Әлемдік бүліктердің демеушілері қазақ елінде

Қандайда бір заманың қияметтік жағдайы, дағдарысқа түсіп, адамзаттың түрлі жағдайда табиғи апаттармен, аурулармен азапталуы қияметік мезгілі болып саналады. Мұндай қияметік мезгілдің екінші жағы дүние ісінде жетістіктермен, оның қызығын көру мақсатында, адамзаттың жаппай арсыздықты әдептілік, деп мұны түзеуге тисті естілердің де құдайшылығын ұмытып, керісінше өздерінің осындай дәрежелерін пайдаланып, Алланың сөзін, кітаптарын астыртын бұрмалап, тура жолдың қисығына қарай бұрып, ақылға қазық қағып, ғылымның есіктерін, құдайлық хабарларды меңгеру ісін жабумен айналысып, ібілістің ұрпағы, бүлікшілердің көбейуіне жол ашып демеуші болып алады.

Әрине мұндай жағдайда бүкіл әлемнің жұртына құпия түрде белгілі бір елде құдайдың патшалығы орнап, діннің ақ бастауы болатын, аз ғана халықтың ішінен үлгісін шығару Алланың уәдесі еді. Бұл уәденің қазақ елінде ата жолы болып басталып, бірақ өз ішімізден шыққан көреалмастықтан және алдына ала жоғарғы ақыл беруші ел басқарудың орындарына отырып алған білімді, бірақ іблістің жобасын атқарушылардың әрекетінен болды десек жалған емес. Ата жолы істерінің ғылымдық тәжірибелік тұрғыда зертеліп, білімін меңгерудің орынына соталып, қудаланғанан кейінде талай кітіптар мақалар жазып, құдайдың хабарларын жеткізгенмен, оны түсінетін білімді қауым, ел билеушілердің болмағаны да хақиқат.

Сонымен қазақ елінде қияметің жағдайы ушығып шегіне жеткеніне, енді ашық түрде құдайдың лағнетін жазалауынна жол ашқан мәселеге де келіп тірелдік. Және қазақ елінің барлық әлемніңде дағдарыстан шығуына, әлем халықына тура жол көрсетумен үлгі болу керектігін де, әлем халқы түсінетін осы кезеңдегі ел басқарушы білімді қауымдық өкілдерін масқарайтын да күн жақын қалды. Сондықтан мұның енді алдын алу мүмкін емес болғанымен де, алдағы уақиғалардың себебін өзіміз де біліп отырған жөн болар деп осы мақаланы арнауды ата-баба аруақтар тарапынан хабарын ескертуді жөн көрдік.

Осы қазан айының ортасында көгілдір түйме беттерінде (ютуб), жаңадан құрылған дін министірлігінің, муфтият дін ғалымдары, имамдарының қолдауымен, белгілі бір демеушілердің әрекетімен «Ақиқат, Ақ жол; «Аққулар оянғанда» деген бейне баян жарияланды. Жалпы бұл бейне баянның осыдан 10 жыл бұрын түсірілген көрністерімен және соңғысы екі жыл бұрынғы бір көрністерді жинақтап дін билігі тарапыннан құран арқылы ата жолының адасушылық, әулилерге табынып серік қосугшылық пен осы әрекетермен қазақ халқының надандықтың құдығына түсіп, құдайдың азабына ұшырауын ескертіпті.

Бұл бейне баянда дін зертеушісі Тышқан Кеңшілік, муфтияттың өкілі Алтынбек Түсіпхан дін істерінің атарпынан Динара Кәмеш, психолог Бақыт Дастан деген шынында дін, ата дәстүрі түгіл өзінің жанын жоғалтып алғанын түсінбейтін шашын қиған, жалаңбас жаулықсыз арсыз қатындарға сопылық тұрғыдағы қазақ дәстүрінің ғұрыптық амалына пәтуа беруге тағайындаған екен. Бұл азаматтар мен азаматшалар өздерін ғұлама және құдайдың жақын құлдары санап, сондықтан да құраннан, пайғамбар сүнеттерінен үкім беруге ел билігі тарапынан арнаулы ұлықсаты бар және өздерін бүгінгі қазақ әулиелеріміз деп санайды екен.

Енді әрбір қазақтың дәстүрінің ұстанушысы болмағанмен, жан ашыры болған адам балалары өздері бұл бейнежазбаны (https://www.youtube.com/watch?v=7L_SG_gJ5DU-) көріп, мұндай ел басшыларының өкілетілігін алған кісілердің пәтуларымен таныса жатар. Ал біз олардың дін ғалымдарының бекіткен құран аяттарын негізгілерін ғана қайта тәпіштеп, өзіміздің дәлелімізді берсек деп ұйғардық. Ата жолының адасқанына және құранмен терістелгеніне, аққу, сұңқар болып Раббымыздан хабар келтірудің жалғандығына мысалды аятта; «Егер өлілерге жалбарынсаңдар, дауыстарыңды естімейді. Мүбада олар олар естісе де сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай –ақ қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан (құдай қылып алғандарыңнан) танады. Толық хабар беруші Алладай саған ешкім түсіндірмейді» (35-14)

Сонымен біздердің Алланың досына барып, Аллаға құранмен мадақ айтып, досына сәлем арнап, (27-59) аяттың үкіміне сәйкесті, біздің тілек мұқтажымызды жеткіз дегенмен оны дін ғалымдарымыз бұл аятты (35-14) аятпен терістейді. Себебі сендер құранды түсініп оқымағансыңдар, жаттамағансыңдар біреуге оқытқаннан оны Алла қабылдамайды деген пәтуа береді. Сондықтан да тағы бір аяттармен; «Мұхаммед рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бұрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың.» (30-52) «Тірілер мен өлілер тең емес. Рас Алла (Т) әлде кімді қаласа естіртеді. Мұхаммед сен қабырдағы біреулерге естірте алмайсың.» (35-22)

Бейне жазбада Арыстан баба, Ясауи баба тағы да қазақтың ең жоғарғы дәрежелі әулиелер басындағы зияратаушыларды бейнелеп, осы аятармен яғни олардың саңырау және тірі емес, Алла тағаламыз олардың біздің тілектерімізді естулеріне тиым салған, досы тұрғысында қаламаған дейді. Яғни олар ұлықталуға лайық Алланың досы екендерін де терістейді. Және олардың кезінде Алланың сүйікті құлы, пайғамбарымызға ерген сахбасы болса да, тура жолдан бет бұрған саңыраулар деген пәтуа береді. Сондықтан да мына аятты; « Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ шыбын олардың бір нәрсесін алып қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені іздеуші де ізделген де нашар.» (22-73)

Олай болса, біздердің әулиелерімізге Алланың бізге білдірген, көрсеткен өзінің қадыры деп табынып, Алламен арадағы мұң мұқтажымызды жеткізіп орындаушы пайғамбарамыздың соңына сапқа тұрған шапағатшылардан деген бекер екен. Олардың шыбынға да әлі келмейді, Алладан басқа жансыз қарсылық тұрғысындағы жаратылысқа, жәндіктен де төменге қанатсыз құрт, құмырсқаға айналып кеткен дейді дінші, ел билеушілерміз. Енді біздер құраннан бұл аяттың жұбын, парын және сандық тұрғыдағы ғылымын дәлдеп жатудың да керегі жоқ. Оны жазбаларда баяндап 15 кітаптық көлемде жазылғанды.

Сондықтан әрбір аятың да сүре ішінде тізбектік тұрғыдағы жұбын, парын ғана қарастырсақ. Аятта; «Олар Алланың қадырын біліп, шын мәнінде бағалай алмады. Алла аса күшті, өте үстем.» (22-74) Мен осындай діншілердің, ата жолына аруаққа қарсылардың Аланың күші, үстемдігі әулиелер мен батырларымызда жоқ десеңдер зияртына барып; «Шыбынға да әлің келмейді, тірі емесің, саңыраусың» деп мүлде үн шығарып дауыстамай ақ, іштей ойла да түкіріп кет, сосын соңынан не жауап болғанын әрине тірі қалсаң түсінер едің, деп талай ескерткенмінде. Бірақ надандықтың да шегі жоқ сияқты. Сонда да ақылы мұндай хикметті түсінуге дін басшыларының да жетпейді.

Енді бұл істі атқарушылар мен ұйымдастырушылардың бәріне де дұға жасап, құдайдан өзінің ардақты қылған қадыр егелерінің жауабын беруге ұлықсат беруін сұрауда керек болды. Бірінші жаңадан болған дін министірі мен ел басшысы, дін басшыларына жауап беруін де сұраймыз міндетті түрде! Кімнің нашар жаратылғанын да білсін өздері де. Және мына аятты да жалғап оқыса жетесіздердің жетесіне де енеді: «Алла періштелерден де адамдардан да елшілер ғана белгіледі. Шәксіз Алла, әр нәрсені аса естуші, тым көруші. (75) Олардың алдарындағыларды да артарындағыларды да біледі. Сондай-ақ барлық іс (аруақ болып) Аллаға қайтады.» (22-76)

Сонымен құдайдық қалауына жеткен мүміндеріне, алдымызда ұждан періштелігі көктегі біртұтас жаннат тұрғындары біздерден хабар келтіруші болса, артымызда адамдардан яғни адамдыққа толық бейнеленген ата-баба аруақтарынан елші күзетші тағайындайтынын ашық ескертіп, мұның бәрі Алланың күші, үстемдігіне қызмет қылатын қадірі өзінен екен. Олай болса, қазақ ел билігінің заңмен күзетіп баққан дін муфтияты, ғалымдары, министірлері, имамдары құранды ашық терістеп, Алланың достарын мазақ қылып, халықты алдап жүргендеріне дәлел емес пе? Бұл шайтаның жамағаты сайқымазшылардың жоғарысында демеп тұрғандар кімдер?

Қазақтың ата дәстүрін тарихат, мағрипат тұрғысындағы намаз орындау амалын құран кәрімде жоқ мұндай салт деп; «Алла түсіргенге бой ұсыныңдар делінсе олар: «Жоқ ата-баларымыз тапқан жолға ілесеміз» дейді. Егер аталары еш нәрсе түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?» (2-170) деген аяттан мысал беріп, Арыстан баба, Ясауи баба, Укаша ата, Пір Бекет т,б бер жағында Абай-Шәкәрім, Мәшүр Жүсып аталарға Алла ештеме түсірмеген, кітап бірілмеген сондықтан олар ешнәрсе түсінбеген, надандықта өмір сүрген, тура жолда болмаған деп пәтуа береді. Сонда бұл бабаларымыздан да жоғары, Алланың бәрі елшісі болған құлдары бүгін ел басында, дін басында отырғандар тура жолдағылар деп оларға табынулармыз керек болды.

Бұл жазбаны көріп, отырған ар намысты қазақ болса ата-бабасын, әулие –әмилерін ашық түрде қорлатып мазақ қылдырып отырғандарға не жауап айтар едіңіздер?. Жалпы қазақ деген тектің арын таптатып отырған ел басшылары кімдер, қайдан шықандар? Қазақ елін рухани боданға байлауға қызметке кімдер демеуші болып отырған? Маған бұл баяндаманы көргенен кейін аян келді Раббымыздан; «Таудың басында отырған екі пендені алыстан ататын мылтығы бар бір жендет келіп көздеп жатыр екен. Мен кейін олардың өліміне себепші куәгер болмаймын ба, деп уайымдап жатып оянып кеттім.» Демек бүгінгі таңдағы ата жолын мазақ қылып соттағандарға, осы істі демеуші ел басшы, дін басшыларына құдайдан лағнет үкім түсті де, енді осы соңғы біздің де мүмкін кешірім сұрап аз тәубеге келіп үлгірер, деген ағайындықпен ғана осы мақаланы арнап отырмыз. Дұрысы үндемей сырттан бақылап отыру керек еді.

Енді мұндай мезгілде ата жолының жартылай болса да, ата-бабаларымыздың мирас кітабы жазылып, жоғарғы білімді қауымдар, ел дін басшыларына түгелдей хабардар болғанда, оғанда мойынсұнбаудан, қияметтің үкімі ашық түседі. Ауа райы күрт жылиды. Су топан басталып Астананы да су басады. Халықтың берекесі қашып түрді азап аурулар, ажалға ұшыраушылар шегіне жетеді. Ел басшыға да түскен үкім көп ұзамай орындалып артындағы ұрпақтары да азып тозып жинаған байлығы көптің меншігіне қайта оралады.

Бұл барлық ел билеуші өздерін байлықпен, дүниесі құтқарады дегендермен ата-баба дәстүрін мазақ қылғандарға түгелдей түсіп, қамысқа түскен өртей жалмайды. Біздің міндет Құдайдың кез келген өзінің қалауына жеткен пендесімен сөйлесіп, аятын, үкімін ақылын бере алуға құдіретті екенін ғана ескерту. Ал әулие-әмилерді өлі, саңырау шыбынға да әлі жетпейді дегендердің де мықтылығын көрейік, Алланың жер бетіндегі сүйікті құлдары арқылы атқарылатын күшіне, азабына қалай шыдас берер екен!?

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.