Ораза

Ораза (діни салт). «Ораза ұстап, намаз оқитын болыңдар!-деді» (Ғ.Мүсірепов). Мұсылманның бес парызының бірі. Мұны ораза ұстау немесе «ауыз бекіту» дейді. «Ораза ұстауды 624 жылы Мұхаммед белгілеген» (Ислам. Энциклопедия. 143бет.Алматы-1995ж.). Оразаның шарты бойынша жасы 9-ға толған қыз, 12-ге толған ұлдан бастап, ауыз бекіткен адам отыз күн күндіз тамақ ішпейді, әдепсіз сөз сөйлемейді, қиянат етпейді. Таңертең күн шықпастан бұрын сәресі (таңертеңгілік), күн батқан соң ауыз ашады. Ауыл адамдары ораза ұстаған адамдарға құрмет көрсетіп, жақсы тағамдар дайындап «ауыз ашарға» шақырады. Ораза ұстаудың бірнеше жолдары бар. Шариғат (дін заңы) бойынша денсаулығы жоқ, бала емізген әйелдер, жолаушылар, балалар, есі дұрыс емес жандар оразадан босатылады. Оразаның алты түрі бар:  1.Парыз. 2.Уәжіп. 3.Сүннәт. 4.Мәндүп. 5.Нафила. 6.Мәкру. (Мұхтасар) 137-бет). Кәмелетке толған әр мұсылман ораза ұстауға міндетті. Оразаның адам денсаулығы үшін пайдалы жақтарын шығыс ғұламалары талай рет дәлелдеген.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.