V- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Жүрегі-айна, көңілі-ояу, Сөз тыңдамас ол баяу, Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?..» Абай атамыз адамзаттың өнерінің шыңы талаптылықпен көкірегі ояулық, яғни сөз ұғарлық қасиетінің ерекшелік мінезі болуын ескертеді. Мұндай көркем мінез болмағанда; «Әбілет басқан елер ме, Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген білген ез? «Айтшы-айтшылап» жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез.Ал ендігі бүгінгі таңда әбілет(жын) мінбеген, қазақта білімді, ел билеуші, діншілерді, ғалымдарды, кез келген ұғымы басқа сөзге еліріп, білгішсінбейтінін көре алмасың да. Мұндай елірмелікті, күнде ақпараттық орындардан, дін уағыздарынан (арсыздықты) ит мінезділікті көруге де болады.

Құдайшыл болмай, құдайдан қорқып, көрсеткен білдірген белгілерін, аян, уахиларына қарап амал қылмай, жындылықпен, заманың жақсысына күйлеген елірмеліктен құтылу да мүмкін емес. Ал құдайшылдықтың толық қағидасын қазақ дәстүрінен аталар жолдарымен, ар білімімен дінді аруақтық салтымен жүрумен ғана меңгеруге болады. Енді құдайшыл қазақ ұғымында алты жанның ана тілімен, ата сөзімен ғана өз ойының үнін тапқанда ғана бірлігі сақталатын дәмдік (сезімдік) қуаттардың жетілумен, көбейуімен байланысты болатын құдайшыл болудың сипатын; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деп білген. Сөздің дәмін келтіріп сөйлемек үшінде, ана тіліне деген құрмет сүйіспеншілік, құдайшылдық болуы шарт.

Ал мұндай ана тілі, діліне сәйкес білімін, құдайшылдық көркем мінезді, яғни махаббаттың сипатын; Төртеуімізді түгелдемей, төбеден иман, білімін алмай, рухани қуттылықты меңгермей бәрбір қатесіз сөйлеуде мүмкін емес. Төртеудің түгелдігін құранда 4-сүремен «Ниса-сипаттау, үғыну» деп атаған. Аяттта; «…Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден жаратқан және одан оның жұбайын жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді тарқатқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы өз ара сұрасқан Алладан және туыстардан безуден сақтаныңдар. Шәксіз Алла (Т) сендерді бақылаушы.» (4-1)

Енді біздердің адам баласы тұрғысындағы барлық жер бетіндегі тірі және өлілер қауымы арқылы біртұтас туыстық жібімізді жалғап тұратын құдайлық сипаттағы жаратылыс кісілігімізді қазақта; әруақ, аруақ деп атаған. Аруақар тазалығы, ұждандылықты білдірсе; Әруақ-аянға жүгіну, құпия тылсым, хикмет, нұр деген ұғымды береді. Аруақтық сипатта жанмен, Хау анамызбен, елдігімізбен байланысты, ал әруақтық сипатта рұқпен, інжілмен, Ғиса пайғамбарымыздың күнәдан ақталу істермен жалғанумен байланысты аталық тек деп түсінген абзал. Біздердің Құдайлық негіздегі 41-қауымдық періштелігіміз, Раббымыздан алған барлық қуаттарымыздың екі қолымыздың әрекеті, өнер арқылы өрістік тұрғыдағы өніміміз- «қол баламыз», қанатты періштелік аруағымыз болып қалыптасады.

Бұндай Құдаймен екі аралық дәнекерлік байланысты құранда Лат, Ғұзза періштелері және ірі белгі деп ескерткен. Діншілер ұғымында Алла тарпынан біздердің тағдырымызды жазушы күзетші періштелер деп түсіндереді. Сондықтан намаз оқу барысында екі жағымызға «Ассалаумағалейкум Рахметулла» деп ақиретке және құдайымызға, Раббымызға сәлем жолдаймыз. Енді Мұхаммед пайғамбарымызды адамзатқа «Рахмет түрінде жібердім» деген аяттың ұғымын ақылға алсақ, пайғамбарлық шапағатшылық жүйесінің аруақтар әлемі екеніне иман келтіреміз. Сонымен бірге екі қол тағдырымыз аруғымызға бой өрісіміз, жеті күн қуат көздерміз арқылы жанның бақшасының өнімдерін де қоса білу де керек. Олай болса, адам баласында 7-жан (7-қанат) негізінде 5 қуаттық жүйені өнер, білімен меңгерумен (5х7=35; 41-35=6) есептік жүйені ақылмен меңгеруді; «Бес бересің алты аласың бар ма?» десе Шәкәрім атамыз; «…Бес түгіл риза болмай алтыға да» деп астарлаған.

Біздердің жанымыздың алты түрлі жаратылыстық қуаттармен жалғанып, ақыл күшін меңгеру де керек. Ал бұл қасиетті өз отанымызбен, табиғатпен және ақиреттік өмірмен тұтастықта, бірлікте болумен ғана меңгере алатынымызды; «Ойға түрткі ақылға дем» атты жазбада баяндадық. Қазақ даналығында; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген құдайшылдық дәстүріміздің негізі болғанды. Ал енді бүгінгі таңда араптық, қызылбастық салттың негізінде бұл ұлттық мінезімізді бес парызбен қажылыққа барып алтыншы тұрғыда жер ана кіндігіне жалғанумен алтауымызды яғни ақыл күшін түгелдеген болып саналамыз. Бірақ бесінші сипатта қажылық емес, хаж амалдарын жылда «григоряндық» күнтізбемен ғана әрбір қасиетті төрт айда міндетті орындап отыруды аталар жолын; серік қосу деген діншілердің ібілістің жолын дәріптеп кеткенін аңғарудан қалғанбыз да, күнде намаз оқу барысында екі жағымызға тағдыр жазушы періштеміз Алланың шындық ғылымының бейнесі аруағымызға сәлем жолдап, бірақ мұнан тараған ата-бабаларымыздың аруақтық, әруақтық тағдыр, шежіре қуаттық жүйе жаратылысымызды да «Алладан басқа» яғни шайтаннан болған жындарға теңейміз.

Мұндай арсыздық салттың кесірінен де, әлемде бүліктің артуына жындардан болған жүктердің тазармауына да соқтырғаны хақиқат. Мұндай жағдайда білімнің құндылығына сеніп, заманға сай құдайдың берілген жобасымен ой үнін тазартып, електен өткізе білу намазының құдайшылдығы жоғалып, табынатын құдайымыз білім болып алуы да ібілістің жобасынан болмақ. Сонымен әулиеліктің, кісіліктің орнына жалған көркем мінезділіктің жүйесін дәріптеп, яғни білімділікпен белгілі бір сауапты істермен, құлшылықтарды меңгерумен ақылды қазыққа байлап қойудың қалыптасуы да заңдылық. Қазақ елінде үлкендік, ақсақалдықпен ғана байланысты ғылымды меңгеру, иманның жоғарғы дәрежесіне жетудің маңыздылығы жоғалып, енді мұндай «кісілеріміз» білімді жастардың жоғарғы ақыл беретін орындарға таласып меңгерумен, барлық рухани әлеуметілігіміз дүниенің жетістігімен ғана өлшенетін жалған көркем мінезді тауып алдық.

Сондықтанда ендігі жоғарғы дәрежелі имамдарымыз, дін ғалымдарымыздан, ел билеушілерден құдайшылдық негізі; аруақтық тағдырға жалғану әрекетін терістеп, халыққа да бұл «шерік қосумен» яғни әбілет басып, елірмелікке, жындылыққа түсу деген түсінікті де қалыптастырып үлгіргендері де жалған емес. Олай болса, пайғамбарлық 46-санды қасиеттерді меңгеруді де жоғалтып алдық. Білімді жастар көркем мінезділікті төзімділік, шыдамдылық деп, және үндемей жүріп мешіттерге жиналып алып, намаз оқып Аллаға құлшылық жасау арқылы, өз ықыласыңмен немесе дін жетекшілердің көрсетуімен ғана сауаппен айналысса болды деген жасанды көркем мінезділік пайда болды. Жалпы біздерге берілген Мұса пайғамбарамыздан; Дін-саулық-сауап деген ескерту болды.

Олай болса; денсаулық-естілік, ақ жаулық, он саулық болған жағдайда дін- саулығы да толық қалыптасаайды. Ал сауапты қазақта; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген нақылмен, сауапты меңгергендерді имандық дәрежемен, сөз өнерін жетік меңгерген даналықпен өлшеген. Енді аталарымыз меңгерген саналық, сандық тұрғыдағы сөз өнермен өлшесек; Пайғамбар сөзінің ұғымы; Аланы қадірлеуші, қадыры, үкімдерін жеткізуші болып түсінігі қалыптасуы керек. Ал, пайғамбарлық мұндай қадірді меңгеру үшін; 1. Ізгілік ой ойлау; 2.Жетімдерге қамқорлықпен қарау; 3.Үлкен кішіге илтипатты болу; 4. Сергелдеңге түспеу (аян, уахиға мән беру, жалғана білу); 5. Көздерін арамнан тия білу; 6. Қос тілді араластырмай сөйлеу өнерін меңгеру; 7. Жердің қасиетін түсіне білу, яғни хаж құлшылығын меңгерумен қалыптасуы керек.

Бұл дінде намаз орындау, ізгілікті болу және дінің сауаптылығын меңгеру арқылы ата-баба дәстүріне, шежіресіне жалғанумен, ұлттық тұрғыдағы аруақтардың ризалығын алумен байланысты болады. Жалпы дін мұсылманға ортақ құдайшылдық белгілерді меңгеру үшінде, әрбір пенденің өзін-өзі тану құлшылығы сәждесі, яғни жеті ата аруағына жалғанудың тағдырлық ерекшелік намаз орындауының құлшылығы болуы керек. Сондықтанда әрбір пенденің тағдырлық ерекшелігі, күнәлі рұқынан ақталуы, өлім сатыларынан өтуімен байланысты, төртеуді түгелдеуіміз; сауапты ізгілікті 3-түрлі істерді, кезеңдік жиіліктерді меңгерумен, аянға, аруақтық тағдыр кітабымызға жалғанумен ғана нәтижесін беруі керек. Осындай қасиетілікті меңгерумен ғана жүрек көзінің арамнан тазаруын меңгерумен алтауымыз араз болмау үшін, ана тілін жетік меңгерумен, қатесіз сөз сөйлеумен, өзге тілді араластырмаумен байланысты болуы шарт.

Енді бұл жағдайлар жанның тазалығын, ақылдың еркін қалыптастырумен байланысты болса, ал кісілігімізді меңгеру үшін де ер азаматқа жігітіктен арылып, әйел затына он теңгесін, төзімділікті, кемпірлікті, аналық қасиеттерді қалыптастырумен көркем мінез болуып бекуіде керек. Ал ер азаматтардың тақуалығың құлшылығы; 1.Сегіз көз қара қуатынан ада болу керек; 2.Омыртқа бойында белгі болуы керек; 3. Інжілді мойындау, қасиетілік амалдарын меңгеруге талаптану керек; 4.Ғиса пайғамбар назарына ілгу керек; 5. Кезбеліктің қыр сырын білу (зияраттарды, ойпат жерлерді аралау,жер ана рұқымен жалғану);6.Томаға-тұйықтықты меңгере білу керек; 7. Сексеуілдің қызуындай қуатты болу; 8. Даралықты жете меңгеру; 9. Құс іліміне жалғану; 10. Мұхаммед пайғамбар шапағатына ілігу керек.

\

Енді бұл адамдық пен кісіліктің бірлігін қалыптастырудың 10-сатысын меңгеруді иман келтіру деп атаймыз. Бұл қасиетілікті Абай атамыз; «…Енді мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен…» (13-сөз) насихаттаған. Ал құран аятына жүгінсек; «Мұхаммед көрмедің бе? Шынында Алла (Т) көктер мен жердегі нәрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, әлбетте бестің алтыншысы Алла…әрине ОЛ, олармен бірге болады….» (58(13)-7) Алланың ОЛ сипаты жер бетіндегі сүйікті құлдары достарының жер бетіндегі барлық қозғалысты басқарушылық сипатымен байланысты болып; 1;2;3-көру, есті ойлану қасиетерімен байланысты төртінші тұрғыдағы; Ол елшісі Ғиса пайғамбармен сөз даналығымен іштегі Мен-рұққа иманмен жалғану болса; 5;6;7;8;9 сандық белгілермен бес қуатты меңгерумен, алтыншы тұрғыда; Ол Алла сипаты Мұхаммед пайғамбарымызбен Мен-Жанмен жалғанып бір жүйеге Мен сипатына бірленуді ескертеді.

Енді мұндай жетілік қасиетілік жандық жүйесін меңгеру үшінде оның жұбын, рұқты меңгерумен, ақылдың тазалығын қалыптастыруға жандық жүйеге жалғанумен негізделген ұлттың сөз өнерінің, дәстүрі ән-күй өнерімен және мақам табу арқылы құранның жеті үндік ілімдік жүйесіне жалғану керек. Және жаратылыстың құдаймен екі аралық жаратылыс себебіне жалғанумен ұлттық, ділдік тұрғыда да ерекшелігі болу шарт. Мұндай жандық жүйені меңгеруді қазақ даналығында; 1. Әулие-жер; Алланың сөзіне күш қуатты аларға, оның үкімінен деп білген де, жерден шығатын әрбір өнімінің адамзаттың сөзімен, қылықтарымен байланысты деп білген. Жерді арамдамау, табиғаттың жүйесін өз қалпында сақтап, дұрыс пайдаланумен ұрпақтарға аманаттап өткізе білуде ата-бабалар аманаты болғаны хақ.

2. Әулие-тұз; Адам қанының тазалығына байланысты болмақ. Қан тазалығынан жерге сіңетін қуат тұз түзіледі. Ал арсыздық салттан жерге сіңетін теріс қуаттардан жер ана, табиғаттың өзгерісіне апаттардың пайда болуына ұшырайды. Қазіргі таңдағы ең қуатты қара тұздер жалаңбас жүретін әйел, қыздарымыздың басынан нашаның исі болып бөлініп, еркек басынан шыққан ауыр иістермен қосылып, улы қара тұзға айналып жер анамызды бүлдіріп жатқаны да хақ. 3. Әулие күн; Қара қуаттарды жағып қурату арқылы бу шығады да, сол будан жаңадан өмірлік қуаттардың пайда болуын туындатады. Бұл өнімді адамзат өзіне қайта алады. Демек адамзаттың жалаңаш жүріп, өз көлеңке бойларын қара шекпендерін, яғни қарсылық қара қуаттарды арсыздықпен өндіруден күнің де шамадан тыс қызуы артып, артының жұтқа, ашаршылыққа айналатында білген. Әлемнің жалаңаш жүретін елдерінде күнің ерекше қызуымен, сулардың кеуіп, арты егінің өнім бермей жұтқа тап болуы да осындай әулиеліктің әдебінің жоғалу себептерден болмақ.

4. Әулие қыз; Тек ағашының тазалығы 47-сандық белгімен, пайғамбарлық шапағатшылыққа, әулие-әмбилеріне, періштелеріне жалғанумен байланысты болады. Ұлттың тектілігі қыздардың ар-ұждандылық періштелігін, пәктігін сақтаумен тікелей байланысты болуы шарт. 5. Әулие дәм; Алланың жан арқылы берген несібесіне шүкірлік қылумен, парыздарын орындаумен, ұлттың елдігі, бірлігі қалыптасып сақталады. Ал шариғаттың парыздарын ұлттың несібесі деп ескермеуден, ауыздан дәм- әулиеліктің жоғалумен, алты жанының араздығымен ит мінезділік бұзақылық, бүлікшілдік қалыптасады. Жас балаларымызды 13-жасқа дейін ана тілінің, діл қуатымен сусындатпай үш тілді зорлап үйретумен, болашақта қыздарымыз қаншыққа, ұлдарымыз ит мінезді немесе көгілдірге айналуға және жапапй семіздік ауруына ұшырауға да себеп болады. Ал жастайынан құран жаттатып, намаз оқытқанмен діл білімінсіз, дін-саулығынсыз көркем мінезінің қуаты қалыптасуы да мүмкін емес.

6. Әулие ит; 42-санымен, құрандағы «Шура-тәлім, өнеге» сүресімен байланысты болып, қазақта; «Қырқында қорған бұзбаған еркек емес» деген кедергіні меңгеру белгісімен байланысты. Бұл жағдайда рухани тұрғыда жердің төзімділігімен байланысты иттің ұқсастығы, адамзатқа аруақтық серік арқылы, күзетшілік көлеңкемен жалғанумен байланысты болмақ. Қазақ итінің үлгісі төбет, тазы болуында да ұлт мінезінің тектілік белгісі жатыр. «Ит арқасы қиянда» деген астарлы нақылды сары қарын бәйбішелікпен байланыстырған. 7. Әулие-ат, көлік; 7-аталық аруақтық жүйемен жалғанумен, шежірелік ағаш тұрағы болып, ұлттық тектік нәсілдік жүйесі болады. Бұл қасиетті меңгеру сүйектің тазалығымен, пірдарлықпен байланысты желдің қуатымен қуаттану арқылы 8-күндік несібеге жалғану ерекшелігі болады. Бұл әулиеліктердің негізінде әйелдер қауымымен, ділімізбен, ұлттық жанымызбен қан тегімізбен байланысты болғандықтан әулие-көлікті; «Байтал шауып бәйге алмас» деген нақылменде бекіткен.

Енді мұның себебін еркектердің елшілік ісіне жалғанумен байланысты әйелдерден артық жараттым, деген Раббымыз. Адам атамызды БОЛ деген үкіммен, біздердің Адам болуымызға да ортақ жанның негізі болмақ. Ал енді ОЛ сипатын жер бетіндегі қозғалыстың себептерін басқарушылықты (халифалық) елшілік қасиетілік болып оны арыстық тұрғыда меңгерушілер Мұса, Дәуіт, Сүлеймен т,б елшілігі болып, ал жүйесін толық меңгерген Ғиса-рұқ, Мұхаммед-жан-жар негізі болады. Сонымен барлық дінмен пайғамбарлық қасиеттерді, елшіліктерді бірлеген Мұхаммед пайғамбарымыздың құрандағы сипаты ОЛ Алла болып табылады. Бұл ОЛ-дық сипатқа жүйеге яғни пайғамбарамыздың шапағатшылық ісіне жалғануды тек еркектерге ғана арнауының себебін; әйелзаттарының жолының жіңішкелігі жанмен байланысты; ағаштық тек үндеріне есту қабілеті болып ал, еркектерге ағаш және таулардың үнін естіп тілдесу қасиеті берілгенді.

Сондықтанда қазақта; «Әке асқар тау» деген, әйелдің қорған жартасы да болмақ. Мұны христян діндегілер Дәуіт пайғамбарлық қасиетті, ақылда даналықты ғылымды меңгерумен поптарын «Отец» деп атағанмен шынында тауға, ғылым үніне жалғану үшін әуелі әйел заты арқылы тек ағашына қазақа «Үш ағашқа ат байлау» немесе «Адал бақан» ұстану деген. Алты бақан ойыныңда, алты алаштық тектің де осы негізде қалыптасқаны да хақиқат болмақ. «Жүктерді тауларға ұсындық, олар бас тарты ал адам баласы оны алды» деген аяттарда. Қазақта «Ер мойнында қыл арқан шірімес, жүк қалмас», «Түйенің үлкені көпірде таяқ жейді» деген нақылдармен астарлаған.

Енді ер азаматтардың мұндай аруақтық, әруақтық жүктерді меңгерумен Ол сипатқа жалғануға кісілігі қалыптасу ерекшелігін; 1.Телегей теңізге жалғану; 2. Құштарлықты меңгеру; 3.Жөнді білушілік; 4. Қас-қағым сәттілікті меңгеру; 5.Қадірді білушілік; 6. Қасіретке төтеп бере алушылық; 7.Қартайғандық қадір қасиетті білушілік; 8. Дем сала білушілік (ақ бақсылық) 9. Жазалаушылық қасиетті меңгерумен құдайшылдыққа қарсы болушыларға қарсы тұра білу жаратушы хикметіне жалғану. Мұндай кісілікті меңгерген қазақта әулие-әмилер, машайықтар, Алла достарына, көктегі 88-жұлдыздық шоғырға біздер болған пірлікке жалғанумен және жер табиғатының 12-мүшелдік, кезеңдік жүйесін меңгерумен Алланың жүзіне айналумен байланысты деп білген.

Қазақ мінезінің жетелік, саналық ақыл тұрғысында әлемнің қандайда бір ділдік білімнен жоғары тұрғанын және қазақ діл білімнін құранмен толық жүйелеп шыққан Абай атамыздың 45-сөзімен, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерумен, көркем мінезділік негіздерін Шәкәрім атамыз ішкі жан күйлік дін құлшылығымен табыстырып кеткенін де білген жөн. Бұл тақырыптарды жеке-жеке ата жолы жазбаларында талқылап тәпіштеп түсіндірумен айналысып келеміз. Бірақ діншілердің тілшілік тұрғыда ғана көкем мінезділікті дәріптеушілердің жалғандығынан, сөз ұғымдарын терістеген сөзшілердің ғалым, философ, ел билеуші болып қазақ дәстүрінің екі күнін (жете, сана) жоғалтуға соқтығандары хақ. Олай болса ұлттық көркем мінез болмағанда; тура жолымыз, әулиелігіміз, сопылық ғалымдықтарымызда жалған екіні хақиқат…. (жалғасын «Ойға түрткі ақылға дем.», «Ата жолы аққу сұңқар» атты тараулардан оқып танысуға болады Қазан 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.