ҚАЗАҚ, ЕСІҢ ЖИ!? (тақырыбына естіліктен сауал)

 

Осы ширек ғасыр — 25 ішінде мемлекетті құрушы ұлт – Қазақ — мына тексіз, дінсіз, тілсіз биліктің қолындағы ойыншығы болды.

Осы уақыт аралығында біздің Қазақ қорланудың не түрін көрді, басынан кешті. Мыналар ойдан жасаған 140 ұлттың немесе 130 ұлттың ішіндегі ең сорлысы — Қазақ болды.

Қазақты мүлдем құрту үшін «үш тіл» дегенді ойлап тапты! Қазақтың жер асты, жер үсті байлығын тонап, офшорларға тықты!

Бұлар енді Қазақтың қасиетті Жерін сатпақ! Уақытша «мораторий» дегені ойыншық!

Алдау!

Көз бояу!….

… (Ж.Көкбөрі)

Біздерден сауал?

Қазақты сорлы қылған кім? Шынында дүниенің бәрін тең бөліп байлықпен өмір сүргенде қазақ иманды болып құдайға жағар ма еді? Шет елдің салтына ермей, жастарың әншіл, сауықшыл, үлкендерің нарықшыл, ақын, жазушы, үлкендерің науқаншыл, халқың бай болуға жарысып, несие алып той тойлап арсыздығын артырмай қанағатпен қарын тойғызар деп бір-бірін ағай туыстай көріп тапқанымен бөлісер ме еді? Қызын, қатынын көшеге көтін ашып жалаңаш шығармай, жандарын өлтіртпей арлы елге айналар ма еді? Жетімін тастап, нәрестесін көшеге туып лақтырып тастауда да кедейліктен шығып жатыр ма? Әлде жұмысы бар, тамағы тоқтар шетінен иманды болып азғындыққа түспей жатыр ма?

Мұндай халықтың сұранысынмен ғана өмір сүруді қалайтын, дүние ісімен ғана ойланатын; Ел билеушілер, ақсақалы азған, әй дейтін әжесі жоқ арсыз ұлттың ішінен шықпай қайдан шықты? Ақыны, жазушысы ақсақалдары ұжданды болса, құдайымыз мұны олардың жүрегіне құйып, жүректерді қосып. иманға тәубеге шақыруға құдіреті жетпеді ме? Ел билеушілердің жете, санасына да құдайдың жалпы халықтың өндірген рухани көлеңкесіне, малдарына қарай әрекет қылатыны, тағдырында солай жазатын ақыны білмесе, имамдары қалай түсінбек. Ұлттың ақыны ақылы толмаған имамнан, діншіден төмен тұрса, ол ел қалай иманды болып, сөз ұғымдарына иелік ете алады?

Ар-намысы ойын сауық, төбелес, қызықпен өлшенген елге Құдай берекетін беріп кедей байға бөлмей тыныштық сыйлайды деген тарихта болған ба? Үш тілмен жастардың ділін жоғалтып, алты жанын өсірмей азғындыққа түсуіне, тек қана ел билігі мүделі ме, әлде ана тілін сыйламақ түгіл сөйлеуге де құлқы жоқ көпшіліктің өзі ме? Жерді сатуға мүделі халықтың арасынан шыққандардың әрекеті, келісімі болмаса, азғыруға көнбесе халықтың үстінен шағын ғана топ қалай әрекет етпек? Елдің жаншырлары, білімді , зиялы аталған қауымдары ата дәстүр дініңді неге жастардың қолына беріп қойып, жастардың азғындыққа түсуіне жол бердің?

Бұлда ел билеушілердің әрекеті ме? Ата жолыңды масһабшы діншілерге, арапшылдарға әулие аруағын; Алла мен арадағы елшілерін шайтаннан болған жын, Алладан басқа ататып халықты да иландыруға өз тағдырларынан ажырауға кімдер жол берді? Ел билікке ақыл салып, қудалатып, заңмен тиым салып жетім, жесірлердің бұқара халықтың өз ара бір-біріне садақа беріп, арамнан тазарып, ата дәстүрін ұстануға өзге ұлттарды да шақырған, қазақ дәстүріне дініне мойынсұнған Құдай жолына неге қарсы болдыңдар? Неге өздерің білімдеріңді пайдаланып зерттеп, қатесін түзеп ата жолының әулиелік үлгісін көрсетіп меңгермедіңдер?

Мұндай жағдайда;Ұлттың үш байлығын меңгерген қай үлкен ақсақал, ақын жазушың бар? «Құдайсыз қурайда сынбайды» деген бабалар аманатын аяқ асты қылуға неге құштарсыңдар? Ал енді билікті ауыстырдың, аяқ астынан арсыз, имансыз көптің ішінен таңдап алғандарың құдайшыл, ұлтшыл бола қала ма? Халықтың қалаулысы болып алып, қайтадан имансыз, арсыз көптің қалауына жығала ма? Жә, енді бүгінгі құмарың,қалауың, дүниелік істің бәрін түземексің, сонда құдай көктен түсіретін, жерден шығаратын несібесін артырып халықты азаптамайды, қырғынға ұшыртпайды, деген уәдесін алдыңдар ма? Әлде дүние малы бар байлар бұндай қайғы-қасіретке ұшырмайтына, ұшырамай жатқанына дәлдерің бар ма? Қай елді төрт көзі түгел бола алған әлемде үлгі қыла аламыз?

Олай болса, ақсақалы, ақыны ұлтының ар-ұятын, ұжданын дін дәстүрін өзі сақтап халыққа әулиеліктен үлгі бола алмаса, онда өзі де соңынан ергендерді де тұңғиыққа, имансыздыққа бастайтын шайтанға айналады. Ал үлкендері өлімді, ақиретті ойламай дүние тіршіліктен жалықпай, жастары діншіл болған елдің қайғы –қасіретке, бүлікшілдікке ұшырауы да заңдылық. Ақсақалдары, үлкендері халықты иманға шақырып, өлілерін риза қылып, әулие-әмилерін куәлікке ұсынып, құдайдан сұрай білген қазақ елін, жат елдің салтымен арандатуға шақырып жүргендердің өз ұрпақтарын тегін, болашақ нәсілдерін өзі жеген хайуанға айналып жатқанында біле жүріңіздер ағайын.

Қазақ есіңді жыйу үшін Естің қайдан, қалай пайда болатынын Абайдан үйренейік. Ол үшінде артымыздағы аруағымызға, тағдырымызға ұлттық, тектік жадымызға үлкендер өзіміз жалғанып жастарға ЕСТІҢ үлгісін көрсетуге өзіміз әулиелерден батасын алып, тылсымнан келген аманаттарын орындай білейік ағайын! (тамыз 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.