Қияметік мезгілден қазақтың ойшылдық мектебі ғана құтқара алады

    Білім -жарық, ақыл -шырақ. Білімісіз ақыл өздігінен жарық болып адамзатқа жол көрсете алмайды. Ал сол жарыққа қандай май құйып жарықтың сапасын арттыруда маңызды. Себебі білімнің үні ойы маңызды болмақ. Сондықтан жарық тұрғысында әлемді 7-к+үннен жаратқанды. Оның қарсылығы 7-тозақтық жаратылыс, түнек күштері өмірі бар. Адамазатқа бұл екеуінен де бірінен артық кем шамасына, тегіне, қасиетілігіне қарай қуаттарды меңгеру, жүктелу керек.
Философия жоғарғы білім мектебі болғанымен, заманға қарай білімдердің бәрін таразылаумен, таза ойдың қуатын табумен айналысуы керек. Мұны сөзді түзеу деген Абай атамыз. Сөз түзелсе елде түзеледі. Қазіргі философ ағайындарды білімсіз, деп айту да қате, бірақ рухани тазалығы, кемелдігі, тектілік әулиелігін ата дәстүрін меңгеруде, жанын көбейтіп, рұқын тазарта білуде керісінше біздің білімі шала қасиетті шәкіртерімізден төмен. Бір кем дүние қазақта…

 

Ел билеушілердің, мал табарлық қасиеті халықтың сұранысына, қажетіне, заманың дүниелік нәпсілік талабына сай болғандықтан; құрметуге, дәрежелеп адамдық құндылықтардың жоғарысы деп бағалауға соқтығаны да сөзсіз. Осындай жақсылықтың, тектіліктің құндылықтың дүние малмен өлшенуінен рухани өміріміз, әлеуметін жағдайымыз мешеулікке түсті. Себебі философия мектебіміз де мал табудың жағдайымен негізделіп алды да жалған ғалымдардың, білімде қисынға ғана жүгінетін ел билеушілерді, жете, сана тұрғысында ойлану қабілетін жоғалтқан шенді, шекпенділерді даярлаумен айналысып кетті де.

 

Осыдан барып қасиетті сөз ұғымдарын, атауларын дүние ісімен бағалап, ел билігі теріс ойды дәріптеумен, ібілістің еркін орындауға, түнек күшінің қызметіне тұрып алып, елдің рухани өмірін мүлде жоғалтуға қызмет жасап кетті де қазақ елін қияметік жағдайда өмір сүруге мәжбүрлеуде ел шаруашылығын түзеген ел билеушілердің «арқасында» (аратына ерген шайтандарының) болып жатқаны да хақ. Ғылымды болуды үш тіл арқылы білімді меңгеру, гендік теңдік сақтау, ар-ұятсыз жаның көбейуі болмайтынын ескермей, мәңгілік ел жобасын құру, дінде бес парызбен шектеліп, құдайдың ісінен, патшалық басқаруынан, таза ақылдан бас тартқызу арқылы; заңға ғана жүгінген, малдық сипатқа айналған, басқаруға оңай қоғамды құрумен шектеліп алдық.
Сондықтан мал таба білген адам баласын әулие санап, не айтаса да қол соғып, қоштап, бас шұлғып, жер тәңірісіне айналдырып алдық. Ел билеудің қай жүйесіне де мейлі дін ұстанымы болсын сын айту, сыналу деген жойылып, ата дәстүріміз құдайшылдыққа балта шабылды. ..Мұнан азаматтық мектебті қайта жасақтаумен, нақты тәжірбе мен білім, ілімді қайта сұрыптау арқылы ғана тығырықтан шыға аламыз. (Тамыз 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.