ЕРЛЕРДІҢ ЖЫНЫСТЫҚ ӘЛСІЗДІГІН ЕМДЕУ ТУРАЛЫ

«ҚҰРАННАН, МҮМІНДЕРГЕ, ШИПА ЖӘНЕ РАХМЕТ ТҮСІРЕМІЗ. ОЛ, ЗАЛЫМДАРДЫҢ ЗИЯНЫН ТЫМ АРТЫРА ТҮСЕДІ.» (17-82)
Жасыратыны жоқ Ата жолы қозғалысы жүрек ашу хикметімен бірге Құраннан ем шипаның да хикметі қазақ еліне түскені де хақ. Бірақ оны түбегейлі зерттеп дамытып өркен жайуына діншілер, ғалымдар, тілші жазғыштар жабыла қудалап ақырында тиым салға заң шығарып ендігі «»тәңіріміз»»» ел биліктің беретін ұлықсат қағазы болып, көптеген қасиеттердің жабылуына да өзіміз себепші болдық. Сол қудалану кезінде ордалардан қамшымен емдеуге де тиым салынған жарғылар, қарарлар шығып бізге де осындай тапсырма берілген болатын. Бірақ біздер бұл емдік тәсілді күні бүгінге дейін жалғастырып және жетілдірумен бірге қазақтың қамшысының әлем алдында құдіретін көрсетуге болатын жағдайға да құдайға шүкір жеттік.
Енді осындай емдеу барысында, сол уақыттағы арпалыс қудалану кезіндегі болған бір уақиғаны айтып берсем; Үлкен қызметте істеген ұйғырдың әйелзаты бізден келіп ем алып, сонан бір күні үлкен ұлы бар екенін және оның сондай темірдей денсаулығы мықты болғанымен әлі кезге дейін үйленбей жүргенін айтты. Мен бірден себебін түсіндім де, баласын ордаға әкелуін сұрадым.
-Айтып көрейін, бірақ келмейді, себебі ол мұндайға мүлде сенбейді,-деген жауап алып, оның Құдайдан ордадан құраннан және намазы арқылы сұрауын ескертім. Сонымен анасының тілегін қабыл қылған болу керек құдайым, бір күні ол жігітті ертіп келді. Мен онымен оңаша қалдыруды сұрап, екеуміз оңаша сөйлесумен, оның жыныстық әлсіздігінің көп төбелеске араласып, жындармен жүктеліп; қолын, аруағын кірлетіп алғанын, қамшы арқылы емделуге болатынын жеткіздім. Және; «Еркек болсаң, 3-күн қамшы алып көр, ұнамаса келмей-ақ қой.»- дедім. Оның менің қамшыдан қорқасың, шыдай алмайсың, дегенім намысына тиді ме, әйтеуір келісімін берді.
Сонан енді таң ерте таңғы асқа отыра бергенде әлгі ұйғыр жігітім ем алуға, қамшыға жетіп келетін болды. Сонан емі аяқталды, шартымыз да бітті, екеуміз оңаша қалып, ол маған;

-Мен, неге күнде ерте келіп қамшыны неге толық алдым дейсіз?- деген сауал қойды. Мен;

-Намысың бар еркексің, сосын уәдеде тұрдың,- дедім. Ол;

-Жоқ, мен үшінші күнен кейін кетіп қалғым келген, бірақ сізден екінші күні-ақ қамшыдан емді алып, аялдамаға барғанымды бойыма бір қуат енді де, алдымнан жарқ етіп есік ашылғандай болып, сонан бойым бір жеңілдеп сала бердім. Сонан кейін таң ерте тұра сала ықласым ауып, осылай қарай жүгіретін болдым, деді. Мен;

-Жарайды ол, құдайдың ісі, ал енді анау төменгі жағыңның жағдайы қалай болды, деп тікелей ұрақ қойдым. Маған қарап күлді де, бас бармағын жоғары көтерді.

-Онда болды жүре бер, үйленген кезде хабарын айтарсың, дедім. Сонан 3-4 ай өте үйленіп, кейін бір жастағы баласын әкеліп, енді әйелін де әкелетінін ескерті.
«»Бірақ мен іштей әй қайдам, әкеле алсаң»», дедім де қойдым. Еркек қанша батыр болғанымен әйелдің шайтаны мұны алдын-ала біліп, айналып өтетін жолын да қарастырып қоятынын қайдан білсін. Бірақ ол жігіт баласы 6-жасқа келгенде тағы соғып, әйелімен ажырасып кеткенін, және де басқа да сұрақтарын жауап алып кетті.

Қазір көптеген ер азаматтарның белсіздігі, ұрықтарның әлсіздігі және әйелдердің де төсекке суық қарауы да, ажырасу себебі де өзін баурап алатын қара қуаттарға тікелей қатысты. Оны медицинада дәрімен емдеп, қып қызыл шығынға батып жүргендер жеткілікті. Осындай жағдайда миллиондаған от басының бала туғызу мен туудың жолында ізденіп амалын таба алмай жүргендерде жеткілікті.

 

Ал, енді қазақ еліне бақ болып келген, құран арқылы мұндай емді құдайдың беріп қойғанын мойындау үшін, масһабшылар, діншілердің шариғатқа, тазалыққа шақыра отыра тажалдық біліммен, қара күштерден ақталып арылуға елдің ақылын байлап мешітке намаз оқуға ғана жүгіндіріп қойғандары хақ. Мұндай жағдайда қазақтың дәстүр болып қалыптасқан дін амалдарынан, ақталудан бас тартқызып ібіліске,қызмет қылушыларға жанына иман білімін беріп, өлі рұқын оятуға да Құдайдың азап қамшысы, сынағы ғана керек шығар деймін. …Ал, сіз қалай қарайсыз? (Шілде айы 2013 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.