I- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

Қазіргі таңда дін тұрғысындағы көркем мінезділікті Мұхаммед пайғамбарымыздың қалдырған үлгісімен түсіндіреміз. Енді тектілік тұрғысында адамазаттың мінезі барлық қасиеттердің жүйесі болып, адамдық, кісілікке негізделеді. Адамдықты меңгеру жан, мен тән негізінде болып бұл қасиетті әйел мен еркекке ортақ болып саналады. Ал кісілік еркектерге тән болып, қызды, әйелзатын кісі атау, деген дәстүрімізде болмаған, себебі кісілік жын қуатын, жындылықты еркектік малдық қуаттармен, рұқты меңгерумен байланысты болғандықтан кісі-пірлік қасиеттілік әйелдің кісілігі жетілгенде «кем-пір» деп атаған.

Қазақтың дәстүрінде тектіліктің үш сипаты болғанын да жадыңыздан шығармаңыз. Кісілік тектілікті төрелік (тоғыз төре төбеден алу), билік құрумен байланысты атаса, ал адамдықты қожалықты (қырық қожаны қырқадан асыру) меңгерумен сипаттаған. Бұл екеуінің ортасында аталық тек, деп аталғанда оны меңгергендер әулие-әмбилер, билер, абыздар, шешендер, ақындар, ұсталар т,б ерекеше қасиеттілер болып негізінде ақасақалдық жасқа жетумен, үлкендікпен байланысты АТА болудың маңыздылығы аталы сөзге тоқтаған, ата сөзін ұстағандар (діл қуатын толық меңгеру, ғылымды болу) данышпандық дәреже болып саналғанды. Сондықтан қандайда бір төреліктің, қожалықтың да әулие абыз, билерінен аталықтан жоғары қоймаған қазақ тегінің ортасы деп санаған. Шыңғысхан бабамыздың өзнің алтын ордасына ақ орданы жоғары қойғаны тарихта мәлім.

Енді қазақтың үш жүзге бөлінуінен және төре мен қожаны қазақтық тектен бөліп, аталықтан жоғарлатуға тырысудан, араға жан ғылымына қарсылақты салатын шайтанның араласуынан, деп білген жөн. Хақиқатқа жүгінсек; үш жүздіқ қасиеттердің өз ара қанмен араласуынсыз қандайда бір тектіліктің толық болуы мүмкін емес. Сондықтан да қазақта; «Үш ағашқа атын байламаған еркек еркек емес» деп атағанды. Енді мұндай тектіліктердің бұрынғы замандарда өзіндік тұқымдық, гендік ерекшелігі болса, ислам діні арқылы бір ұлттың ішіндегі түгіл бүкіл әлемнің тектерін, нәсілдерін өз ара араластырумен біртұтас адамдық қасиетті меңгеруді исламның бірлігі деп атаған жөн. Әлемнің барлық нәсілдер үніне жалғанған Мұхаммед пайғамбарымыздың жанның жеті қанатты періштелігі болмақ. Ал кісіліктің замандық қарсылыққа, білімнің қуатның артуына қарай жетіле беруіде жартылыстың бұлжымас заңы. Енді қазіргі таңдағы ислам діні тұрғысындағы түрлі пікір таластарды туындатып жүрген ұғымдардың негізіне үңіліп көріп қана бұл тектілік қасиетіліктің жүйесін бірлігін түсіндіріп көрейік.

Әрине Алла тағала тарапынан адамдықтың яғни жанның жоғарғы дәрежесімен байланысты пайғамбарлық беріліп және адамзатқа барлық діндерді үзіліссіз жалғастыру үшін бастапқы Адамдық сипатымызды яғни пайғамбаралық қасиеттерді меңгерудің маңыздылығы, сөз ұғымдарын жаратылыстың құпия, сырларын меңгеруді, шындықтың насихатын дін кітаптары тұрғысында оқуға пайғамбарларды ерекше жандық қуаттың, қанаттық белгісі негізінде жаратып отырғаны хақ. Пайғамбарлықтың еркшелік дәрежесі де жан қанатының санымен байланысты болмақ. Сонымен бірге әрбір пайғамбардың өзіне дейінгі барлық діндердің насихатын және оны меңгеруге құлшылық істерін жетілдіріп отырған елші-кісілердің істерін жалғастыруға яғни Алла тағаламен арадағы дәнекерлікті, заманға қарай аяттарын шындықтарды жеткізумен құлшылықтарын заманға қарай бейімдер отыратын елшілерін әрбір ұлттың өз ішнен ақыл-ойда озық болғандардан және тек қана еркекттерден таңдап алып, оларға имандылықтың жетілдіріп отыруға байланысты елшілікті істерді меңгеруші пір-кісі-елшілер деп атаған.

Адамдық қасиетті меңгеру пайғамбарлық болып саналғанмен, адамзат үшін сөз ұғымдарын өз бетінше дамытып, тұрақты ортасын қазығын қағып, соңғы пайғамбарымыз жанның ең жоғарғы дәржесін меңгерген Мұхаммед болып саналады. Бірақ соңғы елші кісілік емес, сондықтан елшіліктің де тұрақты жоғарғы дәрежесі болып, пайғамбарлық қасиетерді меңгеріп, кісіліктерін қалыптастыра білген артынан ерген сахабаларға жалғануды, яғни елшілікті меңгеруді; «Сахабалар жолын ұстаныңдар» деп ескерткенді. Енді қазақтың тектілігінде әйелзатының төре, қожа яғни пір, сұлтан болып аталуы да мүмкін емес. Әйелдердің «Мен қожамын, төремін» деп айтуының өзі дінге ашық қарсылық болып табылады. Бірақ төренің, қожаның, би, абыздардың т,б еркекке тән қасиеттіліктің жұбы тұрғысында кемпірі, әйелі, қызы деп атай береміз. Әйелзатын қандайда текті, тексіз еркектердің де үйдегі кеңесетін қабырғасы ақылдың даналықтың негізі деп атауға да болады.

Демек қай ұлттың да елдігі, мәңгілікке деген жобасы да әйелдермен, қан тегімен, ақылдың, естіліктің кемпірліктің дәрежесімен меңгеріп сақталуы керек. Әрине қанның мұндай ділдік қасиетін ақылмен пайымдай білгенде қожаны араптан, төрені қазақтан бөлек ру қылып қыздарын рудың ішінде ғана күйеуге беруден аталық тектің жоғалуына ұшыратуы да және адам баласы болудан әлемдік нәсілдер түгіл, өз тегі қазақ нәсілінен сөз жүзінде бас тартып, соңында пайғамбарлық қасиеттердің ажырауына ұшырағаны да хақ. Сонымен әрбір қасиеттің, тектіліктің сипатын біздер мінезі арқылы ғана байқап анықтай аламыз. Сондықтан қазіргі таңда өздерін текті төре, қожа аталғандардың кісілігі сөз жүзінде бар болғанымен, іс жүзінде көбінің пірлік-кісілгі түгіл, жандық тұрғыда адамдығы толық жетілмей қалғандары да жалған емес. Ал енді бітұтас адамның баласы болудың, яғни пайғамбаралық қасиеттерді жалғастырушы имам, дін ғалымы, масһабшылардың адамдығы толық па?- деген сауалды қойып көріңіз.

Бүгінгі және болашақ жер бетінің адамзат қауымы үшін Мұхаммед пайғамбарымыз соңғы пайғамбар болып, адамдықтың шынайы үлгісі жанның жетілген жоғарғы періштелігі болып табылады. Сондықтанда дін тұрғысында енді адамзатқа пайғамбарлықтың жоғарғы дәрежесі мен елшілігінің бірлігі болған Мұхаммед-сүйіспеншілік, жеті қанатты періштелік, махаббатылықтың үлгісі болып, оның 47-сипатты қасиетілігін меңгеруді әулиелік және аталық тек, деп атаймызда, көркем мінездің үлгісіне алуымыз керек болады. Бірақ пайғамбарлық қасиеттің 46-сандық негізі тұрақты болғанымен, ал адамазаттық кісілік тұрғысындағы БІР естелік, бір тұлғалық қасиетелгі заман өркениетімен бірге жүруге тиісті және жындық қуаттармен заманға сай жүктерді, білммен бейнеленген қарсылықтарды меңгерумен, ақылдың қуатын артырып отыруға даналықтың өркенеиетін қалыптастырып отыратын Алла тағаланың өзінің сүйген құдарына міндетейтін елшілік істерін жалғастыру да міндетті болмақ.

Сондықтанда пайғамбарлық, елшілік тектіліктердің адамзатқа ортақ үлгісі болғанымен әр ұлттың тіліне діліне сөз ғылымына қарай ғана ғылымды болудың маңызы зор. Ғылымды яғни толық арлы болмай, әр ұлттың ішінде аталық тегі жетілмейді. Ата дегеніміз сөздің атасын меңгерумен, сөз атауларының ой ұғымын астарын, нақылдарды шешендік тұрғыда жетік біліп, ақсақалдық ұждандылық, саналық дережесімен айқындалмақ. Сондықтанда қазақ халқында мейлі төре, қожа, хан, бай патша, әкім бол ақсақалдан өздерін жоғары қоймағанды. Абай атамыз; «Ақсақалды ауыл азбайды» деген. Ал қазіргі таңда ақсақалдықтың орнына білімділік, дүние ісінде біліктілік бірінші орынға шығып, онан кейін діншілдікпен мұны жастардың да тез меңгерумен енді жастарымыз үлкендерге ақыл айтып, қалай өмір сүруге жол сілтеп, бүкіл қоғам жастардың ойының дәрежесіне өмір сүру салтына көшіп алдық. Сондықтан өміріміздің қай саласын да болсын жастардың ақылымен қабылдап бағалану қалыпты жағдай. Пайғамбарымыз; «Жастық пен әйелдер мастыққа тән» деген. Үлкендерімізді былай қойғанда, ел басымыздың өзі жігітігінен айрылғысы жоқ. Олай болса қазақ қоғамы бүгінде дүние қызығымен шектелген мастықтықты бастан кешіп жатырмыз.

Енді пайғамбарлық қасиеттің тұрғысындағы көркем мінезді болуды дін масһабымыздың негізгі ұстанмы болып, ал пайғамбарамыздың елшілік істерін меңгеру барысында жоғарғы дәрежелі сопылықты меңгерген, ғылымды данышпан да болғанын естен шығарып алдық. Бұған дәлел құранда ашық аяттар бар. Ал бұл замандағы діншілеріміз бес уақыт намаз оқып, дін тәпсірін меңгеріп алса болғаны; ғалым, ғылым докторы, ғұламалар аталып, ақсақалдыққа аталыққа тән қасиетерді жастарға таңып, арты қиялы фанаттық жындылықты қалыптастыруға соқтырып жатқаны мәлім. Жастардың үлкен болуға құштар болуы, кісі болып елге ақыл айту жолының үлгісін іздеп, түрлі дін топтарымен елге ақыл беріп, үстемдік қылмақ жолында бүлікшілдерге қосылып жатқаны да ақсақалдық үлгінің аталық тектің жоғалуына болып жатыр.

Пайғамбарымыз өзінің жақын сахбаларына жұртқа ақыл айтуға, бата беріп иманға жолдарын ашуға, ақсақалдыққа, әмбилікке жеттіңдер деп сақал қойуды бұйырса, енді оған қарсылық тұрғысындағы қара сақалды жігітердің қойып алып, өздерін сахабадай сезініп, арты бүлікшілдікке қара түнек күштеріне жалғануға соқтырып жатқаны да растық. Яғни; «Сақалы бар мақалы жоқ» деп мақалды меңгеріп барып нақылға аталық қасиетке жетуін білмеуден қалдық. Текенің ғана сақалы бар ақылы аз, кез келген ешкінің соңына еріп жүре береді. Мұны діншілерде болатын қызтекелік деген Шәкәрім атамыз.

Қазақта сақалды жастардың бата беріп, иманға жол ашуға жарамайтынын дәлдейтін ақсақалдық үлгіні үлкендеріміздің мүлде тастап қойып, керісінше жалаңбас, бөріксіз, кемпірлері жаулықсыз, етексіз ал шалдарда сақал түгіл мұртта жоқ «алдаркөсеге» айналып алғандары да жеткілікті. Ақсақалы жоқ елде жастардың азуы да хақиқат. Сондықтан дін имамдарының, дінші жастардың өздерін көркем мінезді атап, ақсақалдық үлкендік жасқа жеткендей, от басын құрып, бала тәрбиелу жолында ет малын жұмсап, рухани егінін өсіріп, 40 жастан бастап толымды ақылды, бір естілікті меңгеру арқылы пайғамбарлық қасиеттерге жалғанумен ғана елшілікке жете алатынын, бүгінгі таңда сөз ұқпайтындарға түсіндіру мүмкін емес. Себебі мұндайлар өзідерін жетілген кісіге санап, тәкапарлыққа, мақтанға ақылдарын байлап, көркем мінездің кісіліксіз жасандылығына түскендіктер, ал кейбір жастарымыз дүниенің ісін тәрк еткен сопылықтың қарсылығына да түсіп алғаны хақ. Жасы мен ақылына, біліміне, естілігіне кісілік амалына сәйкес келмейтін қандайда бір мінездің жасанды екенін хақ.

Сондықтан қазақтың тектілігін, көркем мінезінің жасына, жынысына қоғамдағы орынына қарай қалыптастырып, қалай бағалауға болатын әдебін жақтырмайтындар жасанды мінез егелерінің сопылықтың халдық жағдайын түсініп ата тегіне жалғануды да терістеп, тағдырларын өз қолдарымен үзуге ібіліске қызметке тұрып алғандары да хақ. Және бұған ел билеуші, зиялы, білімді, үлкендер қауымы тарапынан да қолдау беріліп, ата заңымыздың сыртқы сипаты бар болғанымен, ішкі қасиеті мүлде жоқ десек қате емес. Олай болса, ата заңды жамылып ата текті аздыруға қызметке қойуға жол берген біздердей қауым түгелдей ібілістің ұрпағы болып саналуға да тиістіміз.

Мұндай жағдайда қан тегінің толымдылығы, діліміздің сақталмауына қарсылықты заң тұрғысында білімді меңгерумен өміріміздің салты да арсыздыққа ғана негізделіп алғанбыз. Оған мысалды ел басымыздың жолдауларының бәрі жасанды сөздерді қалыптастырумен байланысты; Нұр отан, нұрлы жол, нұрлы жер, зайырлы мемлекет, зияткерлік, масһаб тура жол-Алланың нұрлы жолы, сауаттылық, сауатты жазу, құлдық сана, мелекеттік сана т,б яғни атау сөздерді, рухани құндылықтарды белгілейтін ұғымдарды күнделікті тұрмыстағы сөздерге айналдырумен, ой үнін ұрлаумен барлығымыз да айналысып кеттік. Бұл мінезіміз, қызтекелік, шайтандыққа жатады. Сөздің тәрбиесін бақылайтын, Аталық тектің мектебі болған ойшыл-философтарымыздың өзі атасын жолын тастап қойғандары да жалған емес. Ал атаның жолы Алла мен екі арадағы Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілігіне жалғанумен, әлемдегі барлық дін істерінің тазасын меңгерумен байланысты екенін білуден де қалдық. Енді аталық тектің қалыптасу жүйесін қазақ ата жолының дәрежелерін талдап көрейік.

Мұндай елшілік істерге байланысты тектілікті меңгеруді Ахметтік деп аталған жоғарғы дәрежесін Ясауи бабамыздың қалдырған үлгісінен әмбилік болып жалғасып, Алланың әрбір заманға қарай шындығын жеткізуші құлшылық үлгісін жетілдіруші, мұғжизаларымен, хикметті білімдерін таратып, халықты күнәлі рұқынан тазартып, сауықтырушылық қасиетпен белгілі болады. Және әулие бабамыз үш тектің бірлігін қалыптастарудың толық жүйесін Алланың хикметті біліммен, ғылымды болудың құлшылығын қалағаны да хақ. Ендігі қазақтың тегі, үш ағашы шариғат, тарихат, мағрипатпен ғана жалғанып тұрғаны хақ. Сондықтан; «Үш ағашқа ат байлай алаған еркек текіт емес» деп, төрелік пен қожалықтың бірлік тегін сұлтандық деген атау ұғымы қалыптасқан еді. Олай боса қазаққа тән барлық тектіліктің жүйесін меңгеруді аталық жолын Ясауи бабымызды қазақ ұлты түгіл бүкіл түркі әлеміне де үлгі болуы да хақиқат еді.

Мұндай жағдайда көркем мінездің үлгілері де адамдық тұрғысында жоғарғы дәрежесі тұрақты болып, ал енді кісіліктік тұрғыда әрбір ұлттың тұрмыстық салтымен, ұлттық ерекшеліктерімен қазақтың әулие-әмбилері, даналары, абыздары, қожа, төрелері және ауылдың батагөй тақуа ақсақалдары болып саналатын еді де, қандай рудыңда өз әулиесі, әмби- ақсақалдары рухани өмірді, дінімізді дәстүріміздің қадағалушысы болып басқаратын елге айналғанымызда мәлім.

Бұқара халық арасындағы мұндай қасиетілікті; «Қой дейтін қожа, әй дейтін әже» деп атағанды. Олай болса көркем мінездік қазақ дәстүрінде ұлтымыздың ата дәстүрінің үлгісін меңгерген және оның халық арасында үлгісін көрсетіп, тәрбиешісі болуы да керек. Сондықтан қожаны араптан келіп, қырық қожаны қырқа асырудың, тоғыз төрелікті меңгерудің хикеметті білім көрсете білген Ясауи бабамыздан асып, қазақ дәстүрін қалыптастырды дегенде қисынсыз. Енді пайғамбаралық қасиеттерді меңгерумен, сол замандағы ислам дінін таратудағы пайғамбарымыздың елшілік істерімен байланысты көркем мінезін қалыптастара білгендерді қожалар деп атасақ, ал төрелер қазақта ежелден Ғиса пайғамбарамыздың, Дәуіт пайғамбарымыздан бері жалғасты келе жатқан мінездік қасиет болып, ислам дінімен бейнеленгенде; Сұлтандық болып аталған да еді. Енді бұл екі қасиеттік жүйені бірлеп, елшіліктің дәрежесімен қазақ, түркі тегін, төртеуін түгелдеп бірлеген Әзірет(1) Сұлтан(2) Құл қожа(3) Ахмет(4) бабамыз болды. Сондықтан тақулықпен Аллаға жақын кісілік, адамдықпен емес төре, қожа, аталық, деп бөлінудің өзі қателікпен адасушылыққа ұшыратумен ғана қазақ тарихында зұлымдықтарға соқтырып отырғаны да хақиқат. Себебі барлық адамдық, кісіліктің шегі АДАМ АТА –ға ұқсастықпен бекуі шарт.

Енді адамзаттың дүние ісіндегі өркенеиеті де бір орында тұрмайды, ілімнің де білімнің де сапасы қуаты артуымен, оған байланысты қарсылықтар мен жүктелудің және адамзаттың жындылық тұрғысында әрекеттері арта беруіде хақиқат болмақ. Мұндай жағдайда Құадйдан жол-жобасын алып, рухани тұрғыда елшілік істерді жалғастыратында даналар, әулие-әмилерді әрбір ұлттың өзінен шығарып ұлттың мінезін, ділін Раббымыз үнемі жетілдіріп отыратыны да хақ. Мұндай жағдайда жастардың ғана емес, жалпы дінді меңгеру жолына түскендердің, пайғамбарға ұқсас боламыз, деп өсиетінің сыртын алып оның халдық жағдайына жетпей, еліктеуден де қияли екі естілікті ғана қалыптасырады. Шәкәрім атамыз сезімге бейнеленеген қыз теке деген сопыларды да. Олай болса, біздер өзге замандағы бір әулиенің, жақсының немесе пайғамбарлардың кісілігін сол қалпында алуға тырысып, заманға қарай бейімдеміз, деп қяли жағдайға, фонаттық тіршілікке, жасандылық кейіпке ауысып аламыз да алтауымыз араз жанымыз жетілмей қалады.

Ал енді Алланың жібі дегеніміз біздерге жоғарғы екі қасиет тектіліктің негізінде тарихымызбен өрілген, үш қасиетілік (көру, есту, ойлау) жандық жібіміз болады. Әрбір адам баласы жандық тұрғыда, тарихтың тереңіндегі пайғамбарларға жалғанулары да мүмкін емес. Ал кісілік тұрғысында керісінше ата-бабаларына жалғанудан көрі, жардан алған жан-Мен тұрғысында пайғамбарларға, бұрынғы заман жақсыларына жалғану да оңай болып, бірақ аналық, ұлттық ділмен байланысты алты ауыз жаны жетілмей қалуымен, түбінде әулиелердің өзі жандық сират көпірінен өте алмай қалуыда заңдылық. Мұны аятта; «Елді игілікке бұйырып, өздеріңді ұмытасыңдар ма? Кітапты оқисыңдар, (аян түс көру) ойламайсыңдар ма? (жорып амал қылу)…» (2-44)

Олай болса біздер өзімізге ең жақын ұлтымыздың тарихымыздағы даналардың, әулие-әмилердің Алла достарының насихаты мен өмір тәжірибесіне кісілік үлгісіне сүйену арқылы, аянмен мирас кітаптарын оқып, амал қылумен ғана бағзы заманның жақсыларына, пайғамбараларының үлгісіне жалғана аламыз, тақуалық адамдықта ұқсатамыз да өзімізді. Ал онда бүгінгі таңда көркем мінезділіктің үлгісі қандай, кімге қалай ұқсағанда жасандылықсыз өмір сүре аламыз деген жауаптың мәнін іздеп көрсек. Әуелі мінезіміздің жаратылыстық сырына үңіліп көру де керек. Жалпы мінез ақылдан туындайды. Көркем мінезді деген аузына су толтырып алғандай үндемейтін немесе қандай қиындық азап көрседе шыдап жүре беретін есектей төзімділік емес. Мұндай жағдайда жамандықққа қарсы тұруға намыстылық мүлде жоғалады.

Көркем мінезді ең алдымен көркем сөз айта білумен, әр сөзінің пәтуасы ақылдық астарлы қуаттын нақылы мен мақалы болып және оған өзінің кісілігіне, жынысына, жасына қарай ар-намыстылық амалы сәйкес болумен өлшенуі керек. Қазіргі таңдағы мешітте отырып алып сайрап отырған жастардың сөзі керемет, ал сол айтқан сөздерінің өздері жартысыныңда амалын орындап, өмірдің ыстық суығына көніп, ет ауыртып еңбек етіп, бала өсіріп тағдырдың, үлкендіктің де сынағын көрмегендер. Үлкендіктің қандайда бір жағдайда өткен өмір тәжірибесіне сүйенумен жастардың алдын болжап ақыл беруге мүмкіндігі бар. Бұлда көрпкелдіктің бір дәржесіне жатады. Екнші дәржесі тарихты меңгерумен ата бабаларымыздың өмір тәжірибесіне үлгі алумен, ата дәстүріне мұқият болумен анықталады. Үшінші дәрежесі аруақтық белгіден, тағдырына Құдайдан жоба алумен, ал төртінші жағдайда әлемдік жолға, пайғамбарлармыздың уахиларына жалғанумен белгілі болады.

Әрине бұл қасиеттердің де кісілікті меңгерумен, үлкендікпен де байланысты болады. Сондықтан да дінші жастардың жалпы ақылдың қуатына, жанның Алланың кеңшілігінен несібе алатын көріпкелдігіне қарсы тұруының өзі, дін тәпсірін иманнан, ақылдан өмір тәжірибесінен, ұлттық тарихынан жоғары қойуынан болады. Сондықтан да мұндай жағдайда тәпсірлік біліммен ғана жүретін, кітабын арқалап алған ойлану еркіндігінен айрылған есекке айналып алуды насихаттайды да өздері де сол қылықты әдепке айналдырып, діннің белгілі салтын меңгеруді үлкендіктен ақылдан жоғары қойғандықтан, ұлттық намыстарын жоғалтып алғандары да хақ.

Ақылдың алты сипатын меңгеру арқылы ғана ойдың еркіндігін табуды, ақылдың жетелігі мен саналығы тұрғысында бағалағанда, ол үшін жеті жанды өсірумен бірге, сегіз жынды бір ақылға бағындырып, қайратты меңгере білуде керек. Яғни сегіз қырлы бір сырлы дейді. Ал ондай жеті жаны толық екі дүниенің арасында өмір сүре алатын ғылымнан кітап алған әулиелік дәрежеге жетеді. Яғни он саулықпен дәрежелеп, иманың 70-бұтақты дәрежесін меңгереді. Ондай тұлғалық үлгі бар ма қазіргі дінші қауымдарда? Әлде зиялы білімді аталған қауымның арасынан таба аламыз ба?…(жалғасы бар Қыркүйек айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.