Қазақ дәстүрінің масһабпен шектелуі және рухани дағдарыс нәтижесі

Ата жолының 2007 жылы бұқара халық арасында әулие аруақтарының батасымен жалғану арқылы қазақ дәстүріне де жан енген еді. Яғни қазақ ұлтының дүниемен, біліммен негізделіп қалған ойлау жүйесіне өзгеріс келген еді. Бірақ бұл ұлттық рухани ақталудан өтумен, дін исламды меңгеруге деген бұқара халықтың талабын, ел билікті масһаб діншілерінің , білімді қауымның азғыруымен зерттеліп, ақ –қарасын ажыртып халыққа білімін түсіндіру, әулиелік тақуалық үлгісін көрсету түгіл, керісінше жойып жіберуге заңдар шығарылды. Сонымен қазақ дәстүрінің мұндай әлем діндеріне ортақ болатын рухани құндылықтарын ислам дінімен тұтастығын қалыптастыру үшін, шариғат дін ісімен бірлену білім жүйесі болуы керек еді. Расында ол кезеңдерде ата жолы білімнің негізі Ясаауи бабамыздан бастау алып, Абай-Шәкәрімдер ғибратымен нәтижеленетінін түсініп, түсіндіре алатын философиялық мектебіміз қалыптаса алмағанды.

Сондықтан да ислам дін ғалымдары қазақ дәстүрінің 8-дінінің негізінен 9-шы тұрғыда «тоғыз жолдың» торабында болуды түсінетін ой қуатына жалғана аламай және ата жолы ғұрпынан намаздарын орындаудан өздері бас тартуымен қоймай, бұқара халық арасында бұл істердің ешқандай діндік құндылығы жоқ, керісінше адамзатты шайтандық жолға түсіру, жанды шерік қосып аздыру, дінде алты ауыз араздықты тудырады, деген пәтуалар шығарылып, қараусыз қалдыруға себепші болды. Сонан ата жолының бұқра халықтың арасынан шыққан қасиеттілердің, ал шынында шайтаннан болған жындылардың яғни кез келген жындылық қасиетті меңгере алған арсыз пенделердің ықпалында кетуіне себеп болды.

Тақуалықтың, шариғат ісінен тазалықтың болмауынан әулие аруағын атын жамылып, қара түнектік жартылыстан, өрістерден алған жалған батамен, ақпараттарды пайдаланып «көріпкелдердің» ата жолын жеке меншігіне қызмет қылуға айналдырып алғандары да жалған емес. Сонымен шариғат түгіл қарапайым ұяттылықты да сақтамайтын «аққу, сұңқар, көріпкел, емші» дегендерің бас-басына би болып, қазақ халқына түсірілген, бұл құдай патшалығының таза күнәлі рұқтардан ақталу, ойпаттар арқылы бойды тазартумен, ата баба жүктерін меңгерудің, үзілген тағдыр жібіне жалғанудың намаздарын терістеумен, киелі жерлерді дәретсіз, жалаңаш халықты зираттатып, ғылымның ақ бастауларын арамдаумен Құдай ісіне, жол-жобасына ібілістің ұрпақтары, шайтан жамағаттарына айналғандар тарапынан рухани тұрғыда бой киімдерін,өрістік көлеңкелерін ауыстырып, тазарып ақталуға да шектеу қойылды. Бірақ арасында аз ғана топтың ата жолының нығметін сақтап қала алғаны да хақиқат.

Сонымен қазақтың жаппай арсыздығына, біліммен ақылдың негізделуінен құтқарылыуға құдайлық ғылымнан таза оймен қуттандырып халықты, білімді қауымды рухани ұйқысынан оятатын Құдайдың жобасы, ондаған жылға кейін шегеріліп, орнына теріс оймен, ібілімтің біліміне айналып алған дін білімдерімен негізделу жаппай үдіс алып, арты бүлікке, зұлымдықтарға ұласқаны және мұндай қияметтік уақиғаның енді жалғаса беруіде хақиқаттың белгісі, қияметтік мезгіл ісі болмақ. Дінде шариғаттың ғұламлары аталып, бірақ дін өркениетіне қақпан құрған ұлттық тұрғыдағы ата бабалық жадынан жапай ажыратудың амалы, енді шариғатымыз, масһабымыздың біліміне, тұрақты түрде сенімдік амалына айналып, құдайдың хикметінсіз, көмес жолынсыз, имандық жүйелеге жалғанудан тосатын тура жолдың қисығына айналған дін исламды меншікке айналдырған Ханафилік «құдайларымыз» болып қалыптасып үлгірді.

Және олардың қазақтың басына да келген араптық көктемді, «экстремистік» бүлікшілдікті, жындылықты заң арқылы, тәпсір білімін жаппай түсіндірумен ғана шариғат ісімен халықты құтқармақ болған әрекеттері, керісінше рухани құлдырауға ұшыратып жатқанын ақылды, білімді ел билеушілері мен ел зиялылары аңғарудан да қалды. Олардың да дінде ізденулері, бес сезімді (бес чакра күндік) тазарту амалымен масһабпен шектеліп алған. Ал тарихатық, мағрипатық дін өркенеитін меңгеріп, құдайдан аян, уахи алып жанды қуттандырып, ақыл, қайратын жүрекпен басқаруды, яғни екі күнмен жалғануды, әлемдік ислам бірлігін қалыптастыруды қазақтың ата жолы дәстүрімен ғана меңгеруге болатынын түсінуден де қалған.

Қарапайым ғана інжілдік намаздарды құран арқылы орындаумен халықты күнәдан ақталып, әулие-әмилерден өтіп, ойпатардан таза ақылға жалғанумен түс көргізсе өз тағдырларына жалғанып, қазақ елінде мұндай дін топтарына бөлініп, сырттың азғыруына еруден мүлде бас тартады дегенді ойлаудан қалды. Және денсаулық байлығының да артуымен, жастардың өзіне қол салуы, шайтандық әдетке құштарлығы, тосынан келетін апат, ажалдардың да жағдайы төмендеп, халықтың ойлану қуаты артып, ақиретті өлімді ойлап рухани оянады, дінге деген талабы да дұрыс бағытта болады, деген ақылдың қуаты шенділердің жалаң бастарына енулері мүмкін емес.

Ал, енді мұндай жағдайда ұлттық даналықты, ойшылдықтың үлгісі болатын философия мектебінің ғалым, ғұламалары ата дәстүрінен абыздықтан үлгісі жоқ, жалаң біліммен шұғылданып, қазақтың ақсақалдық, бір естілік әулиелік,данышпандық үлгісін қалыптастыру керек деп санаудан қалғанды. Мұндай жағдайда дінге құштар жастар түгіл қарапайым халық алдында философ ағайындарымыз білім тұрғысында ғана әлемдік ойшылдардың сөзін алып, рухани пайымдауда құранмен жүйелемей, керісінше құранға, исламға қайшы пәтулармен, жындылық сөз айтумен ғана шектеліп, өз беделдерін мүлде жоғалтып алған. Сондықтан сөз ғылымының, қазақ ойшылдығының үлгісі болуға тиісті Ясауи жолын жалғаған; Әл –Фараби, Абай-Шәкәрім, Мәшһүр жүсіп, Жүсіп Баласұғн т,б даналарымыздың бедел, абыройы кез келген дін әулиелерінен төмен санауға, дін ғалымдарының ақылы толмаған ойсыз білімін ақыл деп түсінетін жастар болып алуына да жағдайды философ ағайындардың көмегімен атқарылғаны хақ.

Мұндай әлеуметіліктің қалыптасуынан; діншілердің дінді мешітке, масһабқа тығып ақылды шектеуімен, өздерін бұрынғы заман жақсыларын қателіксіз құлай қылып алумен, қазақ елінде рухани тұрғыда көп құдайшылдықтың, білімге заңға шоқынумен көрнісін беріп алғаны хақ. Енді масһабтың білімі арқылы, белгілі топтардың білімдік шартты ұғымынан шығармауға, өз қазағымыздың діншілері мен білімді қауымның ұлтты еркін ойлануға деген талабын шектеп, ұрлаумен жанталастырып жатқанын да аңғармау мүмкін емес. Негізінде қазақ дәстүрінде тәпсірлерді оқып меңгермей, құранды жаттап алмай-ақ, ата-баба аруақтары арқылы жанға құпия білімдерін жазып, даналар қалдырған өсиеттері, мақалдары нақылдарын меңгеруді міндетті санап, еркін ойлаумен ардан аттамай өмір сүрумен әрбір пенде өз дін-жанын сақтауды, арын таза ұстауды құдайлық таза ақылға, Құдайдың дінсіз ақ жолына шығаратын тәрбие ретінде түсініп, оның амалдарында күнделікті тұрмыстық әдебке айналдыра білген.

Сондықтан да қазақ дәстүрінде ата жолының бүгінгі таңдағы ақталу мен ата-бабаларымыздың аманаттарын орындау, естілік жадына жалғануға әулиелер аруағының батасын алу, жеке-жеке жол-жобаға жалғанудың сыры; шариғат ірге тасы болып; мүміндік, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерудің ерекешелігі болып; тарихаттық, мағрипатық тәрбиенің де амалдары дәстүр болып та бекіген. Енді әлемнің барлық білімін алған қазақ ұлты үшін, бұрынғы замандардай діннің үш қайнарын жеке-жеке меңгерудің керегі жоқ. Ойшылдықты меңгерумен, ал оның насиахаты, ұлттық үлгі әдебі тұрғысында Абай 45-сөзге және өлең насихаттарымен жан, рұқ білімін түзеп жинап берген. Ал Шәкәрім атамыз барлық құлшылық амалдарының әулиелік, тақуалық жүйесін өзі орындап, меңгерудің үлгісін, насихатын баяндап өткен.

Бірақ, ұлт әулелерін, даналарын түсініп ойшылдық мектебін қалыптастыратын үлкендер қауымы негізінде шариғатты да өздері дұрыс толық меңгере алмағандар екені хақ. Сондықтан шариғатшы парызшылар бұл жағдайды өз пайдасына шешіп, шындығында өздерінің бұл артықшылығын халық алдында көрсетіп, бұқара халық алдында өздерінің абырой беделін артырумен. бірақ тәпсірлік біліммен ғана пайымдалған қысқа ақылға, бес сезімге дінді байлап, дін ісімен ақ Алланың хикметінсіз, оғыз жолдың торабынан қуаттық жүйелрге жалғануынсыз, ғылымынсыз керемет ғұлама білгіш аталып жүр.

Абай атамыз Дін ісімен Құдай ісін айыра алмас, деп ол заманда да бүгінгідей тәпсірші, шариғатшы, парызшылардың қазақ дәстүрін бөлшектеумен айналысқанын ескертеді. Мұндай жағдай парызшылардың халықты сенімге мәжбүрлеп, иманды меңгеруге жолға шыққан құдайшылдарды қудалау Ғиса пайғамбар кезінде белең алғаны, бұл оқиғаның дәл сондай дәрежеде көктен Ғиса пайғамбардық түсумен қайталанып жатқаны да діннің сынағы. Ал бұл сынақтан шығу жолын мал табарлық ойға негізделіп алған, ел басымыздың ұстанған саясаты, нұрлы жолы керісінше ел билеушілердің де өздерін жол табарлық қасиеттеріне жалғанудан шектеп, ақылдарын жоғалтуына ғана соқтырып жатыр.

Сондықтан қарапайым бұқара халқының аз ғана тектілігінен хабары бар қауыммен, білімге дін тұрғысында сенімге ғана ақылдары негізделген, имансыз ел билігінің және олардың соңына ерген қауым мен арасында жер дауы, үш тілдің дауы, дін дауының бітіспес соғысы жүріп жатқаны сөзсіз. Қазіргі таңда сенім мен иманың еркешелгін хазірет, теолог аталған халыққа өздерін ғұлма деп атауды міндегендерде ажырата алмайды. Иманның қарсылық білім болмайтыны ал сенімнің қай заманда да қарсылықтармен бірге жүруінде де осы ерекшелікті айқындап тұр. Иман бар жерде жол табарлық қасиеттілікте өзін көрсете алады. Иман аян, уахимен тағдырдан хабар алумен ғана бейнеленеді. Және сандық аяттық тұрғыда өлшемдері болатын Раббымыздың білдіруімен ата жолы жазбаларында баяндап өттік.

Сонымен мұндай иманан хабары жоқ ел билеушілері басқарға елді мал табарлық әркетің қай салада да ұлтың әлеуметілігнен, рухани байлығынан жан ғылымынан биік бағлануы да қалыпты жағдай. Сондықтан да жер сату, үш тілмен ғылмға жапай жалғану, шариғатпен тура жолда болу, дінді заңмен басқару деген ібілістік әрекеттердің арты бір ұлттың ішіндегі топтарға бөлініп алып өз ара қатғыстарға соқтырып жатқаны да хақ. Және болашақта бұл даулардың айдан-айға ушыға беруімен бірге, құдайшылдыққа түсетін халықтың да ата дәстүрін жақтаушы топтардың қатарын толтыра беруі де хақ. Уақыт өте келе осы құдайшыл, аруақшыл қауымды қолдаған халық пен масһабшы имамдар, ғалымдар арасында шайқас басталады. Қазірдің өзінде белгісі болып жатыр. Әрине құдай құдайшылдардың қандай ісінде ар-ұятылықты сақтаған жағдайда ғана қолдайтыны хақ.

Сонымен ел билеушілердің құдайшылдарға, ата жолына, ақыл-ойдың еркіндігіне қарсылық білдірумен, көбісі тағдырынан ажырап азапқа түсіп, билік арасында әдеттегідей дүниемен байланысты жіктелу емес, енді рухани тұрғыдағы көзқарсатары да жіктеліп, бұл бүгінгі билікті құрдымға құлатпай тоқтамайды да. Бірақ бұл жағдай жалпы әлем алдында қазақ халқының беделін көтеруге жағдай жасамайды. Керісінше аз ұлттың өз ара кекшілдігіне бірі-бірі жек көріп айыптауына ғана бітіспес дауға ұласады. Мұнан шығар жолды ұлттық азаматтық мектебін және оның тәжірибелік халықтық жүйесін құру арқылы халықтың бүтіндігін, алты ауыз ұят, ынсаптылық, армен өсірген жандарының араз болмауын, алтын ғасырға көпір болып жалғануға, өздерімен күресуін қалыптастыруға болады. Әрине мұның жүйесін ата жолы жазбаларында баяндап жатырымыз. Тағы қысқаша талқылап ата жолы жазбаларымен түсіндіріп көрейік. Мүмкін ел билеуші, дінші, зиялы қауым өкілдері ой қуатын меңгеруге талпынар, ортақ бір шешемге келіп, әулиелер аруағының батасына жүгінер деген үмітіміз де бар…( жалғасы бар. Тамыз айы. 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.