Өсиет

      Өсиет (дәстүр, ғұрып). «Үзіліп бара ма, жоқ арыз, өсиет айтамын деп әлсіреді ие, білу қиын» (М.Әуезов). Белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған – туысқандарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс.
      ХVІІІ ғасырда өмір сүрген батыр, жырау Ақтамберді өлерінде былай деп өсиет айтыпты:
 Балаларыма өсиет,
 Қылмаңыздар кепиет.
 Бірлігіңнен айрылма,
 Бірлікте бар қасиет.
 Татулық болар береке,
 Қылмасын жұрт келеке.
 Араз болсаң алты ауыз,
 Еліңе кірген әреке…
 Бар арманым айтайын:
 Батырларша жорықта
 Өлмедім оқтан қайтейін!…
      Өсиет Әз – Тәукенің «Жеті жарғы» заңы баптары бойынша ағайындар мен молдалардың қатысуымен жасалып, куәландырылады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.