Дін министірі Нұрлан Байзақ ұлына аруақтар аманаты!

Қырғидың қырқасын қаужасын! Елірмеге салмасын! Ер төстікке шалқайсын! Ырым-жырымға батпасын! Көздегенге түспесін! Абырой атағын алға қоймасын! Маңыздылықты жоймасын! Үркерге барып жалғансын! Ақ иық ақын Сүйінбайдан қолдау сұрасын! Ретімен келер бәріде, мінәжатын тостырмасын! Алғанын тауыспасын! 7-үнге құлақ салсын! Дәретін нықтасын! Алғыны шоқтасын! Және де біздерге Мұса пайғамбарымыздың уахимен білдірген; Дін-саулық-сауап деген сөз ұғымын шешіп, дін басқару ісінде басты бағыт қылып ұстанған да абзал болар.

«Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Жүрегі-айна, көңілі-ояу, Сөз тыңдамас ол баяу, Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?..» Абай атамыз айтқандай, мұндай қазақ әулиелері меңгерген қарапайым сөздерді шемішкіше шағатын қазақтың талапты философия мектебінің өкілдерін былай қойғанда, жүректері-айна, көңілдері ояу дін ғалымдары, доқтырлары, теологтары халықтың ортақ несібесінен ризығын айырып отырғандар да жеткілікті болар. Сондықтан да сөз өнерінің киесі аруақтары өзінде таяу жеті қадамда қарап тұратын дін сөз мамандарына біздің тәпіштеп түсіндіріп жүргенімізде арға нұқсан болар. Дұрысы құдайдың жақыны тура жолда жүргендер, ұжданды муфтият имамдары шешіп құлшылықтың орындау намаздарын өздері де дұрыстар деп, «жын-шайтанды, әбілет басқан елірме» біздерге, ата жолдықтарға да ата дәстүрінің үлгісін көрсетеді деп сенім білдіреміз.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.