Зайырлы болу ішкі сырыңды дініңді түсіну

Зайырлы- деген ұғым адамзаттың және барлық жанды жаратылыс егелерінің, адамзат қолынан пайда болған туындыларының ішкі жасырын қасиетін білдіреді. Сонымен біздер неге зайыр сөзін мемлекеттің дін ұстанымына пайдаланып, ел билігі діннен бейтарап деп түсіндіреміз? Бір нәрсені ұғыну үшін, бейтарап болмай, сол нәрсемен бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен сезінбей, оның жалпы мазмұнын, құрлымын және қозғалысын, әсер-әрекетін зайырын білу мүмкін емес.

Сонда біздің мемлекетіміздің ел билеушілерінің саясатының құпиялығы ма, әлде өздерінің ойларына шоқыну ма бұл жағдайымыз? Шоқыну дегенің өзі белгілі бір қасиетті, қуаттарды жеке ғана қарастырып, тек сол қуаттар арқылы ғана керемет боламыз деп әрекет етумен әшкере белгілі болады. Қазақ билігі байлықпен, шексіз баю арқылы алдыңғы қатарлы ел боламыз деп шоқынып кеткені сөзсіз және мұның пұты табыну құралы қолдан жазған заңдар жүйесі болып танылады. Сонда қандай зайырлық қасиеті болғаны билеуші қоғамыздың, мемлекетіміздің?

Зайырлық құдайдың еркімен адамдық құндылықтармен көрнісін таппайтын болса, онда кері ұғымда шайтандық, жындылық болып шығады. Бұл сезімдік, түйсіктік қаракеттерде зайырлық сияқты іштен пайда болама ма?

Сонымен ұлшылдар атты қауымның зайырлығы; тек қазақ деген ұлт болып, өзге ұлтсыз құдайдың жерден өндіріп берген несібесін, өз халқының арасында болу керек деп ұғындырады. Ал мұндай әділетсіздікпен және көршілермен, өзге мемлектемен бірліксіз ортақ мүдесіз керемет боламыз, деген тәкпарлық, жындылыққа шоқыну болмай ма? Әлемдегі жер бетінің тұрғындарының түгелдей көктен келетін ортақ күнің шуағына, айдың нұрына, ауаға, суға ортақтығы болғаны сияқты, жерден өндірлетін барлық қазба байлықты өз ара бөлісіп, өз ара саудамен қатынаста араласумен тапқан несбе ризықтарын бөле жеп пайдалану, кедейлерге қол созу, жоққа жердем беруде бірлікте өмір сүріп жер бетінде тыныштыққа бейбітшілік қоғамдарды құруға, өзіңдегі барыңмен бөлісіп ортақ қазанан ас ішудің қандай адамшылқақ, махаббатқа терістігі бар?.

Көрші түгіл өзге елдерден тыныштық бұзылып, аштық ауру жайласа, сонда біздер қарнымыз тоқ болып қарап отырып, бұл сынақтан құдайдың жазасынан аман қала аламыз ба? Жер әлемнің бар мүшесі Бір Алланың құзырында тұрған тұтас дене болса, онда біз бұл денеден тыс өмір сүруіміз мүмкін бе? Әлде бәріне қызмет үлестіруші жүрекке, несібесін іздеп, тауып беруші басқа айналғанымыз дұрыс болмай ма? Осындай әлемдік біртұтас дененің асқазаны болғаннан несі айып? Сол сияқты қазақ мемлекетінің бар тұрғыны осы біртұтас тәннің ағзалары емес пе? Ел билікті бұл тәннің басы болып, дұрыс қызметін атқармағанан оның орнына аяққа басқартуға бола ма? Мұнан қандай пайда бар?

Ел билігін күшпен қайта-қайта тартып алғандар, жабылып басқарандар не пайда көрді? Ал өздерін зайырлы атап, дінін жүрегін тыңдамай, тәннің барлық ағзаларын басқара білмеген, бірдей азық бере білмеген, ойсыз бас ақымақтықпен бүкіл тәнді де құртып тынады. Жүрек қана барлық тәнді тең ұстауға қызмет қылады. Жүрекке басты бағындырмау арты қасіретке соғады. Мемлекетміздің жүрегі дегеніміз қазақ ұлты болып, ал ұлтының өз азғы дәстүрінен тыйғанан қандай зайырлық шығады?

Ал дінсіз, дәстүрсіз жүрек жынды жүрек түбінде басты да ауыртып, миын аштып, тасқа соғылып быт-шыт қылуға да жүректің мәжбүрлейтінін аңғарған естіге бастың да жүректің зайырын қадірінде білген дұрыс болар еді. Махаббатты яғни барлық дененің зайырын жүректен орын алатынын, жүрек дұрыс соқса ғана махаббаттың да өз мәнінде зайырлы болуын надан ғана ұғына алмайды. Адамзаттың зайырлығы –махаббатының көрнісі.

Адамның адамдығы ақыл, ғылым деген нәрселермен өлшенеді. Ғылым, білімді махаббатпен көксеген болса ғана оның аты Адам болады. Ғылым, білім-хақиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтықпен махаббат табылады. Ал Махаббатың төлеуі тек қана махаббат болмақ. Олай болса, ел билік зайырлы яғни қайырлы қоғам құрдық деп ата-бабамыздың махаббатпен тірнектеп жинаған дәстүрін тілмен мойындап, іс жүзінде өз әулилерін соттаған деген қандай зайыр қандай қайырлық?

Біздерге аманаттап қалдырған мирастарына, қанымен, терінің төлеуіне берген жауабымыз, төлеген төлеуміз зайырлығымыздың қайыры осындай болғаны ма? Ақыл, ғылымда өзін-өзі тани білетін мінез қасиетімен тән саулығынан пайда болады. Ал мінез қасиеті мен тән саулығы ата –ана, әйел, ұстаздан болады. Сонда осындай дін қандас ағайындарымыздың ақыл саулығы (денсаулығы) естілігі кеміс болса, санасы жабық болса, ұстаздары ата-бабасының тұрмыс ұстазы аруағынан емес, онда артына ерген шайтаннан болғаны.

Сондықтан да мұндай тілі майда бірақ іші дерті ауру адам, қолы басқа бағынбай қиратуға бейім тұрады. Дені сау адам ғана жасампаздыққа, біртұтастыққа бейім жақын болады. Ал жасампаз қоғамды құдайдың қалауымен ғана құруға болады. Онда да; «Өлілер риза болмай тірлер бай бола аламайды.» Құдайда мұндай пенделерді қаламайды. Қазақ еліне келетін барлық қасірет, қияметің сөздің ойын жоғалтқан, ойсыз білімді ақылға айналдырып алудан туындайтыны да хақ. Бой түзеудің соңына түсе бермей ой түзеудің меңгерудің жолын іздейік…(тамыз 2014 жыл

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.