Ақтай жоқтау

Өмірде бәрі де бола береді. Мысалы құда түсіп, қалыңдық атастырылып, қалың төленіп, екі жақ келісімге келеді. Сөйтіп бұл жағдай жұрттқа белгілі болады. Екі ортада құдалық рәсімдер, барыс – келіс басталады. Күйеу жігіт ұрын барған кездер де болады. Осындай жағдайлардан кейін тағдырдың жазуымен күйеу жігіт қайтыс болса, әдет заңы бойынша оны оң жақтағы (өз үйінде отырған қыз) қалыңдық та жоқтайды. Бұл қазақ дәстүрінде белгіленген, оны «ақтай жоқтау» деп атайды. Бұл үшін қалыңдықты ешкім кінәлай алмайды. Ұлттық көне заң бойынша әлгі қалыңдық өзі атастырылған жігіттің ағасына немесе інісіне қосылады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.