Жаназа

                Жаназа (дәстүр). «Әбіштің жаназасына Алматы халқы көп жиналды» (М.Әуезов). Қайтыс болған кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсімі. Жаназада өлген кісіге дәуір айналдырып, садақа беріп, құран шығарылады. Жиналған көпшіліктен «бұл кісі жақсы адамба?» деп сұралады.
              Оған «жақсы адам» деген жауап беріледі. Сол сияқты марқұмнан «ешкімнің алашағы, берешегі жоқ па» деп тағы да сұрайды. Алашағы бар адам сұрауға да, алуға да, кешіруге де хақысы бар. Оның ешқандай айып ерсілігі жоқ. Шариғат заңында осылай қаралған. Жаназа адамға жасалатын соңғы құрметтердің бірі.
              Қаза жолында да ұлттық, имандылық дәстүр, кәделер бар. Олар мынадай: бата оқыр, садақа, ас, жыртыс, дәуір айналдыру, қабыршы кәдесі, сыйыт (киім беру), дұға оқыту, топырақ салу, құран аудару, шек беру, шелпек пісіру т.б.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.