IX. Қазақ елінің дін, ел басшылары мен зиялы қауым өкілдерінің рухани тектілік, зайырлық, кісілік дәрежелері

Қазақ халқының қалаулысы болған ел билеушілер мен заңгерлердің бас қосуымен, енді сот жүйесінде де өзгеріс енгізумен, әлемдік салт тұрғысында әділдік орнатуға ел басының жолдауымен шешімдер қабылданды. Бірақ бұл да кезекті бір халыққа сенім мен үміттін артыруға деген жағдай болмаса, арты нәтижесіз аяқталуы да хақ. Себебі әрбір ел басқарушыларының заңмен жазаланудан, атақ дәрежесінен айрылудан емес, құдайдың жазасының хақтығын, ұрпағының тағдырына, әрбір әрекеті мен амалдарының сұрауы барын, өз тағдырларындағы жамандық, қарғыстардың түбінде өзінде, тегінде қайғы-қасіретке айналатын естілікпен қабылдап, құдайдан қорқу деген сезімі ғана имандылықты сақтауға мәжбүрлейді.

Сонымен біздердің ата жолында сандық рухани қуаттық жүйеге жалғанумен, кез келген адам баласының қандай қашықтықта болмасын рухани деректерін алуды меңгеру жолында қаншама жылдар тәжірибеден өткізіп, іс жүзінде жеткен жетістіктер де бар. Бірақ ата жолына; ақ бақсылық, әулиелік қасиетілікті меңгеру жолына деген көзқарасты мүлде жалғандыққа айналдыра білген, ібіліс ұрпақтарының әрекетімен бұл Құдайдың берген нығметін жетік меңгеруге тұрған да аққу, сұңқарлар саусақпен санарлық қана. Көп жағдайда бүгінгі таңдағы ел биліктің масһабшы діншілердің ықпалы насихаты да текті, білікті тағдырында ерекше белгісі барлардың меңгеруіне кедергі болып тұрғаны да бар.

Мұндай да болашақтан, рухани халден хабар алуға жету де аққу, сұңқарлық қасиеттің шыңдалуымен құранның үніне жалғанумен, тақуалықтың аталарымыздың аманатын сопылық тұрғысында дережесімен жалғанумен, үнемі іс әрекеті түгіл, ойыныңда дұрыс болуын қадағалаумен байланысты ғана қалыптасады. Болмаса, көңіл ниеттегі өрістік ақпараттарға жалғанып кету қаупі болып, мұны бақылап отыруға да жетекшілер дайындау да керек ақ. Және көп жағдайда рухани қуаттың жетімсіздігі, өз еркімен қасиеттің жолын меңгеруге шықандардың білімінің әлсіздігі, білімді меңгеруге ынтасы аздығы, ал білімді тектілердің тақуалықты ұстануға деген еліміздің арсыздық салтпен негізделген кедергілерге тап болуымен, бұл құдайдың нығметін халыққа таратуға, қазақтың дәстүрлі дінін, сопылық тұрғыда әлемдік деңгейге көтерілуге де, ел билеушілердің, діншілердің, білімді қауымының да жол бермей отырғандары хақ.

Алдыңғы тарауда «Нақшпандилік тарихаттамыз» деген ағайындарымыздың рухани дәрежесінен хабар бердік. Олардың шынында дін шариғат тұрғысында масһабшылардан, дін ғалымдары ғұламаларынан да биік тұрғаны сөзсіз. Бірақ тарихатты меңгере алмағаны, сондықтан мағрипат, ақиқатсыз жанның халіне енуде мүмкін емесі де хақ.

Оқырманға баяндалып жатқан рухани ахуалды салыстыра отыра түсінуге қолайлы болсын; Раббымыздың бізге білдірген білімнен хабар бере кетейік.

Сонымен, тарихатты меңгерудің сәждесі;

1. Ақ арыстық белгіні, Мұса пайғамбарлық қасиетілікті меңгеру;

2. 7қасиетілікті (жеті жақсылықтың негізінде) меңгеру;

3. Шежіреден ата-бабалардың, пайғамбар, елшілердің өмір тарихынан хабар алу;

4. Жер ана рұқына жалғану;

5. Төрт көздің түгелдігін меңгеру.

Олай болса, тарихатпен толық жалғану арқылы ғана мағрипат дін ғылымы жүйесіне жалғанып, исламның бірлігін қалыптастыруға негіз болмақ. Енді мағрипатта болуды;

1. Сан ғылымын меңгеру;

2. Жетесіздектен ада болу;

3. Жетелік сатыны толық меңгеру, саналық белгіге жалғану;

4. Тұңғиыққа бойлау;

5. Дарбоздық қасиетті меңгеру керек.

Тура жолда болу дегеніміз — ақиқаттың ғылымына жалғанумен байланысты болып;

1. Алладан аян алу. Аянның жүйесін сырын меңгеру;

2. Түйсіктің (бой өрісі ар сауытымен қорғалуы) толықтығы түгелдігі;

3. Тор тұрлауық (жүректегі 200 белгі кристалдық нейрондардың ашылуымен бой өріснің жарықтығы);

4. Абсолюттік белгіні көру (Құдайға риясыз сенушілік. Матеметикалық шама, шеңберді (шар-ортасы төрт бұрыш, мәңгілік өмір, уақыт қуаты) меңгеру;

5. Сегіз жолға жалғану;

6. Құс жолына жалғану, құс тілін меңгеру;

7. Қазан-ошақ қуаттық жүйесін меңгеру және берекеттендіру;

8. Материяға жер ядросына, Раббымыздың сары нұрына ену.

Енді осы талқылап жатқан қазақ елінің көш басында жүрген ағайындарымыз масһабтық тұрғыда ғана, дін құлышылығын меңгере алғанда, қазақ еліндегі қияметтік жағдайдан шығудың жолын, құдайдың еркін меңгеруге, бейбітшіліктегі берекетті елге айналу жолына түкен де болар еді. Олай болса, масһаб тұрғысында тақуалықтың жоғарғы дәрежесінде тура жолдың үлгісі ақиқатқа жеткен, деген дін қандасымыздың иман айнасына үңіліп көрсек;

Ерсін Әміре Бекайдарұлы; 2 шілде 1981ж.

Алматы қаласының мешітінің бас имамы, теолог дін ғалымы; «Қамыс жігерлі. Алдына қойған мақсаты бар.Қырғи қабақты. Мамық тілді. Жанға жалау пенде. Үздік сыры дерті бар. Тілмаштығы бар. Жүректе сары уайымы бар. Көп сауалға жауап іздеген жан. Қымбат білекті. Ніл қуатты. Бауырда сырқаты бар. Кейкі батыр қолдауы бар. Қар жағалы. Шәк төзімді. Үлгілі кемеңгерлігі басым.

Наз қуатты. Бес қарулы. Көз ілігі бар. Кеуде сасықтанып тұр. Түн белесінде алған. Төсте дерті бар. Қанжығалы Қабанбай батыр қолдауы бар. Әзәзілге қарсы тұрған. Кескір келбетті. Қуықта ирім бар. Желке қара құста ілік бар. Жанға жан қосқан пенде. Жан дүниесінде тасыры бар. Егіз сыңарлы. Әнет баба қолдауында жүрген пенде. Дауыста үнде тұр. Жерде үлесі бар. Сырқат белгісімен жүктелген жүрек көзі ашылмай тұр. Дым, ымға түсінбеген. Ретпен деген пенде. Қауыз жарған (ұрықтың жағдайы) Қойлықта қалғаны бар. Нар түйеде. Атан түйеде тұр.

Аллаға сенген жан. Жалғанға тоқтаған. Ойшыл. Ой қуатын аластатып алуы керек. Үлеске қоз созуда. Айнамкөз ана қолдауы бар. Нүктеде кеп тұр.(күні, чакра, кристалдар толық ашылмаған) Жарығы жанған жан. Жер қуатымен толыспаған. Дәнегі піспей тұр.» Сонымен бұл дін қандасымыздың қандай теологиялық білімі барын өзіңіз білерсіздер, бірақ тарихаттың пірі болып жүрген Құрбанәлі мырзадан рухани төмен тұрғаны хақ. Ұждандылығы да жетілмеген, кеудесі шамасынан артық садақамен кірлеп қалған. Әрине мұндай жағдайда тарихаттың деңгейде де теологиялық білімі жеткіліксіз болуы да сөзсіз.

Егерде мешіттегі жұмаға ел басқарушы әкім келсе, онда жамағатқа имам болуға имамның орын беруі тиісті. Себебі ел басқарушы әкімдер рухани тұрғыда имамдардың дәрежесінен артық төрелік қасиеті болуы шарт.

Сонымен арасында имандылығы жоғары дінге көзқарасы дұрыс деген, ел билеушілердің иман айнасына үңіліп көрсек; Ел басымыздың ең сенімді уәзірлерінің бірі, «Нұр отан» партиясының атқарушы басшысы;

Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы; 12 желтоқсан 1960ж. «Кіреуке. Назарда тұрған жан. Жан қуаты әлсіреп тұр. 21 ата тек үздігінде. Күрделі жағдайда тұр.

Ауқапты. Арнаға түспей қинауда. Керілік бар. (Қорқыт жын бар) «Ти десем тимейді, тиме десем тиеді» мерген болған атасы болған. Жауғаштыда үлесі кетіп қалған батыр атасы болған. Тұз боп тұр. Шекпенді пенде. Шертіл дәулетті. Қоғада ілініп тұр. Қағазға түскенде түрленер. Сезім мүшесі сіңімді. Игі тартып тұр. Қамбар ата қолдауы бар. Сәуір айында ісіне төзіммен оңдылық оралар. Дихан көз атасы болған.

Ауға түскен ықпалы болған. Дүйсенбі өте қолайлы күні есіне сақтасын. Арғы атасы кездескен. Бел омыртқада сырқат бар. Қаралық шырмалып тұр(бақтың белге қонбауы) Бетте көгершіні бар. Нәубеттен өткен жаны бар. Оңғар жырау қолдауы бар. Арқа тұста без шаншау бар. Қайназар ата қолдауы бар. Жан дүниесі осал жан. Көзі кідірген жан. Алқабы ауыспалы. Түтіндікте түрленіп түнеп тұр. (теріс ақпаратты өрісте, бастың қорғалмауынан) Аузының суы қуарған. (дінге қайшы ойы теріс сөздерді көп айтудан). Алақанда местік бар. 5-тен тайқып тұр (бес қуатты меңгере алмау). Қарағыс босағасында тұр.

Сейсенбіде іс бастамасын. Ми қуаты сығыңқы, тамырлары байланған. Ар деп тұр көңілі соқпай тұр. Өгіз мінген тақуа атасы келіп арашалап тұр. Қызбалық мінезі бар. Бірақ тоқтамды сөйлейтін пенде. Арқасында аруақтың белгісі бар (таңба секілді). Жұлдызға аруақтары жалғанып тұр. Кейде тағатсыздық танытады. Оң жақ аяқ табанда ауырлық бар. Екі ұштылыққа салынады. «Бас кеспек боса да тіл кеспек жоқ» ұстаны. Таразыға тағдыры тартылады. Жетекке жегіледі.

Базар жырау қолдауы бар. Бабыралы Бақанас атамен рухани байланысы бар. Тізеде Арыстан баба қыспағы бар. 7 жыл бұрын аруақтан аманат алған. Жүкті арқалап жүр. Туралыққа түспесе, сегізкөзге қыспақ түседі. Жамбыл атаның сынағы тұр алдында. Солға қармай оңға қара деген белгі салып тұр аруақтары. 49 санды белгіге абай болуы керек (Ғиса пайғамбар өліммен жүздесу). Ата жолына мән берсе дегеніне жетеді.»

Сонымен Нұр отан партиясымен бүкіл қазақ елін құтқарылуға әділеті өмір сүруге, мәңгілік өмірді насихатап жүрген ел билеушінің өз тағдырын да мәңгілік өмірге жалғай алмай, және құдайсыз ата жолынсыз құтқара алмасы да хақ. Қызылорда обылысына әкім болып, ата жолын ақпараттық жүйелер арқылы қудалатып, менің шығартқан кітабымды таратуға тиым салып, ақырында көктен 40 метрден құлап аман қалған уақиғаны әрине халық ұмыта қойған жоқ. Құл-Мұхаммед мырзаға бұл қарғыстың босағадан қарап тұрғанын да қайтадан ескертілді.

Енді қазақ ұлттының қалаулыларының арасында ең озық болып, өзін ұлттың жанашыры тұрғысында көрсетіп жүрген, ғылым докторы, мәжілістің депутаты, дінім ислам, ата дәстүріне көзқарасым түзу деген;

Қуаныш Сұлтанов, 12 мамыр 1945ж. Раббымыздан; «Қызба мінезді. Өркөкірек. Аша тұяқты (малдық қуаты). Зіркіме. Сесті. Сөзшең. Реңді. Қауызы жанған. Діни көзқарасы ұжданды. Жан серігі бар.

Азу тісті. Өздігінен беріспес. Жаяу Мұса қолдауы бар. Жез таңдайлығы бар анадан дарыған. Сүйектерде сызы бар. Асқазанда ауыртпалық орналасқан (жалаңбас дәретсіз қатындар қолынан тамақ ішуден). Әупірмен аман қалған. Әрдайым уақытпен санасады. Қасқыр (ақыл еркі, тектілігі). Тасбақа білімді (кітапқа ғана сүйену). Сөзі кірлеген. Басында сақинасы бар. Оты кеуде. Қос шырақты. Азанда белгісі бар. Төрт қара қолдауы бар. Табанда зең бар (қара жыныстық қуатпен әйел затына байланысты). Оңға қарап тұр.

Қарауыл болған атасы қолдау беріп тұр. Әуезді әуенді. Батырлықпен жаралған пенде. Арсыздыққа жаны қас. Төзімді. Үрдісті салтқа мығым. Ару ана құрсағынан. Жан тазалығын жоғалтып алмауды көздейді. Дігер басты. Шенегі бар табанда. Кәпірге сенбес. Райхан гүлді тазша баланы тоқиды, яғни ойшылдыққа жаны жақын (Саналықты меңгере алмай жүр). Жаны ханға сәлем берген, дес бермеген. Жақсыны тудырған жан. Шешендік бар тілде. Өктем. Өжет. Өзінің Алла берген тауы бар. Ұраны шындық. Көп әттеңі бар. Өкінші көп. Кешір сөзі ұлылығы. Айнамкөз ана қолдауы бар. Қағаз қаламға Алладан қуат алған пенде. Ісі оңалмай қиналуда. Жәудірге жан ашыр. Төрге ілінген бағы бар.»

Енді өздерін масһабпен бес парызбен, тәпсірлік білімен дін ғалымы, имам, теолог аталғандарға қарағанда бұл ағайынымыздың рухани дәрежесі әлде қайда артық. Себебі ата дәстүрін толық болмаса да ұстанатын жайы бар екен. Тек қана аруақтық аянға тағдыр кітабына жалғануға, қазақ дәстүріне сай сопылық тақуалығы мүлде келіспейді екен. Әрине ел билеушілердің көпшілгі бұл ағайындарға қарағанда мүлде рухани кісілігі, ішкі зайырлығы төмен, қара май шайыры көп. Олай болса, ата жолын түсініп бағалулары да діншілердің айтқанмен ғана жүрулері заңды құбылыс. Онда уәзірлерінің жоғарғы жағдайы осындай боса ел басшысынан не сұрау болмақ? (жалғасы бар Қараша 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.