Бақыттылықтың қағидасы

«Бақ қарасын қыдыр дарысын» деп бата берген ақсақалдар елдің елеулісі, қалаулысы болғысы келгендерге. Енді қазіргі таңда мұндай қыдыр қонғандар, аузы дуалы болып халықты ұйытып, маған ерсеңдер бақытты боласыңдар деп ақыл айтушылар бүгінгі таңда жеткілікті. Олардың дуасы бақтан ба әлде қара түнек жындардан ба мұны бір естілер ғана аңғара алды. Негізінде мұндай екі естілердің «Овың Еваңды» өлілермен тең, құрдас болсаң, біз сияқты текті болып, бақ қонады десе, енді біреулері «желтоқсаншыл, жаңөзеншіл» түрлі парияшылдар жатады. Ел биліктің отыз елге ұқсап, жерді сатып байлықпен бақытты болу жолы да өздерінің меңгерген жетістігнен болып жатқаны да болар.

Дүние тұрғысында қарсақ, оларға ешқандай сенбеуге де болмайды. Себебі мемлекттің ел басқару жүйесінің бәрінде бұлардың қолдаушылары да жақтаушылары жеткілікті. Яғни дүние тұрғысында жетістікке жеткендер, ет ауыртып еңбек етуден, тер төгіп нан табудан қолдары бос, сондықтан халыққа ақыл айтуға қызмет жасайтындар.

Сондықтан мұндайлардың бәрі өздері жеткен бағына басы айналып, халықты да өздеріндей мемлекетің қазынасына ортақ қылмақшылар. Ал енді халықтың хайыры мен садақасынан күн көріп, жеңіл тұрмыс жолына шыққан масһабшылардың, тарихатшы, түрлі «измдердегі» топтардың өздерін тура жолдамыз, бізден үлгі алу керек, дейтіндері де осы қыдырдың әрекетімен болуы керек. Сондай- ақ қыдырды мәңгі текке айналдырып алғандарға қожалар, төрелер руларының өкілдері жатады. Олар үшін осы әулеттен шықса, бақты құдай қоса беруге міндетті болмақ. Енді осындай тұрғыда қазақ елінде біліммен жорып, ақыл айтқыш бақыттылардың жағдайын аталар қалдырған өсиеттерімен және Раббымыздың біздерге білдіргенімен салыстырып көруді оқырмандарға ұсынып көрейік.

Бақ әуелі аяққа қарайды екен. Аяқтың тазарып ақталып, жер анамен жалғануына байланысты қыдыр болып дариды. Мұндай пенденің жүрген жері гүлзар болады. Істерінің бәрі оңға басады. Жамандықты аяғы сезіп, хабарын беріп, ыза жерді де бастырмайды екен. Мұны масһабпен, дін ісі шариғатын толық меңгерумен де байланысты Мұхаммед пайғамбарамыздың мәсихтік, сүйспеншілігі үмметі қатарында болумен байланысты, деп түсінуге болады.

Сонымен дін ісі шариғатын да меңгеріп, аяғында бағы бекіген пенденің бағы белге қарайды. Белінің тазалығына, жер ананың рұқына аяғымен жалғанып,нұр қуаттың көтеріліп белге ата-баба жадымен тарихы, тарихатымен жалғанына байланысты қыдыр дарып, үбірлі -шүбірлі ұрпағы да көп болады екен. Және Құлай өзі берген пенделерінің де несібесін молынан беріп, қазан-ошағына берекет кіреді. Белін бүгіп, ет малын жұмсап, ащы терін төгіп, адал еткен еңбегінің жемісін көреді. Діне тарихатта болудың да белгісін осындайдан көруге болады.

Алайда жер анадан нұр алып қуатты тасыған сайын, белдегі бақ кеудеге қарайды екен. Кеудеден орын іздей бастайды. Мұндай бақытты пенденің өзін-өзі көтеріп, жұрттан артық санап дандайсымауын бақылайды. Кеудесінде нан пісетін, жұрттан артық өнермен, біліммен таптым, деген пиғылда өктемдігі күпірлігі болмағанда қыдыр болып дарып, жүрек көзін ашады екен. Жүрек көзінің жартысы өмір, жартысы жаратылыс табиғаттан болып; Төрткүл дүниені тануға қанағат, шүкірлікпен өмір сүруге есік ашады екен. Дәстүр дінімізде мағрипатта болумен байланысты түсіндіреді. Ал мұндай бақытты пенденің бағы әлемнен қуат алып, қуат беруге жалғану үшін енді басына қарайды екен.

Бас қана бүкіл әлемге ортақ болып; «Адамның басы Алланың добы» деген қазақта. Басында ар сауыты, яғни әйелдің ақ жаулық қуаты, сары нұры, еркектің бөріктік қасиеті болса, қыдыр маңдайға дариды. Ал баста ар сауты қалыптаспаса онда қара түнектен сегіз аяқты құлақшын киіп бүкіл әлемдік қара қуаттық түнек күштеріне, тозақтық жүйемен жалғануға есік ашылады. Мұндай қасірттен ада болып, бастағы 4 жын қуатын сары суды тазарта білгенде ғана маңдай көзі ашылған пенденің өз тағдырын көріп тазартып, түзетіп мәңгілік өмірге ақиретпен, дүниенің екі арасында өмір сүре білуге қадам жасатады.

Ақиқаттың танымын меңгеріп, бар ғылымнан хабардар болып, мәңгілік елдің кірпіші болып қаланады. Біздің ел басшыларымыздың мәңгілік ел жобасын жасап, халықтың бәрін біртұтас мәңгі өмір сүрдірмек, болып жүргендері немесе жоғарғыдағы ақыл айтушылардың бәрінің де осындай маңдай көзі «шұғара» жұлдызды болуымен, ақиқаттың танымын меңгерумен байланысты деп ұғыну керек. Бірақ осындай маңдай көзі бар, жұлдызды пендесінің өз тағдырын түзегені былай тұрсын, әлемнің болашағынан да хабардар болады. Демек әлемнің барлық дағдарыстан шығу жолын білетіндер, ақиқаттан хабар алатындар біздер, ғылымды қазақ ұлты боламыз. Себебі мұндай жұлдызды болуды үлгісі Нұрсұлтан басшымыз болуы да шарт.

Негізінде ел билік дінен бөлек болуы мүмкін емес, себебі дін тұрғысында Раббымыздың білімімен жалғанып Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлардай үлгімен ғана ғылымды болып саналды. Үш тілмен жастарымызды ғылымды қылмақшылар да өздері осындай ақылда жоғары даналыққа жеткендер болуы керек шамасы. Шынында ел билеуші, шығармашыл үлкендер түгіл, бүгінгі таңда жастарымыздың, қатындарымыздың да ел билеуге жарысып халықты түземек болып күресіп жатқан жұлдыздықтары осы қыдырдың әрекетінен немесе дүниеге мастықтан тажалға айналуға ібілістің ұрпағы болып алғандарын ғана болмақ.

Енді мұның анық, қанығын осындай ақылшы дана ағайындары таныстары барлар маңдайдан төменгі бақтарын түгендеп көрсін. Төменгі үш орында бекіген қыдыры болмаса, онда төртінші орында ібілістің көзі, ойы болып, құдайды танып, түсінуге ми ауырмайтын мисыздар болуы да ғажап емес. Мұндай пенделер қатын, еркегі болсын, бас киімнен, жаулықтан жалпы жарық өрісті кебенекті болудан қорқады. Себебі бастарында қар түнектің сегіз аяқты жәндіктен (осминог) «құлақшындары» болады. Оларға құдай көрсетті, айты дегенді айта көрмеңіз.

Ондайлардың білімі ақыл, ой көлігі, ақылдың еркі, қайраттылығы есек болып, кез келген уақытта әлемдік заңмен жүйеленген білімді кітабын арқасынан алып аша салады. Шәкәрім атамыз мұндай пенделерді «бояушы» деген. Сонымен қазақтың мұндай «даналары» бақытқа барар жолдың бәрін таптық, меңгердік дегенмен шынында қияметке жаппай азапталуға келіп тірелдік. Сондықтан да, өз ұлтының бақытсыздығын көре білгенде, өздерін бақытымын де айта алмайды, жасаған жақсылығын көпке мақтан қылып, мені тыңда деп айқайлап жар салмайды да. Енді ақырын берсін, деп күтейік нәтижесін біз сияқты бақтысыздар да, бақытын оңай жолмен таба алмай жүргендер! (Қараша 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.