IV- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

Ақыл азса, тән тозады, тән тозса жан жоғалады, ал жан жоғалса қиямет мезгілі басталып, әлемде бүліншілік, жұт, індет, азап, ажалдың үстемдігі мен оған қарсы құдайдың да хикметті білімі жер бетіне түсіп адамзатты құтқаруға көзі ашық, көкірегі ояулар Алланың жолында сапқа тұрады. «Көктен Ғиса түседі, жерден Мәді шығады» деген даналар. Ғиса пайғамбарымыз көркем сөздің киесі «Алланың Мәриемге жалған сөзі рұқ» деп ескерткен аяттарда. Ал көркем сөз Құдайдың нұрынан, буынан жаралған. Адам атамызды жердің барлық қуаттарының жарыққа айналған сипатынан ақ топырақ негізінен, жандық сипатта жаратқанды. Адам-Жанға көркем сөзді рұқты, яғни жаратылыстағы барлық атау сөздердің ойынан үнін беріп, жаратылыстың барлық құпия сырларын үйреткенді. Адам атамыз жаратылыстың барлық нәрселерінің, қасиеттерінің үнін тауып, оны өзіндегі ой үнмен белгілгенде жаратылыстың қасиетін сөз сөйлеу өнері діл білімі пайда болған еді. Сондықтанда барлық әлемнің түсінігі адам баласының жүрегінде болып, мұны иман қуаты, ақыл шырағы, ғылымның дәні деп атаған жөн.

Ал жаратылыстығы негізгі қуат періштелері Алланың үйреткен сөзін, тіл білімін қайталаумен ғана ерекшеленетін еді. Тіл білімін ділге айналдыруға Адамның жанын өсіріп көбейтуге, даналықты меңгеруге барлық періштелерді қызметке қойып, сәждеге жол ашқан еді. Сонымен адам баласының тәндік болмысында тіл білімнің періштелері белгілі бір тербелістік үнмен 41-сандық белгіні қуаттық жүйені қалыптастырады. Енді осындай діл қуаты мен бастапқы тіл білімін алған барлық періштелік қуатпен бейнеленгенде пайда болатын ақылдың даналығының негізінде Хау анамызды Адам атамыздан 11-санды қабырғадан жаратылғаныда да хикметті білім бар. Даналықтың рұқпен және жанмен, ділдік сипатпен байланысты екі сипаты болмақ. Әрбір адам баласында 24-қабырғадан болатын болса, онда әйелдерде 11-санды белгі даналықпен ал қалған 13-сандық белгі тіл білімін меңгерумен, яғни еркектен рұқтық қуатты алумен ғана «кемпірлік» пайда болады. Ал ер азаматтарда керісінше 13-сандық рұқтық даналық иман қуаты негізінде болып, 11-сандық ділдік білімді даналықты анадан, әйелімен неке арқылы алуы керек.

Құранда бұл қасиетілікті меңгеруді Нұр-24 (жұлдыз көру) сүресімен баяндалып, еркек әйелге ортақ құлшылықтың орт басылық танымы болып, аяттарын парыз қылғанында да хикметті білім бар. Негізінде бес парыз құлшылық арқылы нұр сүресін толық меңгерумен ғана ақылдың даналығына жалғана аламыз. Сонымен діл білімі адамзаттың ұлттық тұрғыда ана тілімен, ділімен ғана тіл білімін меңгеру арқылы қайшылықта дамып отыруды шарты да бар. Діл білімін меңгерудің де діндік жағдайы түрлі ұлттарға бөлініп, араларына жіберілген пайғамбарлар арқылы белгілі бір діннің қағидасымен, оның тіл білімін де түсіндірумен байланысты болмақ. Діл білімі жер бетінде қанша ұлттар елдер пайда болып, кейбір замандарда ұлттардың тұтас жоғалуымен де ерекешеленеді. Тұрақты діл білімнің санын 200-елдік, ұлтық тілімен өлшейміз.

Демек өмір ділмен байланысты беріледі, тағдыры да жазылады жандық, қандық тегі тұрғысында жетіледі немесе жоғалады. Ділдік тұрғыда өмір сүру, өмірге еру, өмірге-серт, ақирет өміріне салауатпен діл тегімізді сақтап тұрақтандырамыз. Сонымен ділден біздер ана тілімен үнін алып, ал тіл білімінен атау сөздерді алумен белгілі ұғымдық қасиеттік сипатта бейнелеуді көркем сөз өнері, иман мен сенімділік немесе сөз мінезі деп атаймыз. Көркем сөз өнерінің меңгеру үшінде бізге ділдік тұрғыдағы ақылымыз, тәрбиеміз жеткіліксіз болады. Және адамзатқа ортақ рұқтық сипаттағы тіл білімнің дәрежесі болып жер бетіне 8-діннің тұрақты болып түскенін де жадыңызға тоқып алаңыз.

Адамзатқа ортақ сөздің пайда болуы 8-белгіден дін, діл негіздерінен туындайды да Хау аналық даналықпен жүйелегенде 88-сандық, ұлттық ділдік сипаттағы сәруарлық, жұлдыздық қуаттарға жалғанумен, меңгеру құлшылығы пайда болады. Ал енді рұқтық, тіл білімнің сипатымен 99-көркем есімдерді меңгеруді исламның бірлігі арқылы, 9 жолдың торабында болуымен әрбір ұлттың 11-сандық (9х11=99) тәлім тәрбиесі арқылы ұлттық мінез ерекешелігі болып нәтижеленбек. Енді 88+99=187 санды аяттардың адамзатқа меңгеруге тиісті дін шектерімен, құдайшылдық тұрғысында аяттар алумен аянға жалғанумен кітап берілу, елшілік істерді жалғастыру болып баяндалады. Демек бұл пайғамбарлық қасиеттердің көркем мінезінің де ерекешелігі болуы керек. Енді бұл құлшылықтың сипатын құран арқылы дәлдерін қарастырып көрейік.

Құранда адам атымен аталған 9-сүре бар. Олай болса тоғызыншы тұрғыда Мұхаммед пайғамбарамыздың елшілік ісін меңгерумен ғана біртұтас әлемдер дінінің бірлігі ислам болып қалыптасқаны да хақиқат. Аятта; «Шынайы меңгеруші Алла әр нәрседен жоғары. Мұхаммед саған уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да:«Раббым, білімімді артыр!»,-де» (20-114) Құран арап тілінде ділдік тұрғыда санаға, көкейге салумен түсірілгенмен, оның өзге ұлттарға тіл білімі уахимен, аянмен бейнесі де Раббымыздың білімінен Мұса пайғамбарға берілгендей жанға оқылып, иман қуаты құпия білімі болып берілетін ескертеді. Раббымыздың білімі- көркем есімдері болып, осы аяттағы сандық белгілерден анықтауға болады. Құранның 114 сүресі және оның ішінен шыққан Мұса пайғамбарамызға берілген 10-кітап пен Мұхаммед пайғамбарымызға да берілген оның жұбы 10 кітаппен, яғни 10+10=20 сандық белгіні «Таһа-табандылық сипаты» деп атайды.

Бұл білімді яғни елшіліктің кітабын, Таһа сүресін Адам атамызға да берілгенін; «Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді таппадық» (20-115) Иман діл біліміне үкім болып, Адам-Жанға берілгенімен, біздердің оны ұмытуымызға шайтаның себеп болуы азғырылуымыз, күнә жасауымыз міндетті болуы да, Адам атамыздан бері сынақ болмақ. Демек көркем мінезді сабырлы және табанды болу үшінде Мұхаммед пайғамбарымыздың мирас кітабына жалғанумен, қасиеті құранның білімін де жетік меңгеру керек болады. Мұнсыз қатесіз сөйлеп сөз мінезін бұзбай сақтауда мүмкін емес. Олай болса, біздердің үлгі алуға тиісті дін ғалымдарымыз, имамдарымыз немесе ақын, жазушы үлкендеріміз, ақсақалдарымыз бұл білімді меңгерген сабырлы әрі табандылар деуге бола ма? Әрине жоқ, онда сабырлықтары да жасандылық болуы да сөзсіз, енді мұның себебі неден деп сұраңыз.

Сонымен адамзаттың жанына берілген иман дәнін жоғалтып, күнәға батудан жаратушы тарапынан уахи алып; 5-күндік жалғандықтың қарсылығын меңгерудің, ақталып, құтқарылудың елшілік ісі- Нұх пайғамбарымыздан басталғаны да хақиқат. Ғиса пайғамбарымыздың 7- дінді оқуымен, демалыс күні мейрам аталумен ашық дәлелі де бар. Ал исламның 8-діндік толықтырулармен келгені, ислам аталып бекігені 5-сүремен баяндалады. Және бес уақыт намаздың 5-ші жұма күнімен байланысты болуы, бір аптаның ішінде жұманың 8-ші жарық күні болып саналуымен, намаздардың нәтижеленіп отырылуында да хикметті білімі белгісі бар.

Негізінде 5-күн жалғандыққа қарсы Раббылық білімге жалғану қазақтың еліне берілген; 5-тәңірлік діннің, пайғамбарымызға Укаша сахабаның апарып таныстырған; «Бес таңба, Ізбөрі» кітабымен байланысты екені де хақиқат болмақ. Бұл кітаптың білімі Нұқ пайғамбарымыздан бастап жазылған және Һұд пайғамбарымыздың елшілік ісі негізінде Мәділік, Мағдилік (Мәлік Сыдық) құтқарушылықпен байланысты болады. Сондықтан қазақ дінінің «Һұд-Әділдік сипаты» болып 11-сандық белгімен құраннан орын алуында да және (11-109) аятпен қазақтың аруаққа табыну арқылы құлшылығын ашық ескертуінде де хикметті білімі бар. Бұл сүредегі Нұқ пайғамбарамыздың және оннан тараған ұрпақтарының білгі бір тармағының тарихы баяндалып және кеменің тоқтауымен байланысты елдердің негізінен; Ыбырайым, Лұт, Шұғайып, Салих, Мұса пайғамбаралардың да Һұт пайғамбардан тараған ұрпақтардың қазақ жерімен байланысты екенін және бұл жерде Ғиса, Аяп т,б пайғамбарлар туралы аяттың болмауында да қазақ тегінің негізгі жүйесімен де баяндалғаны да хақ.

Ал ислам діні 8-діннің сипатында болып, 8-сүре «Әнфал-қанаттану» яғни адам баласының жанының қанаттануы ділдік тұрғыда жетілумен байланысты және бұл сүренің тек қана араптардың дінді меңгеруде Алла жолында соғысу тарихын ғана баяндап тұрғанынан ғибрат бар. Енді 9-шы тұрғыда ғана әлемге ортақ дін қағидасының күнәдан ақталумен иманың дәнін алумен байланысты «Тәубе-бас иіу» болып сүремен баяндалады. Және бұл сүренің насихатын мұқият көңіл бөліп оқыған адам баласының арап еліндегі дін уақиғасын ғана емес, әлемге келген барлық діндердің негізгі уақиғаларын ашық баяндап көрсеткен.

Сондықтан иманың 9-сандық белгісі тәубе (бас иіу, бастың мәсіғі, ақталуы) аталып, әлемдегі әрбір жаратылған адамзаттының жүрегіндегі иман дәні болып, осы дәнді өсіру көбейтуді ділдік, ана тілдік сөз ғылымын меңгерумен байланысты екенін аятта; «Олар, Алланың нұрын (дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Аллла (Т) мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.(32) Себебі ОЛ, елшісін туралық және хақ дінімен бүкіл діндерге басым болсын деп жіберген. Егер мүшкіріктер жақтырмаса да.» (9-33) Мұхаммед пайғамбарымыз; Ол-елші-сүйіспеншілік (махаббат, мейрімділік) аталып, адамдық мейрімінің бұл сипаты әрбір пенденің жүрегінде иман дәні болып, оны көркем сөзбен, адал аспен азықтандыру арқылы бәйшешек бақшасына Алланың нұрын алумен байланысты екенін ашық ескерткен.

Енді құранда да ұлттық тұрғыдағыділ білімін меңгеру арқылы тіл білімін меңгеру үшін бастың тазалығын масіхін меңгерудің аятта; «Оған екі көз жартпадық па? (8) Әрі бір тіл, екі ерін?(9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда да ол кедергіні асуға тырыспады (11)» (90-11) Бұл аятта бастағы құлақтың неге көрсетілмейтінде де хикемтті білім бар. Қазақ даналығында; «Тоқсан ауыз сөздің тобытай түйіні бар» деп қол мен аяқтағы 8 тобық пен тізені қосаңыз осы түйіндерді шешудің екі жолы, яғни есту қасиетмен, жындық қуатпенен байланысты болып, және бәйшешек бақшасын өсірумен 11-сандық жоғарыдағы баяндалған құлшылық сырып ескертіп тұрғаны да хақ. Шәкәрім атамыз екі түрлі бәйшешек бақшасының сырын насихаттап кетіпті. Есту қасиетімен, жүректің құлақтармен де байланысты болатын иманның да екі сипатын; 9;49 сандық белгілермен ата жолы жазбаларында қайта-қайта түсіндірумен де келеміз.

Сондықтан да иман келтіру дегеніміз; тәубе арқылы барлық діндердің жүйесі, исламның бірлігі болып, Мұхаммед пайғамбарымыздың елшілік ісімен уахи, аян алуымен көркем мінезінің ғылымды болу, даналықтың жоғарғы дәрежесі данышпандық болып саналады. Мұхаммед пайғамбарымыздың миғраж оқиғасы 17-сүремен «Ісра-белгілеу» болып баяндалғаны да (8+9=17) сандық мәнімен де байланысты екені сөзсіз. Адам аталудың маңыздылығы да, тәндік тұрғыдағы жаратылыстан және тағдырмен алған күнәлік болмысымыздан ақталумен, жер ана рұқымен жалғанумен, жанымызды өсіріп, көбейтіп, күнәлі рұқымызды тазартып, иманның бақшасын егінін, малдық қуатын өсірумен ғана Алла рұқымен нұрымен дәрежелеумен, көркем сөздің қуатымен, көркем мінезді болумен бейнеленбек. Алла нұрын меңгеруді 24-сүрені (қабырға ақылды) парыз қылып, ал оның дәрежеленуін қазақта «он саулық байлық» деп атаған.

Ал он саулық байлық, пайғамбарымызға берілген 10-кітаптық сүнеттерін, Мұса пайғамбарымыздың кітабына жалғанумен, яғни Раббымыздан аян, уахимен білім алумен ғана құранды да меңгеру жолына түсеміз. Сондықтан осындай екі кедергіні меңгеру арқылы ғана яғни жаратушымыздың адамзатқа берген игілігін түсініп, меңгеру арқылы Алламыздың растығына, хақиқатына сеніп, хикметті білімін жанымызға аламыз, яғни иман келтіреміз де, өзімізді танудың арқасында ғана қатесіз, сөз атауларының ойын дәл тауып көркем сөйлеуді меңгере аламыз. Ана тілінде көркем сөз ғылымын меңгере алмағандар өзі тануы мүмкін емес. Енді өзін танымаған Алласының игіліктерінен мақұрым қалғандар, яғни имансыз, құр сенімен ғана өмір сүріп құлшылық жасаушылар болмақ. Сонымен жүрегіміздегі иман дәнімізді өсіріп, егін егумен ғана яғни ділдік тұрғыда ана тілімізді меңгерумен ақылымызды өсірумен, есті болумен ғана иманды болуымыз нәтижелі болмақ.

Сондықтанда біздер тікелей пайғамбарымызға, мирас кітабына жалғануға, бұрнығы заман сахабаларына, елшілеріне, әулие-әмилерге тікелей еліктеп намаз оқып, құлшылық жасағанмен иманды бола алмаймыз. Олардың меңгерген тіл білімі тұрғысындағы белгілі бір сенімділік біліміне қуатына ғана жалғанымыз. Пайғамбарымыздан; «Расында, Алла Тағаланың (қорында) жүз бөлік мейірім бар, солардан Жерге бір бөлігін түсірді де, оны бүкіл жындар, адамдар, хайуандар және құрт- құмырсқалардың арасында бөлді. Сол арқылы бүкіл адамдар бір-бірін аяп мейір көрсетеді және сол арқылы жабайы аң да өзінің баласын жақсы көреді. Ал қалған тоқсан тоғыз бөлігі жайлы айтатын болсақ, оны Алла Өзінің мейірімін, құлдарына Ахірет күні көрсету үшін сақтап қойды.» Аль-Бухари, Муслим.

Қазақ даналығында, «Мейір көзде» дегенді. Олай болса, біздің екі көзіміздің жұбы жүрек көзі және маңдай көзімізде бар. Бұл төрт көзіміздің түгелдігін қалыптастыру үшінде белдегі сегіз көз сүйектің тазалығы керек. «Сегіз қырлы бір сырлы» болу яғни 9-тәубемізді меңгеру үшінде сегіз жынымыздың тазалығы керек. Бұл жындық жүйеміздің тазалығы жүректегі кісілігімізбен, иман дәнінің жағдайымен ғана нәтижеленеді. Сондықтанда көкем мінезді меңгеріп; толық иман келтіру үшін, жанамазға құпия білім жазуға да алдымен өзімізге жаратушымыздан жанымызбен бірге сыйға берілген, тәнімізге себілген иман дәнін ақылмен, көркем сөзбен суғарып діл бақшасын өсірумен оған Алладан нұр аламыз.

Ғиса пайғамбарамыз; «Кімде иман жемісі болса, оған соншалықты беріледі, ал кімде жоқ болса онан соншалықты алынады» деп ескерткен екен. Олай болса, қазақ дәстүрінде; «Өлі риза болмай, тірі байымас», «Өліге иман тіріге берекет бер» деген нақылында Алламыздың біздерге деген игілігінің ақиреттік өмір арқылы, өмірден өткен ата-аналарымыздың ризашылығымен, жаннатық болған Алланың сүйікті құлдарымен туысқандық қарым-қатынаста болумен ғана шапағатына жете аламыз, рахметіне жалғанамыз…(жалғасы бар Қазан айы)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.