XII. Қазақ елінің дін, ел басшылары мен зиялы қауым өкілдерінің рухани тектілік, зайырлық, кісілік дәрежелері

«…Құдай тағала саған еңбек қылып мал табарлық қуат берді. Ол қуатты адал кәсіп қыларлық орынға жұмсамаймысың. Жұмсамайсың. Ол қуатты орнын тауып сарп қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ол ғылымды оқыса, ұғарлық ақыл берді, қайда жібергеніңді кім біледі?…Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадттар орынан бармайды..» (Абай 10-сөз) Енді біздердің жандық ғылым тұрғысында ішкі дүниесіне Раббымыздың көрсетуі арқылы үңіліп талқылап жатқан ағайындарымыз мал табарлық қуаттарын өз орына жұмсай білген, қандай да ісін қуаттық жүйесін өз орнына тапсыра білген аманатқа қиянат жасаумаушы қазақ мемлекетінің төре, қожалық қасиетілік тегін ұстанушылар екені сөзсіз.

Енді ел басқарушы төрелеріміздің мұндай малдық қуаттарын өз орына пайдалана білген,  өз қаралық жүктерін тазартып, өз нәпсісін жеңе білген, құранмен байланысты әлемдік қуаттық жүйеге де жалғанған қасиет егелері болып; 1.Толықандылық; 2. Дәйектілік; 3.Тағатылық; 4. Дәрмеділік қасиетпенен төртеуі түгелдерге жатады. Ал дінші имам, ғалымдарымыз қожалық қасиетті меңгергендер, жанына қожа болғандар 99 сандық белгімен байланысты құдайшылдықпен Алланың көркем есімдеріне толық жалғана алғандар болуы шарт.

Енді қазақ ғылымының басында тұрған, үш тілмен қазақ жастарын ғылымды қыламыз деген ел басы жолдауын атқарушы ағайынымыздың төрелік қасиетінің жағдайына үңіліп көрсек;

Ерлан Кенжағалиұлы Сағадиев. 196. 29.09; «Көпшіл. Көреген. Отбасылы үрдісті қатты ұстанады. Мейрімді. Мығым пенде. Сөзге тоқтауы бар. Әккілікті ұнатпайды. Ат жеккенге айдалған атасы болған. Шайыр білімді. Қазынасы мол. Үстемділікті ұнатпайды. Жазу сызу өнері бар. Қабақты қатулы жан. Қара мейізді жесе ем болады.

Сынықшы атасы болған. Еңбекқор. Әркезде құдайға жалбарынады екен. Дегерес әулие қолдауы бар. Ергіштігі бар. Өткелден өте алмауда. Тұмары бар екен. Сезімтал. Ақпарат көзін електен өткізгіш. Аса сақ жан. Гүлі қырмызы. Дана анадан туған. Көзде белгісі бар. Ойынға әуестігі бар. Ноқат белді. 7 ата назары бар. Өзі екеу екен. Ішті иіс жайлап тұр. Күйігі бар. Табаны тесік.

Өкпелегіш. Дастарханы әр дайын жайыулы. Қара көлеңке ілесуде. 7 жерде жезі бар. Шыңғырлау тауында тұр. 7 атадан келген тазалық бар екен. Асылдың сынығы. Арпаның сұлысы. Екіге бөлінген жүрегі бар. Үлестіргіш өзі ілеспей қалуда. Жазық далада қаңғып қалған иесі бар. Қара құмықты көп жесін. Қағыс естімесін абай болсын. Бағын сынаған жан. Рең жүзді. Қайнар бұлақты. Шөлдеп тұр.

Арманда із қалған. Белінде таңбасы бар. Тұла бойы ашып тұр. Дуылдағы бар. Кәрілік жетіп мазалап тұр. Қорғасын құйынсын (қорқыт). Алқанда сырқат басым. Турашылмын деп ойлайды өзін. Теңдікті аңсайды. Саурық батыр жетегі бар. Өте сыпайы. Білімді. Ерен жүзді. Көп нәзікке тізесін батырған. Құйрық жанды.

Су арнасынан тоғысады. Жұлдыз мәндес. Құрғақ ауыз. Кереку өңірінде сыңары болған. Дәуірін өткізіп алмасын. Денеге мығым болсын.Жарты басы мұз. Тез шаршайды. Ауа райына ілескіш. Билікте ұстамды. Қазбалағанды ұнатпас. Ұқыптылықты жақсы көреді. Қасында дәу жүр. Таразыға келіп тіреліп тұр.» Сонымен министр ағайынымыздың жақсылығмен бірге 23 түрлі қарсылығы яғни орынын таба алмаған қара түнектің ықпалына негізделген тазармаған қуатық жүйесі бар.

Мұндай рухани жағдайда және «құйрық жанды», яғни көңілдің артағы майға кетіп қалуымен ойшылыдықтың болып ғылым туралы ұғымды түсініп меңгере алуы да мүмкін емес. Ал төрелік қасиетін оқырмандардың өзі бағалап көрер. Мемлекет басшысының ең жақын тапсырған жобаларын адал атқарушы уәзір төресінің раухани жағдайына да үңілік көрейік;

Ахметжан Смағұлұлы Есімов 1950. 15. 12 жыл. (Экономика ғылымының докторы); «Қырағы көз. Тіл шебері. Сайгүлігі сай тұр. Әрдайым тұзағы жанында тұр екен. Сараңдығы бар. Дүние тапқыш. Сес бермес. Ілік іздегенді жақсы көрмес. Көрмес түйені де көрмес. Арқа белде, төсте, алқымда (қаралық) тұр. Кәрілік асып түсіп тұр (жаны қартайып кетуі). Нұр қуаттан кенде қалған. Алсапыранда жүргенді ұнатады.

Жазуда, сызуда ілігі бар. Қулық сұмдығы басым. Мұрын тыныс жолдарында ақауы белгі екен. Жан ұшырарлық кезеңдері көп болған. Әнет баба қолдауы бар. Жинағаны (байлығы) көп. Көзде ілік бар. Арқан белде тұр. Насрадин патшаның сыңары. Алтын жүзікті екен, бірақ кірлеп қалған. Жан айқайын сыртқа шығармайды. Дәуріштердің желегінде. Кісең мінезді.

Сарқыт дегенді ұнатады. Саурық батырдың демеуі бар. Жаурында түйіні бар. Асқазанда кетпес зері бар екен. Үкіштен өткізіп әрдайым сәбіз жесін емі бар. Аяқтардан, табандарынан суық өткен. Жемтігі толып тұр. Қуырмаш жемесін. Әсерге, (жындармен байланысты) ілімге ден қойған. Жан қуат жетілмей қалған. Жын-шайтанға ілеспесін. Ақылды кеңге салсын. Ақ көрпенің әлсіргені жанға батады екен. Қиғаш белді.

Ыстық демі мазалайды екен. Өгіздің ыстық қарнына жатсын. Қуаты, шаухаты қайта оралады. Абай атамен шыңдалсын. Дәулеткерейге іліксін. Жермен жексен болғандарға арнап құран оқысын қол жайсын. Ас көкті көп жесін. Сәруар ана қолдауы бар. Ала қарға қара қарға деп жоламайды екен. Дәстүрге ден қояды екен.

Ыстыққа аяқ салмасын. Тауға шықсын дем қуат алады. «Сары әулиеге» жоламасын! Оты сөнер.(жаны жоғалады) Жиналыста іштей Алла деп шахадат кәлиме айтса оңдылық болады. Қайрымдылығы басым екен. Үлескерлерге жолмасын! Ел билікке сағым салсын. Әрдайым айға сәлем берсін!» Бұл төреміздің; «Әсерге, (жындармен байланысты) ілімге ден қойған. Жан қуат жетілмей қалған. Жын-шайтанға ілеспесін.» деген белгіге қарап ел биліктің ғылым туралы мүлде білімі әркеті жоғына, және дінсіз біилік құру салтымен өз жандарынан айрылып, ұрпақтары тегі де жоғалу жолында тұрғанын байқауға болады.

Мемлекет басшысының қазақ жан ғылымын терістеп, жастардың кез келгенін төре қылуға құдіретімін деген де ашық сөзі болғаны бар. Олай болса осындай таланты жастың бірін, ғылымдылығын, рухани жетілгендігін аңғарып көрейік;

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек 1974. 19. 03; «Сай сүйегінде санау бар. Досқа адал. Тал қуатты. Қоңқылдағанды ұнатпайды. Жер ұйықта тұр. Жұлдызбен жалғануда. Әскер иесі Дәулеткерей ата қолдауы бар. Қамшысы аршылып тұр. Түзде тұр. Сәугейлігі бар екен қаннан берілген. Жайсаң жан. Төменге жайлаған сырқаты бар. Аяқтардың тамырлары әлсіз. Ақ қоян жүректі. Тұла бойда құрсау тұр.

Санаққа алынды. Кез келген шақта тұтылар. Жасырған діннің діңгегі бар. Асқазанда алқымда ақауы бар. Сенгіш. Ер жүректік бар, ашылмай тұр. Қабыстырып ұстасын. Жел маяға мінген атасы болған екен қолдау беріп жүр. Тай қазаны сұрыпталып тұр. Сүйектерде кәрілік басым. Көрнеулігі бар. Қызғыш құс. Жасырында тұрған ілік бар. Жасынға шығармасын.

Тағдыр тұйығында тұр. Өскелең ұрпақтың есінде қалады. Әділетілікті жаны сүйеді. Көп бергенді ұнатады. Ішек құрлыста бітеуі бар екен. Ұстамды. Кәкір шүкірді елегенді ұнатпайды. Жанда мешелдік бар. Иекте көз бар. Демде сұс бар. Өкпеде жылу бар. Қасқыр болсын! Домалақ анаға тәу етсін, жеңілдік алады. Бота тайлағы Алла қаласа жетілер. Кер заманда ілімді болған.

Астауында уы бар бекем болсын. Төс белгіде тұр. Сары киіз жасыл кілем. Түктібай ата қолдауы болғай. Жаным садаға десін. Шайырларға сәлем берсін. Әупірім десін. Дәуіт пайғамбармен жалғассын, оңдығында. Тәуірдің тауарынан. Өзге ұлтқа сенбесін. Зәйтүн майын ішіп отырсын әрдайым дем болады. Сөзге шебер болсын. Деректерге мән берсін. Десті қыпшақ жерінің әлеулілерінің қолдауы бар. Кәрі әжесінің көз жасы, кәусар бұлағы қуармасын деген бата берді.»

Және Бауыржан мырзаның үлкен атасы келіп; «Жасырын келісіммен жасап жатқан істері бар. Арада алдаушылар жүр. Абай болсын қол қоймасын! Садақаны көбірек берсін!» деген аманатын да жеткізіп қойған дұрыс болар. Енді мұндай таланты жастарды жаныдағы мешелдігінен құтқарылмай, оны ғылымды меңгерумен меңгеруге уақыт бермей мұндай жауапты жұмысқа ерте жегіп қойғанан не пайда? Қандайда бір адам баласының мейлі қандай білімді, кәсіпті, дінді меңгеру жолында болсын, егер жанын толық жетіліуін меңгере алмаса, оның тегі бекіп, қасиеті артып түнек күштеріне қарсы тұрарлық ақылы да қалыптасып, қателесуден аман болмайтынын да естен шығармау керек….(жалғасы бар Желтоқсан 2016 жыл.)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.