Қазақтың тектілігі- ақылдың екі күні туралы бір сөз

Жас баланы кісілік таза ақылмен өсіру мүмкін бе? Жоқ әрине. Жас баламен ақылдың ойынын ойнап, шамасына қарай ғана өмірді тануға ақпарат беріп, баланың өзі еркін өсіп, біреулерден алданып, ақымақтарды алдап, өмірден тәжірибе жасап өссе ғана есті болып қалыптасады. Естіліктің де екі сипаты болуы керек.

Мұны сезімдік және қаракеттік деп атап, бір естілікті қалыптастыруға жете және сана қуатын қазақ дәстүріне, сопылықтың негізінде қалыптасқан салттық ерекшелік болмақ. Дін тәрбиесі де осы екі естіліктің төрт көздің түгелдігімен, масһабтық дін ұстанымының бес жалғандыққа яғни бес сезімдік, түйсіктік ақылға қарсылықты меңгеруге, екі естіліктің бірлігін жетелік ақылмен меңгеру болуы керек.

Қандайда бір әлемдік білімдердің жүйесі немесе тәпсірлік тұрғыда дін үгіттері болсын, осындай төрт ақылдың негізінде қана ойлау қабілетін қалыптастырады және төрт көздің түгелдігі (72:4=12) төрт мезгіл табиғаттың қуаттарымен тұтастықта өмір сүрумен негізделеді. Сондықтан 72-топтық жын қуатымен түрлі жындылық сипатта болуы заңдылық. Ал жындылықтан (сезімге негізделгенде жыннан болған шайтандық болып) адамдыққа қадам басу үшін жетелік ақылды, маңдай тағдырды меңгерумен, бастың тазалығымен інжілмен, Ғиса пайғамбарымыздың ғибратты үлгісімен күнәлі рұқымыздан ақталумен байланысты болмақ.

Бірақ бұл амалдардың, тек қана қазақ елінің дәстүрі болып қалыптасып, исламмен бірленгенін, қазақ ұлттының шығармашылық даналығында, нақылында сөз ғылымында тәлім тәрбиесі болып, масһаб білімдерінен әлде қайда жоғарғы сатыда тұрғанын аңғарудан қалғанбыз. Себебі қазіргі таңда білімді, ілімді аталған ел билеушілері, шығармашылық өкілдері, ұлттық философия мектебінің ғалымдарының өзі жетелік ақылға жалғанудан бас тартып, екі естілік тұрғысында өз ара дау -дамайда талас тартыста менікі ғана дұрыс, деген жындылық топтарға бөлініп алғанбыз. Қазақ елінде сезімдік ақылды меңгергендер діншілер болып, оның қарсылығы; әнші, өнерлілер, арсыз қыз, қатындар және еңбек етпей тек ала берсем, ештеме өндірмей-ақ ішіп жесем, деген ел тұрғындары болып, ал қаракетік ақылды меңгеруші ел билеуші, шаруашылықты жүргізуші іс басындағылар, еңбекші, жұмысшы тап өкілдері болып саналғанымен негізінде сезімдік ақылдың яғни шайтаның ықпалына ел басымыздан бастап бағынышты түрде өмір сүреміз.

Жетелі ақылға сүйенгендер ата дәстүрін, аруақтың салтын толық болмаса да ұстанып әрекет ететіндер, бұл екі топтың өкілдеріне де қарсылық білдіріп жатқандар аз ғана. Жетелі ақылдың жандық имунмен байланысты қандайда бір ұятсыздықты жаны қаламайды, қарсылық білдіреді де өзіде ұятсыз әрекеттерге көп бара бермейді. Еркектің жетелігі әйелзатының жаулықсыз, жалаңаш, көтін ашып жүруінен жиркеніп тұрады. Ал әйелдің жетелігі қарсы жыныстың ұятсыздығына ғана емес өз жынысының да мұндай әрекетінен жиркенеді қарсылық білдіреді. Жетелі әйел, еркек ата дәстүрінің қандайда бір ғибратты үлгісінен немесе шығармашылығынан жүрегі қуанып, тынышталып өзіне бір жайлықты туысытықты сезіне алады. Ата баба жадына, тарихына жалғануға құштарлығы да болады. Яғни бұл ойдың еркіндігінің белгісі болмақ.

Сонымен қазіргі таңдағы қазақ ұлтының ел билеу, дін масһабтық саясатымыз төрт ақылдың аясында, білімнің қуатымен ойдың еркін шектеумен, жасына, ақылының шамасына қарай белгілі шектің білімін тәрбиесін ғана үйретуімен ғана айналысып кеттік. Сондықтанда ел басымыздан бастап ойлану еркінен айрылып, біліммен ғана пайымдаумен біздерден сәл бір нәрсесі артық болған елдердің тәжірибесін алып, ұлттың рухани тәрбиесін де үш тілімен ғылымды, ойшыл болады деген ой жорумен ібілістің қақпанына жапай түсуге құрылған ұлттық жобамыз бар. Ой жорудың мысалы ел басымыздың «Мәңгілік ел, Нұрлы жол, Ұлт жобасы» деген жолдауларының ойшылдықпен жан, рұқ қуаттарының ғылымы, Аба-Шәкәрім, Мәшүр Жүсіп әулиелеріміздің шығармашылығы тұрғысында ешқандай да білімі жоқ, керісінше құдайдың әрекетіне қарсылық, дінді мазаққа айналдыру ғана.

Сол сияқты масһаб діншілерінің даналықты меңгерудің жолын емес, керісінше тек дін білімін, үгітін ғана меңгерсе болды имам, ғұлама, ғалым аталып және ақылы толмаған, ессіз жастарға намаз оқытып, құран жаттатып болашақ ібілістің ұрпағын ғана өсіреміз. Алланы еске алу дегенміз бүкіл жаратылыстық қуатарды қамтитын ақпараттық жүйеге, жұлдыздарға, жер рұқына жалғануды намаз оқумен, таспих тартумен қал ғылымының білімне жалғанумен ғана шектеп қойғанымызды аңғарудан қалдық. Алланың барлық қуаттық жүйесі адамзатың аруағымен бейнеленіп, әулие бабаларымыздың, аналарымыздың аруақтық тағдырына жалғанумен жандық жүйеге қандық тегімізге жалғанумен халы ғылымын меңгерумен, жардың нұрын алу арқылы ғана жетелі, бір есті болуды серік қосу, деп шайтанның жамағатына айналдыруға ғана қызмет қылып жатқанымызды аңғарудан да қалдық.

Жетелік ақыл иманың 60-бұтақты яғни алты ақылды он саулықпен көбейтумен ұжандылыққа жалғануға байланысты қалыптасатынын білетін үйрететін де ғалымды, философ, психолог маманын таба алмайсыз. Ал саналық ақылдың даналықтан да жоғары сұрған әулиелерге, пайғамбарларға, ойшылдарға тән 70-бұтақты иманмен байланысты екенін де мойындайтын дін ғұламалары да жоқ. Сондықтан да пайғамбарымыздың кезіндегі мұндай саналық ақылдың құлшылығын, сахбалардың тақуалық ісін, намаздар амалын ақылы толмаған жастарға, жас балаға тықпалап орындауға мәжбүрлеу де ақымақтықты адасуды ғана тудырады. Кәмелетік жасқа келмеген жас балаға білімді меңгеру үшін, әуелі ақылдың тәрбиесін, оның қуатына жалғанатын ғылымды үйретпей, және өмір сүруге , отанына, еліне қызмет қылуға тәлім-тәрбие бермей намаз оқытып құдайға жалбарындыруда осындай надандықтың белгісі.

Құдайын танымай, ол үшін жаратылыстың білімін меңгеріп, адамдықтың қадір қасиетін, ақылдың жағдайын түсініп, естілікке жалғанбай не үшін, не мақсатта сұрай алады? Жаратушысын танып құлшылық қылу үшінде әуелі рұқ, жан сипатарының қызметшілерін, себептерін пайда зиянын ажыратып, және жаратылыстың барлық білімін, құпия сырын меңгеру де керек. Немесе мұндай білімдерді меңгеруге шамасы жетпегенде, онда адамдық тұрғысында ақылы толып, естілікке жетіп, ата баба дәстүрінің нығметіне әрекетпен көзі жетіп, нанымы арқылы, тіршілігі арқылы құлшылық қылғаны дұрыс болмай ма?

Адамзаттың мастықтан, ессіздік шайтандықтан білімді, ұятылықтың дәржелерін сатылап меңгеріп, ынсыптылықпен байланысты да түрлі жындылық топтармен ақылы негізделіп, сынықтарға түсіп шыңдалумен, арлылықты меңгеруде тәжірибе жинап тағдырының жағдайына байланысты естілікті меңгеру жолына түседі. Сондықтанда қандайда бір жындылық топтағы пендесі, өзінен шамалы жоғарыға еліктеп, онан үйренуге тырысып тәжірибе жасап, келесі деңгейге өтіп, мұның бәрі тазалықпен, тақуалықты меңгерумен ғана байланысты болуын насихаттай да білу керек. Мұндай жағдайда ұлттық тұрғыда бір тектілік емес, жоғарғы ақылдың дәржесінде сан алуан білімдердің, қызметтердің, кәсіптердің басында тұрған адамдықтың тұлғалық үлгісі болуы керек.

Дінде де әулиеліктің белгілі бір дәрежесін меңгергендер ғана жоғарғы лауазымды орындарда адамдықтың үлгісі болуы керек. Болмаса өзі сыртын түзеп, әлемінің талғамсыз бар білімін кітабын арқалап алып, мұны ақылға айналдырып, не дәреті жоқ, жалаңаш жүріп, ұятын түгелдей алмай жүріп, намаз оқығанға мәз болып, өзін білімді дана санап, мені ғана тыңдасаң адам боласың, дегенде ақымақтарды адастыруға ғана себепші болады.

Әрбір пенденің ақыл-ойының еркіндігімен ғана өзін-өзі және жаратылыстың себептерін ақылмен танып біліп алуға жол ашылады және құдайлық таза ақылға жобасына, аяндарына жалғанып, өз тағдырын көрмей жаратушысының қалай кім арқылы жарылқай алатынын пенденің білуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда кез келген бір жындылық топтармен негізделген, белгілі бір шектердегі ақпарттарға жалғанып, өзін көріпкел санайтындардан ақыл сұрап жағалап кетуге себепші болады. Көріпкелдіктіңде әулиелік естілікпен, тақуалықпен немесе белгілі жындылық топтармен байланысты дәрежесі, сипаттары бар. Білімді ақыл, естілік тұғысында жаны жетілмей қалғандықтан жынды болса ұяты кем болғанда жынан болған шайтанды пендесіне әулиелік ақылдың керегі жоқ, оны жүрегіне сіңіріп меңгере де алмайды да.

Керісінше жүрегіндегі қарсылық шайтанға қосылып алған жыны оянып, өзі де жоламайды. Көп жағдайда мұндай ақылдан жиреніп, мұндай діннің терең сырлы астарлы аяттары насихаттары арқылы мүлде жек көргізіп жібереуге болады. Он шақты жылдан бері жазылып таратылып келе жатқан ата жолының жазбаларын аққу, сұңқар аталғандардың өзі оқуға қарсы болып, ал оқыса да түсіне алмайтын жағдайдың да осындай ата дәстүрі тұрғысындағы тақуалықтың жетілмеуінен туындайды. Естіліктің сезіммен байланысты белгісі діншілірде болса, қаракетпен малдық қуаттарды (ақ арыстық) меңгерумен байланысты қуатының дәржесі ел билеушілерде болып, ортақ шешімге, таулыққа келетін жетелік, саналық тұрғысындағы бір естілікке жалғануға ата дәстүрін ұстануға қарсылық білдірулері ғана кедергі болып тұрғаны да хақиқат.

Алайда әркім өзінің ақылының шамасына қарай, ақыл берушісін таңдайды. Бұл жалғанның яғни бес қуаттық ақылдың жүйесінің заңдылығы. Бесінші жүйеге жалғанумен ғана алтыншы тұрғыдағы жетелік ақылға ата-баба жадына жалғанудың жолы да тақуалықпен, тазалықпен дінді сопылық тұрғыда меңгеру жолына шығуымен байланысты болмақ. Сондықтан бес жалғандықты меңгеруде, белгілі бір жындылық топтармен білім тұрғысында негізделумен, адасудың, аузы күйіп ақылының негізделуінен шығуға біліммен, ілімнің сырларын түсініп, миды ашытып тырысуы да қажеттілік болмақ. Ал ақымақтардан үйренгендер қайтадан ақымақтыққа бармайды да. Мұндай жағдайда мелекеттің білім беру саясаты да ұлттық даналықтың жоғарғы дәрежесіне бейімделген саясаты азаматтық ғылым мектебі болуы шартты.

Енді білімді де зорлап, тықпалап үйретудің де пайдасы аз. Ал құлшылық тұрғысында қандайда бір Алласын тану жолына шыққан дін тобын болсын, заңмен тежеп мүлде жойып жіберуге тырысуда ақымақты көбейтуге ғана жәрдем береді. Себебі оның артында белгілі бір қара түнек күштермен негізделген жындардың тобы болып, олардың ақылға сезімдік, қаракетік тұрғыда тікелей қуат беріп, ықпал ету мүмкіндігі барын да біліп онымен заңмен, тиымен шектеу арқылы күресу деген надандық қана. Жаратушы иеміз мұндай жағдайда да бұл күштерге қарсы тұру амалын үйретіп, қазақ ата дәстүрімен аруақтардың көмегімен жүректен-жүрекке иман білімін, қуатын беруді меңгеріп, мал жанымен ақиреттік тіршілік арқылы күресудің жолын бізден бұрын аталарымыз дәлдеп қалыптастырып та кеткен.

Әулие-әмилердің, көктегі жұлдыз БІЗДЕРДІҢ жер бетіндегі аруақтары арқылы Құдайлық таза ақылға жалғануға үлгісін қалыптастырумен, жүректен-жүрекке берілетін қуаттық жүйені меңгерумен және сөздің пәтуалығы, сөз ойының, білім үнімен сәйкестігін сақтау арқылы күресе білетін, ақылдың маңыздылығын адамдық қасиет, деп білетін тектілік арқылы ғана күресу, ең тимді әрі тез орындалатын жолы болып табылады. Бірақ мұны ескеретін, жобасын жасайтын жоғарғы ақылдан хабарды дүние ісінде әулие саналған, мемлекетіміздің рухани тұрғыда емшісі, ата жолы керуеннінің көш басшысы да болуға тиісті, ел басымыздың өзі ата дәстүрін мойындауға неге қарсы деген сауал бар есті қауымның арасында. Бұл сауалға; Дүние ісін меңгергенімен, әлеуметтік тұрғыдағы халықтың рухани тұрмысын мүлде құлдыратып, қияметік мезгілге, дағдарысқа түсуге де ібілістің ең жақын көмекшілері де қазақтың ел билеушілері, ғалымдары, дін масһабшылары болады десек жалған емес.

Сондықтанда ібілістің ықпалында болғандар; қарапайым ата дәстүрін сақтап құдайшылдықты меңгеріп, құдайдың хабарынан хабар келтіріп, іс жүзінде құдайдың өзі растап жатса да, ел билеуші, білімді қауымдар түсініп қабылдауға құлықсыздық танытулары, ақылдарынан білімдері озып кетіп, жындылыққа негізделуден, деп түсіну керек. Әрбір жынды пендесіне шайтаннан серігі еріп жүретінін мұнан тек қана ата-бабаларымыздың аруақтары арқылы ғана тазарып, ақталып адамдыққа жалғануды да құранда ашық аятпен (5-68) ескерткенді. Олай болса, ата-баба салт-дәстүрін тіл, сөз тұрғысында дәріптеп, ал оның амалын орындап киесіне жалғанудан үлкендер, ел басқарушылар өзін ақылды дана санайтындар шынында қашады. Демек жанымен ұлттық жібіне жалғанып, жүрегімен түсініп қабылдай алмайды, яғни жапапй жетесіздік жайлаған елміз.

Мұндай жағдайда кім саналы деген сауалдың өзі ақымақтық және саналы тұрғысында қалдырған ата –бабалармыздың аманаты; Абай-Шәкәрім, Мәшһр Жүсіп т,б әулиелерінің шығарамшылығының ішкі сырын түсінетін жоғарғы ел тұлғаларының үлгісін болмауынан деп білген жөн. Олай болса, біз сияқтылардың төменде жүріп, жоғарыға қарап айтқан бұл сияқты сөздерміз, аруақтар аманаты да, жартасқа айғалағандай жаңғырып болып өзімізге қайтып оралуы да заңдылық. Ал тегінде иланғыштық қасиеті бар бұқара халықтың өмірге алатын үлгісі де, биікке өрмелеп шыққан, жыландар мен құзғындар болып, мұндай зұлымдыққа түскен жұртты үгіттеп, жынмен шайтаны қосылып кеткен арсыз қызу мастарға дінді түсіндіріп, айықтырамын деген де, ақымақтық қана.

Қазақ еліндегі түрлі топтарға бөлініп, ақылы толмаған жастардың мастықтың буына арыла алмай, бүлікшіл болуы да, осындай ұлттық, адамдық тұрғыда ақылдың тәрбиесін меңгеріп, ойдың еркіндігін қалыптастыра алмағандықтан құр білімге, өзгелердің тәжірибесіне заңның күшіне сүйенген саясаттан, ақылмен емес заңмен баққан дін насихатынан бірін-бірі жамандап, өзін амандап, қудалаудан туындап жатқанын да білген жөн. Мұнан шығар жол ел басшымыздан бастап, ата жолы аманаттарына мұқият болумен, өзіміздің жанымызды, рұқымыздың себепшілерін, қызметтерін танып, білімін меңгеруге, намаздық амалдарын орындаумен, Құдайлық таза ақыл, үнсіз тілі ой қуатына жалғануға жұмылуымыз керек екені де хақ. Үлкендердің ақылы толымды болып, жүрегі таза, саналық өрісімен арынан қуаты, бойы жарық сауыты болса, онда жастарға туысқандық тұрғыда жүректен-жүрекке ақылдың қуаты жалғанады. «Ақсақалы бар ауыл азбайды» деген Абай атамыз…. (Тамыз айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.