Шашын жаю

Шашын жаю (салт). «Қара бір шашым жаяйын,
        Жаяйын да жылайын» (Жоқтау)
              Жоқтау, жылау қайғылы, шерлі, күйікті, мұңды, зарлы, азапты, бақытсыз әйелдің ісі. Бұл әдет дауыс қылу, жоқтау кезінде жасалады. Кешегі өткен зұламат заманда соғыс, аштық, тәркілеу, апат, жұт кезінде әйелдердің шашын жайып жылауы көп болады. Әйелдер мұң, шер жырларын да шығарады. Мұндай кезде ақсақалдар, әйелдер келіп, мұңды адамға тоқтам, басу айтып жұбатуы керек. Қазақ қыздарына «шашыңды жайма» деген тыйым сөз төркіні осындайдан шыққан.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.