Дәстүр құдайдың ісімен байланысты ұғым

«Тілшілердің тілінен, сөзшілердің сөзінен сақта құдай!» деп неге тілеген аталарымыз? Бүгінде қандайда бір білімнің жүйесін діл, тіл білімнің үнін зерттеудің ғылымдық философия, психология мектебінің ұлттық жүйесі болмағандықтан, мұндай білімді ақыл деп қабылдауға мәжбүр боламыз. Сондықтан өзінің бір ерекшелік білімін ақыл қылып алғанда, ал сөздің астарлы ойының үнін алмай, сезімдік тұрғыда мәнерлеп сөз сөйлеуді сөз өнері қылғандарды тілшілер деп атайды. Тілшілерге қазірге таңда әншілер, өнер «жұлдыздары» деген қауымда жатады. Мұндай тілі майда, тілшілерді қазақ еліндегі ақпараттық, діндік тұрғыдағы барлық салаларда кездестіруге болады. Негізінде тілшілікке жалғанғандар әйелдік жіңішке үніділікпен байланысты шайтаннан болған жындылар тобы болады.

Олардың сөзді бес күн жалғандық, сезімдік үндік тұрғыда қиыстыру мақсатында кез келген әлемнің салтын, әдетін дәстүр атағандарын былай қойғанда, қазақтың еліндегі жиналыс, ойын, сауықтардың, партияшылдықты да бәрін дәстүр, деп ат қойып және кез келген атау сөздерді «зайырлық, зияткерлік, құлдық сана, мемлекетік сана т,б» тілге ыңғайлы болса болды кез келген жерге тықпалай салу да әдет болғаны хақ. Негізінде дәстүр ұғымы, арап елдері үшін 8-діннің бірлігімен салтымен байланысты болса, қазақ елі үшін дін шариғатпен және Құдай ісімен, тарихат, мағрипат, ақиқатпен байланысты; «Тоғыз жолдың торабында болу» деп, тәубемен, иманың негіздерімен Абай атамыздың сөздермен сандық тұрғыда ой қуаты жүйеленген. Абай атамыз 45 сөзінде, бірлікте 9-саны болып, осындай қазақтың тәубешілдік салтын дәстүр қылып сөзін түзегенді.

Енді тілшілердің тілімен дәстүр ұғымының сезімге айналып, маңызы жоғалумен сөз мінезінің де өзгеріске ұшырап, мұны қадағалайтын философия мектебінің өздері сөзшілерге айналып алғаны да жалған емес. Оған мысалды ел билеушілердің, «Ақ жол партиясы, нұрлы жол, нұр отан, нұрлы жер, мәңгілік ел, ұлт жобасы, зайырлы мемлекет» деген сияқты ойын өзгерткен сөз ұғымдарын ашық пайдаланып, ұлттық діліміздің азғындауына жол берілумен белгілі.

Ал енді тілші, әрі сөзшілерге дін масһабымыз бен діншілер қауымы да жатады. Негізінде дін-саулық-сауап болып бейнесін береді. Денсаулықтың да жағдайы ақыл, еспен қатесіз сөз сөйлеу өнерімен, имандылықпен байланысты болуы да керек. Мұндай имандылқты меңгерудің өлшемін Абай атамыз; «Сөз түзелді елім сенде түзел» яғни иманға жалғануды меңгер дегенді. Бірақ арап елінің қазіргі таңда қайта зертеліп аударылыуға тиісті ұғымдары түгіл, осы уақтақа дейін қазақ тілінде түсінгі бекіген аударылған сөз атауларының түп негізін қайта алумен де қазақтың имандық жүйесін бұзушы масһабшы дін ғаламдары имамдардың өздері болғандары да хақ.

Сондықтан да денсаулығы, дін саулығы кемдер; Құдайдың өзіне ғана тән, өзі ғана қалаған құлын жолына салатын тура жолын масһаб біліміне айналдырып, оған Ханафи деп ат қойумен мыңдаған атау сөздерді тікелей арап тілінен көшіре салып, өздеріне ерген халықтың ақылдарын ұрлаумен айналысады. Құранда Алла тағаламыз барлығың бірдей тура жолды табасыңдар деген аяты, уәдесі де жоқ. Керісінше аз ғана топ болады тура жолда дегенді. Қазіргі таңда дін ғаламдармыз, ел билеушілеріміз тура жолды көктегі құс жолына жалғанып құдайдан таза ақыл алу емес, тәпсір білімімен, бекіген дін ісі шариғатпен болады деген ұғымды халыққа сіңіріп те үлгірді.

Қазақ дәстүрінің тарихат, мағрипат сатылармен байланысты жетелік, саналық ақылды екі күнді жоғалтуға, халықтан тартып алуға оны бұзбауды заңмен қадағалауға жол берілгенен де зұлымдыққа есік ашылып, ұлт тұтастығының бөлшектенуін ғана туындатқаны, қияметік сынаққа тап болуға жол ашты. Енді қазақ дәстүрін масһаб деп түсінетін жастардың ғалым, теолог, имам болып сезімдік ақылға негізделген кез келген білімді масһабтық ұстанымға айналдырып ібілістің еркін орынлаушыға айналып алғандарын аңғаратын үлкендер, ел билеушілер де қалмады.

Себебі ана тілінің құнарын, қуатын, салмағын түсінетін, сөздің атасына жалғана алған толық иманды ақсақалдық үлгі де жоқ. Раббымыздың ескертуі білдіргені бойынша қос тілдіктен, аралас сөйлеуден арылмай ғылымға да жалғану мүмкін де емес. Мұндай әдетті алғандардың жалған ғалым, имам, философ, теолог екендері де хақ. Қазақ дәстүрінің, шағатай тілінде шариғаттан бастау алып, тарихат, мағрипатпен ақиқаттан ғылымдық жүйеге жалғанып, Ясауи бабамыздың барлық діннің бірлігін қалыптастырғандықтан, талай атау сөз ұғымдарының ойлары, үндік қуаты санмен жүйленіп, қалыптасқан.

Ал кейінен қазақтың таңбасы үні де көбейумен аралас сөздердің пайда болуымен қазақтың ұзын сөзін қайта қысқартып, шариғатты дәстүр қылған қызылбастық діншілерден, қазақ ділінің өркениеті әлсірегені де сөзсіз. Ал енді мұны түзеген қазақ әулиелерінің даналықтармен, шығармашылығын сан тұрғысында құранмен толық үндестірген Абай атамыздың насихатын меңгеруге қарсылық қылған дінші, білімді қауымдықтарға, ел биліктің саясатымен ашық қолдау беріп, заңмен бекітіп халықты еріксіз мойындауға мәжбүрлегендерді болашақ тектілігін, діл білімін қайта тапқан ұрпақтарымыз қалай атайды деп ойлайсыз? Әлде сіздерде сол көп залымдардың бір болып алдыңыз ба? Мүмкін қазіргі таңда өзін ұлтжанды атап жүргендердің бірсіз бе?

Ал, қазақ дәстүрімен; Ұлтжандылық; әйелге етекті, жаулықты ар-ұятты болумен, құдайдың бұйырған парыздарын орындаумен, еріне қызмет жасап, бала туып өсіріп оған тәрбие берумен, сары қарын бәйбіше болуымен өлшенеді. Ұлтжанды еркек қатының бақташысы, ата дәстүрінің қорғаны, бөрікті ар-намысты, жетелі, саналы болуымен өлшенеді. Діл білімін меңгеруге, екі тілді арластырмай таза сөйлеуге тырыспай, өзінде жоқты өзгеден талап ету де надандық, Құдайға ашық қарсылық, дәстүрден ажырау, деп біліңіздер ағайындар. Дәстүрлік жалғану болса, онда тағдырға аруақтық кітапқа да жалғану болып, мұндай пендесіне аян, уахи арқылы жанына ғылымнан суат, құпия білім иман да беріліп отырады. Иман келтіру дегеніміз, қазақ ұлты үшін ата жолында болып, ата дәстүрін берік ұстану деп түсінген де абзал болар.

(Қазан айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.