Ойға түрткі-Ақылға дем табыну туралы

Аллаға табынамын деген ұғымда-Аллаға ғашықтықтан бастап оған ұқсау, еліктеу, сондай болу деген ұғым пайда болады. Табыну-бірлену, біртұтастықта болу мақсатында болуы керек. Біз түп иеміз жаратушыға табына алмаймыз. Ондай болғанда, бізде жаратушы боламыз деген ұғым пайда болып, немесе барлық қарсылық жамандықтарына да табынуға тиісті боламыз. Сондықтан бар әлемді жаратушыға табынуда мүмкін емес. Бізге ақылымызбен қабылдауға лайық, әлем ішіндегі «ӨЗІНДІК» «Бірлік», «Мендік», махаббаттық сипаттарының көрнісі пайғамбарларға, ғұлама-даналарға, елшілерінің меңгерген ақылындарына ғана табыну арқылы біз бірге, жаннат тұрғындарына бірленіп қосыла аламыз.

Ал, «Мен» , «Маған»-деген де таза ақыл нұрының сипаты екенін білген жөн. Раббымыз; «Мұхаммед егер Алла қаласа еді, мен Құранды сендерге оқымас едім де, оны сендерге білдірмес еді. Расында мен бұдан бұрын іштеріңде өмір бойынша болдым. Сонда да түсінбейсіңдер ме?», де.» (10-16) Құран деген барлық адамзаттың рұқ пен жанының бірлігі-Мен болып және әрбір менде құдайлық нұр Мұхаммед –сүйіспеншілік-махаббатың біздердің өмірімізге жарық берітін шырақ екенін сондықтанда; «Лә илаһа илла Алла Мұхаммадур расулла» деп Аллаға сыйынып пайғамбарымызға табыну ислам діннің қазығы екенін де неге мойындамасқа?

Қазақ елінің ел билігі, дін ғаламдарның пәтуасымен әулие-әмилеріне зияраттауды, құрбан шалып артық хайыр беруді, нәпсімен соғысуды тиым салып заңмен қудалануна және құранды, дін өсиеттерін теріске алуына не себепші болды? Қарапайым ғана табыну сөзінің ұғымын теріске алған қазақ зиялы қауымның ойшылдығының көрнісі десе де болғандай Аңыз адам жорналының шілде айыныдағы №13 санды басылымының соңғы бетінде; «Әйгілі адамға табыну, сыйыну дұрыс емес» деген мақланың авторы Орлахан Сейдманов Алматы орталық мештінің найб иманы, Египет ислам университеттінің оқытушысы болып жұмыс істейтініне қарап зиялы қауым өкілдердің надандығын бағалауға болады.

Бізге табынсын, ғибраттанып үлгі алсын, деп жаратушымыз құранды түсірген Құранға өз достарының қасиетеріне, қадір кісілігіне, періштелік сипатарына табынуымыз яғни иман келтіруміз керек пе, керек. Олай болса Құраның сүрелерінің бәріне де ешқандай күмәнсіз иман келтіріп табынумыз ғибратынан үлгі алумыз керек. Онда құранда берілген сүремен көрсетілген негізгі 8-ұлы адамдардың есіміне және Мариям анамызға табынумыз да шарт. Дін адамзат үшін түсірілген Алла рұқы сөзінен ілімді амалға айналған үлгілердің насихаты болады.

Және құранда көрсетілген 25-пайғамбарларға неге біз өзіміздің сүйіспеншілігімізді арнағаннан Аллаға серік қосылған болып саналу керек. Бұлардың бәрінде сендерге табынатын яғни ғибрат алатын, шүкірлік қылылатын мысал бар, деп ашық ескертіп тұрған жоқ па аяттарында? Ал жалпы құран оқылып Аллаға мадақ айтылғаннан кейін тіптен «Бисмилламен..» басталған қандай да бір амалдың Аллаға серік қосу болып саналуы мүмкін бе? Әрине ақылмен ойлана білген қандайда бір пенденің жоқ дейітіні де сөзсіз. Мұны тәпсірлік біліммен масһаб тұрғысында ақылсыз пайымдағандар, өз ақылын қазыққа байлап қойғандарынан ғана қарсылық білдіруі де сөзсіз.

Сонымен қандайда бір болмысты сүю үшін, сол ұнаған болмысымызға табына білу керек. Өзіңе ұнаған сипаттарын айқын ажырата білу керек. Ал осындай шала ақылымызбен таза ақылдың нұры Құдайды сүйем деген бос қиял ғана. Құдайды өзіңдегі айқын болған сипатының, ақыл нұрын жинаудың дәрежесінде ғана сүйе аласың. Сондықтан мен Құдайды сүйемін дейтін болсам, өзімдегі бар даналықты, мендік құдайлық тазалық нұрды ғана сүйемін. Бәрібір бұл құдайға деген толық махаббат, танымы бола алмайды.

Сондықтан құдайды көрсеткен хикметі арқылы ғана шынайы сүйе аламыз. Ол үшінде шариғаттың базарынан өзімізге лайық жолға азығымыз қаруымызды алып тарихат, мағрипат атты Алланың кеңшілік нығметерін меңгеруге жердің бетін кезіп, жерден есік, көкке саты арқылы Раббымызға жолықтыратын хикметін іздеуіміз керек. Ал, Құдайдың хикметі кімдер арқылы көрсетіледі? Періштерлердің қанатты қанатсызын жанды жансызын қалай түсінеміз? деген сияқты жан ғылымынан хабар беретін сауалдарға масһаб білімінде неге тиянақты жауап жоқ?….(тамыз 2014 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.