдарды Алладан қорқуға шақырады. «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Алланың алдында ең қадірлі адамдар – Одан қорқатындар» деп бұйырылған. Бұл дүниеде де Ислам ғұламалары мен Жаратқанның әулиелерін құрметтеу өте бағалы мінез болып табылады. Осындай үлкендерге құрметсіздік ету, оларды ренжіту көптеген пәлекеттерге дұшар қылады. Ислам жолында көтерілген ғұлама Алла   Тағаланың алдында өзін кіші ұстауды үлкен абырой деп біліскен. Алланың құдіретінен қорқу, Оны сүю секілді маңызды және құнды амал. Алла Тағаланы тек жақсы көріп, Одан қорықпау, Оны тек жақсылық иесі деп санау, ол күнәларды жазалмайды деп білу — қате. Алла Тағаланың көркем сипаттарымен қоса қаһарлық сипаты да бар.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.