Тасборан

Тасборан (Заң жолы, ғұрып). «Тәңірге тіл тигізген адам егер мұны жеті куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі» (Әз Тәуке ханның «Жеті Жарғы» — заңынан). Бір адам ел – жұртына сатқындық жасаса, немесе әйелі еріне опасыздық жасаса немесе ел – жұрт естімеген, көрмеген қылмыс жасаса, айуандықпен жазықсыз адам өлтірсе т.б. өте ауыр қылмыстары үшін ол «тасборан» арқылы өлім жазасына кесіледі. Яғни, өлімге бұйырылушының аяқ – қолын байлап, жұрт алдына әкеліп, оған қатысқан барлық адам қолына бір – бір тас алып, қылмыскерді сол таспен өлтіреді. Мысалы, Құнанбай Қодар мен Қамқаны өлтіргенде осы «тасборан» заңын қолдаған.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.