Кіндік кесер

Кіндік кесер (салт). «Кемпірлер кіндік кесе бастады». («Жас алаш» газеті). Ел ішінде «кіндік шешесі» немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын турады. Кейде олардың «жол менікі» деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге «кіндік кесер» кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек кәде. Кейін де «кіндік шеше» деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. «Кіндік шеше» кейін келіп бала үйінен өз қалауын да ала алады.

Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын халықтық ырымдар көп. «Елдің қорғаны болсын» деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. «Қыз отбасының тірегі болсын» деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.