«Терроризм»-бүлікшілдік деген қайдан туындайды?

«Терроризм»-бүлікшілдік деген қайдан туындайды?

Қазақ ел билігі қыруар қаражат бөліп «терроризммен», яғни бүлікшілідікпен күресуге бел байлапты. Терроризм деп — бүлік тудырушы, халық өміріне қауіп тудырушы, мемлекет меншігін, ел бірлігін, рухани өмірін бүлдірушілерді айтады.

Яғни рухани надандықтан, білімсіздіктен пікірлердің қайшылығынан, әділетсіз заңның кесірінен де, халықтың заманаға қарай қажетілігін, ел билігі қамтамасыз ете алмағандықтан пайда болатын құбылыстар. Бұндай құбылыстар тарихта болған, және тұрақты түрде адамзат өркениетінің бір сатыдан келесі сатыға өту кезеңінде үнемі қайталанатын тарихи заңдылық себепшіге де жатады.

Ал қазақ даналары бұл жағдайға; «Ілімен білім, ортасын таба алмасаң бүлін» «Бүлінген елден бүлдіргі алма»,-деп ескертіп кеткен екен. Бірақ ата жолымыз, ата дәстүріміз өзімізге жат болып, қудаланып соталып, дінішілер тарапынан әулиесін «шайтан» атап, енді ел жақсылары бұл жағдайдан шығу үшін ойына не келсе, немесе бір жат елдің таңсығын байқап қалса, соны дереу заңға, амалға айналдырып, босқа халық қазынасын шашумен ғана айналысып жатқандарын аңғарар емес.

Сонымен, бүлікті бүлікшілерді басуға, яғни өз халқын өлтіруге, қудалауға маманданып алып, енді осы тәжірибемізге өзге елге де мақтан қылып жақында «Терроризммен күрес» атты жиналыс жасап, оған қыруар қаржы да халық қалтасынан, яғни халықтың өзімен-өзі, руханиятымен соғысуға дайындық басталып кетті де. Бұған «Елу елдің ішіне кірдік» деп, руханияттан, халық денсаулығынан 97-ші орында тұрғанымызға қарамай, дақпырт мақтанға айналғасын, Алматы базарын бұрын соңды болмаған өрт апатымен сынық түсіріп, құдай ескерті де. Бұдан тағы қарапайым шаруа баққан халық қана зиян шеккені де сөзсіз.

Бүліктің өзін емес, бүліктің себебін таба алмағандықтан ел биліктің бұл күресі тағы да қан төгіс пен елге түсетін құдай сынағын, ауруларды, азаптарды еселеп артырғанан басқа түк нәтиже бермесі анық. Бүліктің, бүлікшілдіктің себебі де қандай білімді, ілімді елдер тәжірибесін, іс амалдарын алғанымызбен өзіміздегі халыққа қажет ортасын жан ғылымын жоғалтып алдық. Сондықтан, енді керісінше бүлікші кімдер?-деп ойлайсыз.

Ең басты бүліктің басында Елбасын қоссақ жаңсақ емес. Себебі, кадр таңдау мәселесінде өз уәзірлеріне сеніп, ата жолын соттатуға, дәстүріне қайшы сырттан салған іліммен, түрлі білімдердің өркендеуіне қол қойып, заң жүзінде бекітіп берді. Әлем қарап отырған, көпшілік ел билеушілері үлгі алып отырған ел басшымыз, әулиеліктің жоғарғы сапынан көрінуге тисті төреміз, рухани осалдық танытып, осындай өз халқының рухани құндылығын тәжірибе жүзінде зерттеуге тапсырма бермей, уәзірлерінің білімді, ілімділігіне сеніп, нәтижесінде осындай қайғы-қасіретке тап болдық.

Осындай жағдайда түрлі партия құрып, елді әділ басқармыз деген, және болашақ ел басқарушы да осындай ортадан немесе уәзірлер арасынан шығатын болса, онда, ондай болашақта қандай әулиеліктен, болжампаздықтан, кереметтерден үміт не пайда бар ма? Одан да осы ел басшымызды қалайда өзі сенген уәзірлерінің қателігін түзетуге шақырғанымыз да, иманға да қазақтық болмысымызға, дәстүрімізге де лайық болар еді. Бұдан қазақ елі ұтпаса ұтыла қоймас.

Сонымен, ендігі бүлік себепшілері, ол- зиялы аталған қауым мен жазушы, ақын және оның ең басынада Ғарифолла Есім сияқты «тұлғалар» тұр. Қазақ сөз ұғымдарын қайта қалыптастыру орнына, «Сөзді қазақ араппен, парсыдан ғана алған» -деген және құдайға қарсылық түрлі істерге дем беруші де осы қауым бүлікшілері. Жалаңаш, жалаңбас әулиелер мүміндерін жасап, оған исламға қарсы әрекет, гүл қою мен түрлі рухани бүлік тудыратын іс шараларды ұйымдастыртын зиялы аталған қауым өкілдері. Осындай рухани бүлікке де бірден-бір себепші тылсымнан келген ілімнің негізгі қазығы болған уахиды не өздері алмай, алған пенделердің хақиқатын тексере алмай, түрлі тарихи оқиғаларға, хақиқатың руханияттың жаңғыруына да тежеуші болып отырған ғалымдарды, тарихшыларды да осыған қосып қоюыңызға да болады.

Оған, тарихи мұралары ашылып, өздерінің бастары көтеріліп, ұрпақтарын болашаққа әулиелікке жетелеуге мүмкіндікті бермеуге, яғни тарихи шындықты ашып, қазақ елінің рухын өзге елден үстемдікке жеткізуге деген шараларды естісе де естімегендей, көрсе де көрмегендей болып, Елбасына да жалған ақпарат берумен, өз орын дәрежелерін қандай жағдайда да қорғауға тырысып жатқан әркеттері де куә. Алаш, Алтай Жүрсін, Бабыралы Бақанас, бабаларымыздың, Қазақ, Созақ, Мәлік Сыдық-Һұд, Ыбырайым, Ысқақ, Жақып, Қажы баба сияқты пайғамбарларымыздың Шыңғысхан, Абылайхан, Кенесарыхан, т,б жүздеген әулиелер мен батырлар және асыл аналарымыздың бастарын белгілеп, кесенелер тұрғызып халықты тағзым қылдырып, тарихына шежіресіне, ата-ана жадына, аруағына жалғануға ашық қарсылық білдіріп отырғаннан-ақ бүлікшілдіктің негізі қайда жатқанын надан ғана байқамас.

Осы бүліктің басына дін істерінің басшысы болған Лама Шариф мырзаға аруақтан ашық ескерту болғанымен, оның әзір құлақ асуға да құлқы жоқ. Олай болса, әлі ел биліктің талайына аруақтың ескертуін, аманатын жеткізіп, сосын олардың оларды орындаудан бас тартып, артынан азапқа, апатқа ұшырап орындарын босатуларын күтуден басқа біздерге амал жоқ. Себебі, ата жолын 4-5 пендеге бола, қазақ руханиятын соттаған үкімін ел басының өзі әлі кезге дейін сот үкімін тоқтатып, қайтарып алуға, қазақ дәстүрлі дінін ұстанушы елміз- деген ашық шешім мен заң шығаруға да батылдары жетпей отыр.

Себебі неде? Әрине себебі де бар. Бұл шешімді шығаруға да сырттан келген, іштен оған жәрдемші болған дін саласында ілімді меңгерген көптеген қауымның өкілдері барын біз бұрынан да аруақ арқылы біліп, құдай көрсеткен де. Бірақ олардың әрекеттерінің ақ қарасын ажыратуға, ата жолының Абай-Шәкәрім насихатын, қазақ діни философиясын құранның сандар теологиясымен қауыштырған ата жолындағы еңбегімізді ашық талқылауға, оқуға ел билік те зиялы қауымда құлықсыз. Себебі, ондай жағдайда өздерінің жалған білімін, осы уақытқа дейінгі халық руханиятына қарсы болған шешімдерді, заңдарды қабылданғаны халыққа әшкере жария болары да сөзсіз.

Және ондайлар тағы да өздері көлеңкеде қалып, бәрін ел басшыға арта салып, жауыз, «тиран» деген атты тағуға дайын отырғандары да хақ. Тек олардың білмейтіні Құдайдың оларды әлде қашан таңбалап және өз еріктерімен қазақ руханиятын халыққа қайтып бермесе, жеке-жеке жазалап, және халыққа да түсетін үлкен шығындармен, өлім, ажалдың қоқынышымен амал жоқ мойындамақ түгіл, қалған өмірін өкінішпен өтікізетіндерін аңғарар емес. Әрине бұл сын сағатынан аман шықса ғана.

Енді бүлікшілердің бір тобы ол қазақ намысын қорғаушы болған, бірақ әйтеуір осы ойым дұрыс- деп құдай заңына, дініне уахиына қарсы шығып, елді де арандатушылар. Бұл жолдағылар да зиялы қауым өкілдері болып табылады. Мысалға; «Тегің қазақша болмаса орысқа ұқсап кәпір болдың» деген арандатумен жан ғылымын аздырып, «Ов, Оваларын» алып тастап өз әкесімен, бабасының аруағымен құрдас болып, есімді атқа айналдырып, енді содан рухани жүктеле алмай, түрлі нәсілдердің азғындығына ұшырауға және бауыр, бүйрек ауруларының себепшісі болуға жәрдем болып, оған еліктеген миллиондаған ессіз жастар да, үлкендер де әзір ғылымын дәлелденбей немесе түрлі азаптарға ұшырап тұқымы азбай, өз бетерінен мүле қайта қоюы да екі талай.

Яғни қазақтың мұндай жағдайларды зерттеп, баға беретін философия мектебінің осындай қауқарсыздығынан барлық салада да философия ұғымының жоғалуына себеп те болды. Демек қанша бір ұлт өз тілінде сөйлегенімен сөздердің ұғымы, тазалығы қорғалмаса, бәрібір рухани азғындыққа сырттан келген барлық руханиятымызға кері әсерін беретін ақпараттарды өзінің туысындай, жақынындай жүрегімен қабылдауға себепші болары да сөзсіз.

Бұл себептерден негізде жақсы мен жаман ұғымдық философиясы да қазақта мүлде жоғалып, енді жақсы кім, әулие кім, немесе төрелік пен қожалық, кісілік, зиялылық кімде бар ол белгісіз. Ал қандай да бір халықтың жаманымен жақсысы араласып кетсе, онда нағыз бүлік те осындайдан пайда болады.

Мысалға, арап, қызылбас елдерінде жаман адамы жоқ, намаз оқыса болды әлемнен жоғары құдайға ең жақын тұрған елміз деген философиялық ұғымнан қазір арты немен аяқталып жатыр? Үлкенін де, имамын да тыңдауға құлықсыз топ дүниені қайғырып, бірін-бірі қырып жатыр.

Солардан намазды көшіріп алған біздің негізгі дінші қауым да қайсысы әулие, хазірет пе әлде имам, дін ғалымы ма әлде «намазханы» ма, қажы ма ол белгісіз. Енді дін басы болса, міндетті түрде хазірет яғни пайғамбар ізбасары болып, ал арапша сөйлей, жаза білсе дін ғалымы және барлығы да тура жолда яғни кісілігі бар әулиелер болып саналады. Масһабтан білім алса болды, қандай да жастың өмір бойы қағаз кемірген ғалымнан да өзін биік деп санап немесе имамың да түк білмейді дегендей, өзін әулиеге балап, түрлі осындай топтарға қосылып құдайдың ең жақыны екенін дәлдеуге кірісіп кетуі де сөзсіз.

Сондықтан, діндегі негізгі бүлік те осындайдан ғана пайда болады. Ғалым, хазірет, имам түгіл үлкенді сыйлау философиясы да жоғалған. Шетінен жындылар тобы, бастығы Ержан «хазіреті» мен Қайрат, Еренғайып сияқты тақуалары да. Оған дәлел мен аруақ арқылы олардың тақуалығын, жынды емес яғни тәнін толық тазарған, ешқандай рухани ауруы жоқтығын тексеріп көріп едім, біздің қарапайым шәкіртерімізден де денсаулықтары нашар. Демек тақуалығы да әулиелгі де жалған, тура жолын таба да алмаған.

Осындай жағдайдың екінші көрінісі партия қуып, түрлі жағдайда халықтың мұң мұқтажын, дүниесін түгелдеп, барлық байлық тең бөліну керек- деген ұранмен жақсының қайсысы жаманның қайсынын екенін ажырта аламаған халықты оңай көндіріп, кез келген өздерінің адамын биікке, таққа отырғызып ит құсап майлы сүйекті кеміруді аңсаушылар ғана. Осындай жағдайда қанша шаруашылықты қалпына келтірген, бұл жолда әулиелігі де болған ел басшысын қалайда мұқату, халыққа жек көрнішті етуде қандай да бір ұлттық дәстүрінің құндылығы да олар үшін кедергі болатын да сөзсіз.

Және құдайдың бұлжытпас заңдылығы ол өлімді қадірлеу. Ал өлімді де, өліктер арқылы қадірлей білген қазақ дәстүрі ғана әлемде ерекше бар діннің құндылығын сіңіре де білген. Ал мұндай жағдайда, егер халық өлімді сыйлап құдайдан қорқатын болса, мұндай тобырлардың жалған әркеттері әшкере болары сөзсіз. Сондықтан көріпкелдік, болжампаздық және халық арасынан шыққан болашақ әулиелікке, тәрбиеге, тақуалықпен жарысқа түсетін тектілердің пайда болуы, олар үшін тиімсіз. Сондықтан қандай да амалмен мұндайға жол бермеу және халықты өлімнен қорықпау арқылы шайтанға айналдырып, тек дүние қызығымен, тіршілікпен алдауды мақсат қылады.

Осындай жағдайда да Елбасына үлкен қателікті, күнәні, құдайға қарсылықты таңып қойып отырғаны да мәлім. Ол, Исматулла Мақсымның тобын және Саят Ыбырайдың дін тұрғысынан еш жазықсыз соталуы мен көптеген жастардың арандап ұзақ мерзімге түрмеге тоғытылуымен және ит құсатып өз ағайынын атып тастаған сұмдық оқиғаларға да жол берілді. Яғни намаз оқуды да тиым салып, осындай топтардың санын шектеп, өлімді еске алуды шектеумен де аяқталғанында да осындай астар жатыр.

Есесіне құдайдан өлімнен қорқу, сыйлау азайған сайын өзінің халықты азапқа салуы да үдей түсіп, таразы басын теңдестіртінін біле бермейді. Бұл шараларға қазақ әулиелігі үлгі болып, ол топтарды жұтып кетпесін дегендей, алдын ала қазақ дәстүрлі дінін, өлімді еске алудың үлгісінен бастап тақуалыққа қарай бет алған ата жолына берілген соққы болды. Мұның бәрі тарихи оқиға болып, түбі құдай ісі үстемдік құрып, ал мұндай екі жүзділер аяқ астынан өзгеріп, ең соңында ел басына жаланы да үйіп төгіп, мұндай арадағы шайтан жамағаттары тағы да халықтың қамын, мұң мұқтажын қамдағыш, дүниесін түгендегіш болып басқа сипатқа еніп алары да хақ.

Сонымен бірге «салауатты» қоғам, яғни ар ұятты намысты, саналы боламыз деп, ел биліктің бағасындай «светский» қоғам болып саналғанмен, денсаулық министірінен бастап қарапайым қазақ дәстүріне сай, ар, ұяттың салауаттың шараларын да білмейді. Олар мүлде басқа қоғамға, шет елдердің тапсырмасын орындауға, арсыз салттарын дәріптеуге міндеттеме қабылдаған сияқты. Сондықтан бүкіл денсаулық сақтау қоғамы да өздері үлгі көрсете алмағандықтан және жалаңаш, ұятсыздықты өздері де қолдап үлгі қылғандықтан, халықты рухани аздырушы бүлікшілер қатарын толықтырады. Бір ғана әйелдерге шалбар киуюге тиым салуда, ар ұят ержесін сақтауға заңмен мәжбүрлесе, халық денсаулығы бірден 30 пайызға жоғарылар да еді. Бірақ ондай жағдай кімге керек?

Осындай қазақ зиялы «светский» қоғамында жарықтың орнына, қараңғылыққа түсуге, арсыздыққа өздері үлгі өнге көрсетумен мәдениет минстірлігінің бұл саладағы бүлікшілдігін санап тауысу мүмкін емес. Мысал Қайрат Нұртастың «Ауырмайды жүрек» деген халықты жындануға шақыру деп, сын өлең жазып таратқанмен жырына кірген бір басшы да болмай, ақырында осы өлеңнен бар бүлікті, жастарға кәпір жындармен жүктеліп, аяқ астына бүлікшілерге айналғанын надандар ғана байқамайды.

Енді ел биліктің «террорист», яғни бүлікшілермен соғысамыз дегені, құдаймен оның тудыратын өрістік желмен соғысумен бірдей ұғым. Енді құдай аруақ арқылы қандай да бір ел басқарған, дінші қауымның отының басына, ұрпағына осындай желдерді енгізіп, бір түн ішінде алтын табақтан ас берген ұл-қызың таңертең желігіп бірнәрсеге барып ұрынып немесе өзіне қол жұмсамасына қандай қаражатың көмек бере алады?

Осындай тұрғыдағы аурулардың да, рухани сынақтардың да себебімен, Абай-Шәкәрім философиясына келуге 9 түрлі кітапты аруақтардың жетелуімен жазылғанмен оны талқылап, өздері де құранды, дінді, сөзді зертеп, қазақ философиясын қайта қалыптастырып біз өзге елден емес, ал әлем біздерден рухани тұрғыда үлгі алып, Елбасымызды бұл шаруасынан қолын босатып, әлемге рухани көш басшылыққа тағайындауға да мүмкіндік бар қазақ елінде.

Егер жасырын болса да, ел биліктегілер аруақпен біздер арқылы ақылдасып отырса, көптеген апаттардың, зұлымдықтардың да бүліктердің де алдын алуға қазынадан қаражат бөліп, халықтың өз қалтасына түспей-ақ орындауға, қазақ елінде мүлде қылмыстардың тамырына балта шабуға да мүмкіндік бар. Бірақ мұндай рухани тәрбиені әуелі өзі үйреніп, жастарға үлгі болатын қоғам мүшелері, зиялы қауым өкілдері өз ара күншілдік, көре алмастықпен бүлікке жәрдем беруден қолдары босай алмай жатқанда, менің бұл жан айқайымда бос әуре ме деп ойлаймын.

(Қыркүйек айы 2013 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.