Жарапазан

Жарапазан(жарамазан) (салт). «Жарапазан рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түндеүйдің тұсында тұрып жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды екі адам жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда екіншісі, қостаушысы болады. Мысалы:
 Айтушы: Жарапазан айтушының сауалы бар,
   Отыз күн оразаға жауабы бар.
   Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар,
   Боз шұбар астымдағы, шу жануар!
 Қостаушы: Жарапазан, жарапазан!
   Алла, құдай би жарапазан!
    (А.Байтұрсынов)
 Жарапазанның ел арасында кең тараған нұсқасын және разы болғанда жарапазан айтушының батасымен танысыңыз:
         

Жарапазан
   Үйің, үйің- үй екен,
   Ұйдің көркі ши екен.
   Ақ төбедей көрінген
   Қандай байдың үйі екен?
   Кірсін дәулет,
   Шықсын бейнет.
   Қиын дейді қиямет,
   Жақын дейді ақирет.
   Ажалға құдай сабыр ет.
   Былай жүрген сайтанның
   Мойнына мінсін тауқымет!

   Оразада айтылар жарапазан,
   Мекке мен Мәдинадан шығар азан.
   Мәуесі мәуесіне тиіп тұрған.
   Ораза намазыңды күтіп барсаң,
   Алдыңда хордың қызы сүйіп тұрған.
   Махамбет үмбетайтқан жарапазан.
   Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.
   Ассалаумағалайкүм жаңа келдік
   Көргелі, көріскелі сәлем бердік.
   Айтты деп жарапазан сөгн көрме
   Пайғамбар жолын қуған адам едік.
   Айтайын жарапазан есігіңе
   Қыз берсін ханышадай бесігіңе.
   Тілейміз шебер тусын несібіңе.
   Үй ішінде бай-бәйбіше кеңеседі.
   Қой ішінде екі қошқар теңеседі.
   Бай айтады қой ішінен саулық бер деп.
   Бәйбіше сандық ашып, жаулық бер деп.
   Біреуі бес намаздың- таң намазы,
   Қайнайды тәсілменен бай қазаны.
   Ораза намазыңдыкүтіп барсаң.
   Алдыңда жайылулы жайнамазы.
   Біреуі бес намаздың – бесін дейді.
   Кей адам кірін жуып шешінбейді.
   Ораза, намазыңды күтпей барсаң.
   Күнәңді құдай біледі, кешірмейді.
   Біреуі бес намаздың –екінді еді,
   Ауызын діл мұсылман бекітеді.
   Ораза, намазыңды күтпей барсаң,
   Үстінен қыл көпірдің секіреді.
   Мінгені пайғамбардың ақ атан-ды,
   Көп тұрсақ әрбір үйде таң атады.
   Арқасында ақ атаның жауыры бар,
   Баратын бұдан былай ауылым бар.
   Мұхамбет үмбеті айтқан жарапазан,
   Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.

    Жарапазанның батасы
   Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
   Боз торғайдай төлшіл бол,
         Ор қойандай көзді бол,
  Жиреншедей сөзді бол,
  Бәйтеректей бүрлі бол,
   Пайғамбардай нұрлы бол,       
  Ай жағынан қарасаң,
 Алтыннан терек орнасын.
 Саған келген мейманның,
 Оған атын байласын.
 Аты жатып аунасын,
 Өзі жатып қунасын.
 Менің атым –Сарыбай,
 Сақалыма сары май.
 Таң мезгілі болғанда
 Төсегіңнің басынан
 Жастығыңның астынан
 Бөденедей пырылдап
 Бозторғайдай шырылдап,
 Қыдыр келіп дарығай!
 Аллаху ақпар!

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.