II-Дінаралық татулық – тәуелсіздіктің тірегі

Дін мен жер егіз ұғым. Адамзаттың тулуы, өлуі, ауруы, кәрілігінің жағдайы жермен қатынасына тікелей тәуелділікте болатыны да хақиқат. Сондықтанда қазақ мемлекетінің негізгі құраушы жерінің мирасы; қазақ ұлты болып саналуы шарт. Олай болса жаратушы иемізде жер бетіндегі адамзатты ұлттарға, руларға бөліп қарама-қарсылық жағдайында өмір сүріп, әр қауымның, әр халықтың өздеріне тән қарсылығын меңгеру, жақсылықпен, ізгілікте өз ара жарысумен бәсекелестігі де белгілі жердің шекарасымен, жерлік қуаттарды меңгеріп басқаруымен, екі аралық қуаттармен жалғанып, жүктеліп көктің мүліктеріне жалғанумен ғана Бір Аллаға жақындауға болатын ескертеді. Бір Алла ұғымы-барлық қозғалыстың, қуаттық жүйелердің, уақытқа, тағдырға біргіп, жаннатық тұрғыдағы сегіз жарықтық жүйемен жер бетінің тіршілгін біртұтас басқарылуда тұруын білдіреді.

Адамдық қасиеттілікті өзге жанды жаратылыс иелерінен айырмашылығыда осы үш сипатты жүйемен байланысты және кеңістікте төрт жақты, төрт көзі түгелдігімен жетілік жүйенің бірлігімен Алла тағаламыздың биіктігінде 10-санды, көлденеңінде 8-санды қуаттық жүйесімен тұтастықты меңгеруіміз шарт. Мұны 18-мың ғаламмен бірлікте болу деп түсінген жөн. Адамзатқа түсірілген өз ара татулықта бірлікте болуы үшін 8-түрлі діннің, жаннатық жарықтың негізін бүтіндікте меңгеруі шартты болмақ.

Сонымен қазақ мемлекетінің рухани жетекшісі қазақ ұлты болып, біздер өз ұлттымыздың арасында бірлік ынтымақтың үлгісін көрсету арқылы, ол үшінде ата дәстүрімізді Алланың иіріп берген жандық жібін, көркем сөзбен өрілген тегімізді алтын қазығымызға айналдыра білуіміз керек. Сонда ғана бұл құндылығымыз арқылы өзге ұлттарды, мемлекеттің барлық тұрғындарында ұйыстырып, бірлікте, татулықта өмір сүріп, әлемге ортақ жақсылық, ізігілікпен жарасуымыз да керек. Сондықтанда әлемге ортақ ұғым Адамдық қасиет болып, біздердің қандайда бір өмір сүру барысындағы әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз немесе білім, ғылымдағы, шаруашылық істеріндегі әрекеттеріміздің заманға қарай бейімдеуші салтымыздың бәрі адамдық қасиет, құндылықтарды жоғалтпауға керісінше көбейтуге, өсіруге бағытталуы керек.

Ал енді қазақ дін дәстүрінің, адамдық тегімізді сақтау, көбейтудегі ұлтттық нанымымыздың негізін Алла тағаламызға, ғылымына жалғану құлшылығын ар білімі деп атаған. Шәкәрім атамыз ар білімі арқылы ғана адамзаттың бақыттылыққа жету жолын табады деп насихаттаған екен. Егер мұны жалпы діндердің бірлігі тұрғысынан қарастырсақ; «Бұл кездегі діндердің бәрі нашар, Ешбірі түзу емес көңіл ашар.Өңкей алдау, жалғанды дінім дейді. Тексерсең, ойың түгіл жаның сасар. Әлемдегі діндердің түп мақсұты Үш нәрседе бұлжымай құшақтасар; Құдай бар, ұждан дұрыс, қиямет шын, Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар..» деген өсиетінің астарына үңіліп көрейік. Қазақ дәстүрінің барлық танымы осы үш сөзбен ар білімін меңгеріп, ғылымды болуды ескертіп тұрғаны хақиқат.

Енді Құдайдың барлығына ақылы сау пенденің сенетіні рас, бірақ оның хикметін иман-жаны тұғысында танып біліп, меңгерудің амалын, құдайшылдық намаздарын қазіргі таңда масһабшылар мен ислам топтарының жоғалтып алғаны да хақ. Себебі Құдайдың барлығын иманмен тану, меңгеруді Ғиса пайғамбарымыздың ғибаратты үлгісімен өлілермен, ақиреттің тіршілік иелермен байланысумен қазақта; «Өлі риза болмай тірі байымас», «Өліге иман тіріге береке бер» деген нақылымен байланысты. Демек әрбір пенде әке-шесесі арқылы ғана өмірге келетін болса, онда ақиреттегі ата-анасын, аруағының жанын тірілтумен, тағдырларына жалғану арқылы әлемдік уақыттан өз үлесін, имандық қуаттарына жалғанып алуға мүмкін болмақ. Сондықтан аятта; «Әрбір қауым өзін түзетпейінше, Алла оны түзетуші емес» деп ашық ескерткенді.

Қоғамның бірлігін татулығын қалыптастыру үшін сол қоғамдағы әрбір пендесі өз қауымының бірлік жүйесін, тағдыр тұтастығын меңгеруі, қалыптастыруы шарт. Демек ақиреттегі ата-аналармызбен, өлілермен байланысқа түсумен ғана біз өз қателіктерімізді түзеп, ақирттік өмірге бейімделіп өмір сүре алғанда ғана, ар біліміне сәйкес бола аламыз. Алла тағала ғылымының біздердің өміріміздегі бейнеленуі Ар қуаты болып аталады. Құдайдың барлығы Ардың адамзаттың денелік жарықтық сауыты болып қалыптасуымен байланысты. Рұқымызды күнәдан тазартып, жанымызды ақтап, ар сауытымызды кимей біздер Құдайдың барлық сипатына жалғана алмаймыз. Бірақ қазіргі таңда Құдайдың барлығына оның көрсеткен білдірген аян, уахиымен, шындықты келтіруге, көріпкелдік, әулиелік қасиеттерді меңгеруге деген ислам діншілерінің жын, шайтандық деген қарсылығымен, құдайдың ашық хикметті мұғжиларында Алладан басқа, шайтаннан болған жындардан деп түсінетін халге жеттік.

Демек хикетті білімі, аяны, уахи мен мұғжисынан белгілері танылмаса, ақылмен қабылданбаса, онда сенімде білімде болғанымен, имандылық тұрғысында Құдай жоқ, сондықтан мұндай пенденің жаны иман арқылы басқарудан қалып, ібілістің жобасы бәрінен жоғары шығып және білімге, тәпсірге айналып алған деп түсіну керек. Сондықтан төртеудің түгелдігімен, төбеден келетін білімнен бас тартуымен қазақ дәстүрінің бұл намазы жоғалған ар білімі де қалыпты және ғылымды болуы мүмкін емес. Енді екінші бірліктік жүйенің ақылдың даналығын меңгеру арқылы мәңгілік жанды өсірумен байланысты болмақ. Қазақ дәстүрінде «Өліге иман бер, тіріге берекетін бер» деген ұстаныммен, «Қызға қырық үйден тиым, ұлға отыз», «Тоғыз төре төбеден келмей, қырық қожаны қырқа асырмай текті аталмас» деген нақылмен және «Жетесізге жеті айтса да, санасызға сан айтаса да түсінбес» деген.

Ақылдың даналық сатыларын меңгеру арқылы ұжданға жалғануды, көктен хабар келтірудің намазын, құлшылығын жалпы ислам топтарында, масһабта, тарихаттарда да қаралмайтынын да білген жөн. Қазақта ежелден шариғаттың негізіндегі әдет-ғұрыптың амалдары болып, мұны кейінгі замандарда исламның намаздары арқылы орындаумен байланысты дәстүрге айналғанды. Ал ата жолындағы құдайдың барлығына, ақылдың қуатына жүгінуді де аққу, сұңқарлар аталағандар меңгере алғандары санаулы ғана. Себебі үшінші тұрғыдағы дін бірлігінің қиямет мезгілінің білімін меңгеруді ескерілмеді. Бұл үшеуін тұтастай меңгере алмаудан қазақ қана емес, әлемнің барлық исламдық топтары өз ара қайшылыққа түсіп алғандары хақ.

Енді үшінші қияметтің шын екендігі жоғарыдағы баяндалған 4-себепті; тулу, өлу, ауру, кәрілік атты қияметтік жағдайларды меңгерудің құлшылығы болып саналады. Масһабтық, дін ислам топтарында бұл білімді меңгеуді бес парызбен атап, және тек қана құранның белгілі бір аяттарымен, пайғамбарымыздың сүнеттеріне ғана сүйенгендіктен ақылдан білімді жоғары қойып, ғылымның маңызын да жоғалтып алған. Негізінде қиямет мезгілінің белгісі болып Ғиса пайғамбарымызды құранда ескерткенді. Олай болса Құдайдың барлығын, хикметтерін түсініп меңгермесе және ақылдың даналығына жалғанбаса, онда бұл білімде адасушылықтың болуы да қалыпты жағдай. Және ондай заманда жерден Мәдінің шығып, жер әлемінде бір жағдайдан келесі жағдайға өту кезеңінің, адамзаттың нәсілдік алмасу мен өз ара жалғанудың қияметі болатынын да ескертіп кеткен даналарымыз.

Бұл үш түрлі дін құшылығының әлемге ортақ негіз болып және исламның бірлігінің алтын қазығы деп білу керек. Құдайдың барлығы рухани тазарумен Ғиса пайғамбарымыздың Ахметтік елшілігімен байланысты болса, ал қияметтік мезгілдің шындығы Мұхаммед пайғамбарымыздың қорқытушы және жақсылық шапағаттарымын сүйіншілеп қуантушы Ахметтік елшілік ісімен байланысты болып табылады. Ал ақылдың даналығы тұрғысында Ұждандықты, мәңгілік жанды, мәңгілік елдік құндылықты меңгерумен ғылымға жалғанып, ғылымды болуды, бұл екі негіздің ортасын қазығын қаққан Ясауи бабамыз болып, оның білімін тарқатып, құлшылығын ата дәстүрімен негіздеп көрсеткен Абай-Шәкәрім аталарымыз болып табылады.

Пайғамбарымыздың; «Құлшылықтың ортасын ұстаныңдар» деген өсиетін назарға алсақ, барлық құлшылықтың негізі ұжданды меңгерумен, ғылымды болумен бейнеленуі керек. Қиямет мезгілінің білімін, құлшылығын меңгеріп, ұжданды бола аламасақ, онда құдайдың барлығына, хикметіне жалғанып иманды болуымыз мүмкін емес. Сол сияқты құдайдың барлығын тек інжілдік тұрғыда, қазіргі таңдағы ата жолындағы өлілермен байланыста болуымен, қияметтік қайғы-қасіретті меңгеруге ұждансыз жете алмайтымызда хақ. Ал ұждандылықты меңгеру үшінде не оңынан немесе солынан бастап меңгерудің де әлемдік діндердің ұстанымына қарай діндер бірлігін қалыптастыруға ерекешелігі бар.

Сондықтанда қазақ халқының ата дәстүрін ұмытып, ғылымынан ажырап ұждансыз, құдайдың барлығын хикметін танып, білуден ұлттық наным жүйесінен ажырап қалғандықтан, енді бұл ар білімін керісінше оңнан солға қарай арап елдеріне тән сипатпен меңгеру керек болды. Алайда масһабтық бес парыздық мектебін біздер қияметтің білімі мен құлшылығы ретінде қабылдағанмен ақылды меңгеру арқылы ғылымға яғни ғылымды даналардың насихатына жалғанып қана ұждандылықты қалыптастыру керек еді. Ол үшін жетелік ақылды меңгеріп, көңіл көзін ашуға, жүректі тазартуға тұрып, жүрек көзі ұждандылықтың сипаты арқылы ғана саналық ақылды меңгерумен Құдайдың барлығына, патшалығына еніп, тура жолда болумыз керек еді. Керісінше ақылдан масһабтық білімді жоғары деп санап, құдайдың хикметті белгілерін хабарларын шайтаннан деп елді тиыйумен ғана шектеліп алдық. Бірақ қазақ дәстүрімен ақиретті танып, өлілермен байланысып, құдайдың барлығына, хикметіне жалғанып, ұждандылықты меңгеруге қазақта талпыныс тоқтаған жоқ. Ал ұжданды меңгеру үшінде бәрбір қияметтің шындығын білімін толық меңгеруді қажет ететіні де хақ. Қандайда бір дін құлшылығы болсын білім арқылы адамдық құндылықтарды қалыптастару салты өркениеті болсын, Адамның баласы болуға яғни мәңгілік жан иесі ұжданды болу мақсатында болса ғана, әлемнің діндерінің бірлесуі болатыны да хақиқат. Бұл жүйені ғылым деп атайды.

Енді қазіргі таңда мұндай сеніміміз білімге негізделген заманда, қалайда адамзатқа ортақ құндылықтар біздің алтын қазығымыздың барлық ізгіліктерге апаратын іс шаралардың ақ бастауы болып табылатын, ар білімінің ұлттық үлгісін, ғылымның жүйесін қалыптастыру міндетті болмақ. Осындай ұлтымыздың рухани тұрғыда кемелдік үлгісі қалыптаса бастаса, онда бүкіл әлем діндерін, білімді қауымдарын өзіне қаратып адамдықты меңгерудің ғылымын қазақ ұлтынан бастауы да заңдылық болмақ. Сондықтанда ұлттық арманымыз, нұрлы жолымыз болып, мәңгілік елдің іргетесін құрайтын, және бүкіл адамзатқа ортақ болатын ақылдың әрекеті арқылы ғана меңгеруге болатын ғылымды табу жолын, ал ғылым арқылы ғана махаббатқа кенелу құлшылығының жүйесін алуымыз керек. «Білім екі түрлі болады; біріншісі діл білімі, екіншісі тіл білімі» деп ескертіпті пайғамбарымыз. Олай болса, ғылымды меңгерудің де түсінігі екі сипатты болып саналуы керек, және екеуін қатар меңгеру арқылы үшінші сипатына жалғанып бірлігін қалыптастыруда шарты болмақ.

Енді біздер құдайшыл болып, Раббымыздың нұрына жолығып бір ғылымды меңгеру үшінде; қазақ ұлты тұрғысында тіл білімін яғни әлемнің барлық тілдеріне берілген дін және дүниелік, өнермен байланысты білімдерін, түсініп меңгеруге, ақылды жетілдіру үшін, ең әуелі діл білімінің ойшылдығын меңгерген даналарымызға жүгіну міндетті болмақ. Себебі адамзатқа берілген сөздердің төркіні бір тілден, Алланың үнсіз тілінен рұқтан тараған болса да, ал оны түсінуге жанның тілін діл тұрғысында ойдың үні болып, әр ұлттқа тектілік қасиетпен білімін жүктеп; мұны Алланың иірген жібі деп ескерткен. Ал рұқтық тұрғыдағы тіл білімінің ойы жеті үнмен байланысты ортақ негізден пайда болып, оны әрбір ұлт өз таңбасымен сөз атауларына айналдырғаныда хақиқат. Сондықтан да құранның атаулар ұғымы, барлық әлем елдерінің сөз ұғымдарының ортақ жүйесінен пайда болып, арап халқына тек ұлттық тұрғыда діл білімі, тіл білім арқылы құранның құпия сырларын толық шешуге де жол жабық. Егер арап тіліне ділдік тұрғыда мұндай түсінік ашылса онда оны ібілістің қарсылыға айналдырып алуы да оңай болмақ.

Олай болса, сөзді құдайдан емес, араптан алдық, деген надандық, себебі сөзді адамзатқа ортақ түсірілген құраннан аламыз да, жеті үнімен өз ұлтымыздың ұғымына діл үнімен бейнелеп, сөз ұғымын сәйкестендіріп сандық тұрғыда өлшемін бекіту керек. Мысалға арап ұлтының ділі 143 болса қазақ ұлтының ділі 147 мен белгілі болады. Енді бұл жанның жадылық қасиетін және арыстық елшілік кітап сандық белгісімен арап ұлтының біздерден 4-ке кемідігі де қазақ сөз ұғымдарының қасиетін білдіреді. Арап ұлты орта топтық тұрғыда 3-ғылым негізінде құранды сақтап тұрумен, ал оның 4-сандық өркениеті қазақ ұлтының мирасында болуы да Алланың хикметінен екенін хақиқат.

Негізінде барлық жаратылыстың себептерін түсінігін қамтитын үш түрлі (қызыл, сары, көк) жеті үнді ой қуатын (3х7=21) меңгеруді ғылым деп атаған жөн. Ал қазақ ел билеушілерінің үш тілді тілмен білімді меңгеру арқылы ғылымды боламыз, яғни жаратылыстың барлық себебін, қасиетін, зайырын түсіне алатын адамдық (жүрек, ақыл, қайратылық) үш текке, қасиетке жалғанамыз, деген осындай Алла ғылымын ібілістің теріс ойымен жорудан пайда болғаны да хақ. Адамзаттың өмірінде, тіршілігінде рухани тұрғыда Мәшһүр Жүсіп атамыз ғылымның Халдык, Қалдық сипаты болып бейнеленуін насихаттап кетіпті. Ата жол жазбаларында адамзатың ғылым жолындағы өзін-өзі тануын; http://btk.atazholy.kz/; құлшылық-философиясы/;http://btk.atazholy.kz/адамзат-тегінің-рухани-құндылықтары/; http://btk.atazholy.kz/ойға-түрткі-ақылға-дем/; деген ата жолын сайтынан танысуға болады.

Сонымен ойшылдықтың екі білімен байланысты екі сипаты, сатысы болып, әлемдік тұрғыдағы үшінші дережесіне жалғанумен сандық білімен, құран аяттарымен әрбір заманға қарай ашылған білімнің құпияларымен де бейнеленуі керек. Ал мұндай ғылымды меңгеру үшін де жанымызға Алланың иріп берген жібіне; «жардың шашына» жалғану үшінде, ұлттық тұрғыда діл білімі арқылы сөзді адамзатқа ортақ құран үнімен тіл білімімен сәйкестендіріп түзеткен Абай атамызға жүгінсек; «…Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің. Надандық –білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде ешбір нәрсені онсыз біліп болмайды. Білімісіздік хайуандық болады. Еріншектік-күллі күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық- адам баласының дұшпаны. Адам баласы дұшпан болса, адамнан бөлінеді, жыртқыш хайуан қисабына қосылады.»

Қазіргі таңда әлемнің бүліншілікпен, дағдарысқа түсіп, құдайдан үкімделіп түрлі апатты, азапттардың себебін осы үш нәрсенің яғни түнек күштерінің ықпалы артып, рухани азығындықты жаппай әдеп, салтқа алудан десек қате емес. Бұл үшеуінің қасиетілігін, құлшылық тәрбиесін меңгере алмаудан, ғылымсыздықтан; жүректің жабылып, қатайып тасқа айналып, адамзаттың жаппай мейрімсізденіп, махаббаттың жоғалуына, онан туындайтын еріншектіктен ақылды азғындығы мен арсыздықтықа түсуге себеп болып, және арды алмай, білімді ақылға айналдырудан залымдықтың артуына, дүние табудың салтын, азған елдердің әдетімен саясатын сол қалпында алумен, қайратылықтың қалыптаспай, жындылықпен негізделіп бейнеленуін туындатқаны да хақиқат.

Мұнан қазақ елі сырттай тату, бейбіт өмір сүріп жатқандай әлемнің назарын аударып отырғанымызбен шынында әлемдік дағдарыстан, әлемдік жынданудан, адамдықты тәрк етіп, дүние қызықтарына мас болудан шет қалғанымызда жоқ. Қазақ елінде надандықта, еріншектікте, зұлымдықта күн сайын артып келе жатқаны да хақ. Оған дәлел жоғарыдағы дәлел келтірген; туылу, өлу, ауру, кәріліктің рухани құндылықтың маңыздылығы жоғалғанына, халықтың жаппай сынаққа, азаптарға ұшырауы күн санап артып келе жатқанына түрлі белгілермен ауру, азаптардың, ажалдың қияметтік белгілерінің елімізге ашық түсіп жатқаны да дәлдер жеткілікті де. Бұл жағдайды; http://btk.atazholy.kz/ел-билігі-және-экстрмизм-мен-тероризм/; http://btk.atazholy.kz/қиямет-мезгілі-рухани-сынақтар/; http://btk.atazholy.kz/қиямет-сын-сағаты-белгілері/; деген тарауларда баяндап түсіндіруге тырыстық. Сондықтан да мұндай әлемге ортақ бүлікке себептің де емінде табу міндетті болмақ.

Абай атамыз; «Бұлардың емі, халқына махаббат, халық ғаламға шапқат (әлем халқына сүйіспеншілікте, мейріммен қарау) қайратты, тұрлаулы, ғадалат (әділет) ісінің алды-артын байқарлық білім, ғылымы болсын… Ол білім, ғылымы құдаға мұқтади (құдайшылықпен) болсын. Яғни құдай тағала бұл ғаламды жаратты, ерінбеді, келісіммен, хикметпенен кәмәлатты бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңіз де бір жақсылық бинә (ізігіліктің негізінде) қылып, арқа сүйерлік шеберлікпен болсын. Және құдай тағала әрине жаратты, бір түрлі пайдалы хикметі бар. Сенің де ісіңнің бір зәрар (зиянды қарсылық) шығып кеткендей, көпке пайда боларлық бір үміті іс болсын. Бұларсыз іс емес. Бәлки бұларсыз тағат (дін құлшылығы, намазы) тағат та емес.» Олай болса, ғылымды болу дегеніміз адамдық тектілікпен, ұждандылықпен байланысты болып, оны меңгеру білімін қияметтің шындығы, құдайдың барлығы; хикметті білімі, мұғжизаларына жалғанумен де байланысты болуы шарт.

Қазақ мемлекеті ғана емес жалпы әлемнің өз ара татулықта, бірлікте болуы үшінде алдымен ғылымды білімді болуды бірінші орынға қойу керек екен. Ал енді қазақ ел билігінің де дін ұстанымының да жалпы зиялы және бұқара халқыныңда мақсаты осы емес пе?- деген сауалдың туындауы да сөзсіз. Ел билеуде ғылымды үш тіл арқылы тікелей білімді елдерден білім жинау арқылы меңгереміз десек, ал дін тұрғысында ғылым деген ақылдан жоғары тұрған, бұрынғы заман пайғамбаралары, сахабалары, әулиелерінің өсиеттерін тікелей орындау арқылы мүмкін болады, деп санайды және осындай тәпсірлік білімді меңгергендерді ғалым атаймыз да адасушылық деп тани алмаймыз. Себебі діл білімі тұрғысында Ясауи бабамызды былай қойғанда, Абай-Шәкәрімдей даналарымыздың насихатын оқып түсінуден қалғанбыз.

Мұндай жағдайда қазақ мемлекетнің ел билеу саясатында Азаматтық ғылым мектебін жаңадан құру да өте қажетті іс. Ал азаматтық ғылым мектебінің де екі түрлі білімнің негізінде тәжірибе жүзінде адамдық құндылықтарды меңгерудегі іс әрекеттерді зертеу орталығы болуы керек. Және әлемде ғана емес, қазақ ұлтының ішінде түрлі дін және саясатта жындылық топтармен бөлініп алып, өз ара маған ерсеңдер ғылымды болып бақытты өмір сүреміз дегендер арасында келсімге келу орталығы болып қалыптасуы керек. Қазіргі таңда ғылымды болудың сыры адамдық қасиетілік ұжданмен жанмен байланысты деген ұғымды қазақ арасында мүлде жоғалды деп те айта аламаймыз.

Бұл іспен негізінде философия, психология мектебінің өкілдері және шығармашыл ақын, жазушыларда да өзінше ғылымды қауымды ғалымдарды қалыптастырумен айналысып жатқаны да хақ. Дін масһабымыздың да ұяттылықты сақтау, адамдық қасиетелікіт меңгеруді дәріптеп, оған иланып құлшылық қылғанымызбен, бірақ ата дәстүрінің онан биік тұрған ғылымды меңгерудің аманаты ата жолына, құдайшылыдығына тосқауыл қойып, ақылдың замандық білімімен, шаруашылық өркениеттіпен лайықты дамуына, ұлттық діліміздің қуатануына қақпан құрумен де айналысады.

Сонымен осындай топтардың бір ғылымсыз өз ара қайшылық пәтуаларымен, талас тартысында мемлекеттің басқару жүйесі, тек қана заңның күшіне бағынып, әрекет қылумен, дүние жақсылықтары мен өз ара дүниелік байлықпен сауда-сатықпен ғана татулықтың, бірліктің негізін ұстанушы ел болып табыламыз. Мұндай жағдайда ата жолын меңгеруге тырысқан бірақ інжілдік тұрғыдағы құдайшылдықтың исламдық әлемге де тән болуға тисті намазда ортақ амалдарын орындап, ал шариғатық негіздерді меңгеру арқылы ата дәстүрімен сопылық құлшылықпен тарихаттық, мағрипаттық тұрғыда қалыптасқан ұждандылықты, жүрек көзінің ашық болуын, саналық қуатты меңгерудің жоғарғы дәрежесіне жетіп ақиқатың есігін ашудың, әлемге де ортақ болатын ар білімі үлгісін қалыптастыруға деген ел билік, білімді қауымның ықласының жоқтығынан мұндай бақтың жоғалуына да себепші болғандары хақ… (жалғасы бар 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.