Харам дегеніміз не?

Харам: Алла Тағаланың құран Кәрімде «істемеңдер» деп ашық бұйырған істерге айтылады. Харамдардың істелуіне және қолданулуына нақты түрде тыйым салынған. Харамға халал деу, халалға харам деу күпір болады. Харам болған нәрселерді тәрк ету, олардан сақтану парыз және үлкен сауап.
Харамдар екі түрлі болады:

Харам ли – айниһи: Адам өлтіру, зина жасау, құмар ойнау, арақ және әртүрлі алкагольді ішімдіктерді ішу, өтірік айту, ұрлық жасау, шошқа етін жеу, қан, арам өлген және шариғатқа сай сойылмаған мал етін жеу, әйелдер мен қыздардың әурет жерлерін ашып көшеге шығу үлкен харам істер болып саналады. Бұл адам бұл истерін бірін істеген кезде «бисмиллаһ» десе, халал деп сенсе немесе Алла Тағаланың харам еткеніне мән бермесе, кәпір болады. Бұл істердің харам екендігіне сеніп, Алладан қорқып істесе кәпір болмайды, бірақ тозақ отына лайық болады. Ал егер сол істі ары қарай жалғастырып істеп жүріп өліп кетсе имансыз кетуге себеп болады.
Харам ли – ғайриһи: Негізі халал болып басқалардың ақысы араласқаны үшін харам болған нәрселер. Мысалы, бір кісінің бағынан иесінің рұқсатсыз жемістерін жеу, үйіндегі заттар мен ақшасын ұрлау, аманатқа қиянат жасау, пара алу, өсім және құмар ойнау арқылы ақша немесе байлық табу сияқты. Бұларды істеген адам «бисмиллаһ» деп бастаса немесе ол алғаным халал десе кәпір болмайды. Өйткені сол нәрсе бір кісінің халал мүлкі, Яғни қайтарып алуы мүмкін. Бес жарым дана арпа ауырлығындағы күміс мөлшеріндей ақы үшін, қиямет күнінде жамағатпен оқылып қабыл болған 700 ракат намаздың сауабын Алла Тағала алып, хақ иесіне береді. Харамнан қашудың сауабы ғибадат етуден көп. Сондықтан харамдарды танып, үйреніп, олардын бойын аулақ ұстау керек.

One thought on “Харам дегеніміз не?

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.