Құдайшылдық негіздері мен құдайға теңдес қылмау туралы

Абай атамыз; «…Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң діннің өзі неден болады? Жоқ сен жақсылық, жаманшылықты жаратқан- құдай, бірақ қылдырған құдай емес, ауруды да жаратқан –құдай, ауыртқан құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан-құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе-жоқ.»

Енді қазақтың бүгінгі таңдағы дін, ел саясатымызды Абай атамызбен ақыл тоқтатып бағып көрсек. Дін масһабымызда ақылдың қызметін қажет етепейді де Ханафи масһабында еш жасырын жалғаны жоқ, тура жол деп түсіндерді. Олай болса бұл дін құдайдық өзінен таза ақылдан болғаны. Олай болса Ханафи масһабы дін аталудан шығып Құдай болуы керек. Ал жақсылықпен, жаманшылықтың бәрін құдай жаратқанмен жақсы, жаман болуды құдай қылмайды әркім ақылмен өзі таңдайды. Мұндай жағдайда тарихатшымыз, пірге қол бередік, барлық жақсылықтың бәрі піріміз арқылы болып жатыр дегндердің жамандыққа түсіп жатқандары да жеткілікті. Оны да пірлерінен алған ақылдан деп ойлау керек емес пе?

Демек жақсылықтың да ақылмен байланысты шамасы болып, ақылмен өлшенген жақсылықта жасырын жамандықтың болу да хақ. Біздердің ғылымсыз, құдайды тануымыз мүмкін емес, ғылымынан ғана ақылымыз жетіліп әр заманың жақсы жаманын ажырата білуге біліміміз де рұқан қуатанған ақыл арқылы ғана жетілмек. Енді денсаулықты беретін құдай екен де ал ауыртқан құдай емес, деп біліуміз керек. Себебі тәні саудың, жаны сау, жаны саудың рұқы таза қуатты болмақ. Рұқымыздық таза қуаты болмауынан тәнде, жан да ауырады екен.

Олай болса, денсаулық сақтау, жан сақтау министірлігін құрып, халықты ауыртпай, мәңгілік өмір сүргіземіз, жанды қыламыз дегенде жалған құдайға қарсылық, дінсіздік те болмақ. Ал енді бай болуда, кедей болуды да құдай қылмайды, әркім еңбегіне, біліміне қарай, немесе жұртты қанап, алдап, тартып алыпта құдайсыз бай бола бермек. Мұны кез келген заман өмір тәжірибесінен білуге болады. Ал мұндай жағдайда Құдайдан несібе сұрап, қалай кедейліктен құтылуға болады, деген сауалға да ақыл мен ғылымды болумен және денсаулық, ақ жаулық арқылы жетуге болатынын қазақтың дәстүрінде, ата жолында үлгісі жеткілікті де.

Қарапайым мысалмен құдай ешкімді себепсіз жақсы қылмайды, әркім істеген ізгілік, игілігіне қарай құдайдан дәрежелеп көбейтіп алуы керек. Ал ізігілікпен, игіліксіз жақсылыққа жеттім дегендер жалған және ол құдайдың әділетілігіне лайық емес. Сонымен бірге құдайдың беретін жақсылығы ақиретпен байланысты болып; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген аталарымыз. Олай болса, құдайдың қалауымен дәулетті болған пенделердің де иманы сол дәрежесіне лайық болып, тақуалығына, әулиелігіне қарай дүние байларыннан ерекшелігі болуы тиісті. Жан байлығы да сәйкесті болмақ.

Сонымен біздің негізгі тақырыбымыз қазіргі таңдағы діндегі бар жақсылық масһабты меңгерумен байланысты, деп мұны мешіт имамдарының дін ғалымдарының арқасында деп түсіндіреді. Олай болса, жасырын болып жатқан дінімен байланысты барлық арсыздықтар, бүліктер де солардың арқасында болуы керек. Олай емес, деп бұған қарсы болсаңыз, онда олардың тек қана адамдық жақсылықпен, нығметтін дәрежелеп көбейтуші құдай, тәңір болғаны. Егер құдай бола алмаса онда ақылмен өлшеніп, жанға байлығы мен әулиелік тақуалықтары да сәйкесті болмақ. Ал мұндай ғылымға құдайға сүйенбеген қандайда бір дүниелік жақсылықтың ішінде жасырын жамандықтары бар. Ондай әулиелектері бар ма? Әрине жоқ екені де сөзсіз.

Сондықтан мұны жасыру үшін олар ақылды төмен қойып тәпсірлік білімді ғана мойындаумен өздері де шайтан жамағаты болып алғандарын білмейді де. Енді қазақ мемлекетінің бүгінгі таңдағы дүниелік, шарауашылық тұрғысында жеткен барлық жетістіктерді ел басшысы Нұрсұлтанның арқасында деп мадақтаудан жалықпаймыз. Ел басымыз құдай еместігі рас болса, онда еліміздігі барлық жасырын, көрнеу жаманшылықта ел басының арқасында болмай ма? Ал шынында ол ешкімге жаман бол, деп айтып жүргені жоқ қой.

Бірақ, енді есті адам баласына ақыл мен ғылымға, құдайшылыққа тосу болған жерде онда жамандықты да ел билігінің қолдан көбейту саясатын ұстанатыда заңды емес пе? Ал енді жақсылықтарды әуелі құдайдан, сосын пәленшекелердің арқасында деген ұғымды қолдансақ, онда құдайшылдықты тілмен айтып, бейнелеп ал іспен қылмағасын, мұның өзі екі жүзділік жасырын тұрған жамандықтарды көбейтуге қолдау беру емес пе? Ал дін масһабшы, діншілерміз және ел билеуші, білімді қаумының өкілдері ата дәстүрін ұстануға, құдайшылдыққа қарсы бола тұра, құдайшылмыз деп айта ала ма?

Құдайшылмыз, дегендерге құдайшылдығыңды көрсете ғой онда десек, оны әуелі қандай екенін де білімді, ел билеуші, философ, ғалым ағайындардың өзі де білмейді десек қалай болады? Мәжілісте әйелдерімзге, қыздарымызға ата дәстіүірін ұсатны ормал тартуға тиым салғанға көптеген қазақтық халқы қуанштарын да жасыра алмағаны белгілі болды. Осы мысалдың өзі бүгінгі ел билеушілердің және қазақ халқының арсыздыған да кепілдіке жетпейді ме? Демек еліміздегі болып жатқан жамандықтардың де негізгі себепшілері ел билеушілердің арқасында болып жатқаны да хақ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.