Жесір мен кәрі қыздардың құлақтарына алтын сырға!

(Осыдан 4 жыл шамасында бір әйелзатының қазақта батыр бар ма деген сауалына жазылған жауап еді. Ата жолы қазақ дәстүрінің маңызын болашағын түсінуге мүмкін еркектер қауымына ой салар деген мақсатпен жариялап отырмыз)

 

Кеш жарық! Қазақта батыр бар ма?Деген сұрауың оқырмандардан жауапсыз қалыпты. Ұлықсат болса, кел ой бөлісейік. Шынымен бар ма жоқ па? Сенің осы сауалыңды естігенде- ақ, ақымақ емес, бұл ақылдан әріден, жүректен шынымен жан айқай деп ұқтым. Шындығында сөз түсінген адам баласына осы сауалдың өзі де көп нәрсені аңғартады. Енді мен аңғарғанымды баяндап көрейін, ал сен қатесі немесе артығы болса түзетерсің. Мен сені бірақ сынап, түрлі күйге түсірудегі мақсатым да, саған ордадағы алып жатқан қамшы емі дұрыс дарымаса, бойыңдағы жиналған, уайым, іштен шықан ыза, жаныңдағыларға деген өкпе, барлығы адамды жегідей жей береді.

Сондықтан сөз түсінетінің, ұятылығыңды, намысыңды байқап, үйде отырып-ақ құдайға дұға жасап, ем-шипасын сұрадым. Оның жемісін жуық арада жүрегің сезе бастайтыны да хақ. Сонымен енді сенің жасырған сырларыңды менің байқағанымды тыңдап көр. Сен туралы мен осыдан екі-үш ай көлемінде аян келіп, сен аттас алыстау туысқан қыз өте нәзік, кішкентай және өзі оқуға да құмар болып, біздің студент болып, үйленген уақытта біраз бірге тұрып, оқу бітіріп күйеуге шығып, кейін ажырасып сынақтар болғанын естігенмін. Сонымен ол қарындасым түсімде, керуен автобусында менің артымда отырып иығыма асылып, бір нәрселерді еркелеп айтып жатты. Осындай сипатта екі рет көрдім. Тек оның енді жасы да біразға келіп, және арамызда алшақтап кеткен,ал аяндағы көрген әйелзаты жас екен, мүмкін сені ата жолға сал, көмекшің жәрдемшің болады деген екен деп жорыдым.

Сонымен ол қарындасым мені өзі іздеп тауып алған сен болып шықтың. Яғни маған сені жетекке алу аманат болған екен. Сонымен сенің жағдайың әкеңді немесе ағаңды іздеп емес, мынандай тағдырдың сынағын артып алып, және енді сен олардың анасы сияқты болғасын өз жасыңнан әлде қайда биік 40- жастағы әйелдей ойлауың, солай өзіңдегі жауапкершілікті сезінуің де қалыпты жағдай. Сондықтан қанша жаның күйеуге тиіп, әйел бақытын сезгің келсе де, артыңдағы балаларыңа қарап тартыншақтап, және өзіңнің осалдығыңды да көпшілікке білдірмей, өзің ана, өзің әке болып, осындай жүкті арқалап, сырты бүтін, іші түтін болып жүргесін сен ауырмай кім ауырады.

Сондықтан саған қаталдықпен алдыңғы жазған жауап хатымның талабы да; «ПЕРЕ- ЖИВАНИЕ» (Прожувание ненужных мысли) деген жылау арқылы яғни сені ызаландыру арқылы, ішіндегісін сыртқа шығарсын деген ғана ағалық қамқорлығым еді. Артық кетсем кешіре сал! Ал мұндай жағдайда шынында күйеуге тиіп, олардың орнын ауыстыр немесе бөтен жан ұяға қосқанымен арада кесе, пәрнек сылдырап, балалар шатасып дегендей сынақ болып; «осылардан-ақ бәлеге қалдым» деген сөзді қандай ана естігісі келеді дейсің? Ал еркек қанша жақсы болғанмен, біздерде өзімшілдік, менікі ғана болса, деген жаман мінезіміз бар екені де рас. Енді сенің осыларды өсірсем, ешкімнен тепкі сөз естіртпей жеткізсем, деп өз жаныңды құрбан қылдым дегенмен, табиғат берген ерекшелік, қатарыңның жағдайларын көріп әрине іштей өртейтіні де хақ.

Сол себептен де жаратқанан, басқаларға қарағанда да көп тілеп жалбарынасың, сұрайсың, бақытыңды белгісіз бір елесті іздеп, үмітеніп ордаларды аралап, кім дұрыс бағыт сілтер екен деп жәутеңдеп, көріпкелсымақтардың аузын бағып, ізденуің де заңдылық. Бірақ сенің мұқтажыңды, тіршіліктің ерекшелігіңді кім терең ойлап, басын қатырсын. Ал, Құдай сені ойлап, саған бақытты жолды дайындап қойғанын, оған да белгілі сынан өту керек екенін, сенің жағдайыңда қалай батыл қадамға бара алады? Бұл шынында бүгінгі күн тірлігімен дұрыс шешім, сақтансаң сақтаймын деген Құдайда.

Енді сенің жағдайыңды түзеу үшін шынында батыр еркек керек. Бірақ сенімен бірге қасыңа келіп тұруға,басы бос, әйелі жоқ қандай текті қазақ келіседі? Өзімнің от басым бар, әке-шеше ағайын, келін міндеті дегендей салтымыз тағы бар. Және енді сенің өз туған баларыңдай болған бауырларыңды да тәрбиелей білу, сынына шыдай білу дегендей, көп еректердің мұндай нәрседен тәжірибесіздігінен, шыдамсыздығынан, дін-жанының таза болмауынан туындайтын түрлі тіршілік тауқыметі тағы да бар.Ал мұндай жағдайда батыр еркектер де бар. Сені екінші әйелі қылып, бар жағдайыңды жасап, анда санда бір көрініп дегендей, бірақ бұдай жағдайда, әулиелер батасы мен да аруақтан қолдауы болмаса, қаншама осындай бастықтардың, байлардың екінші, үшінші от басылары далада қалып, тауқімет тартып жатқаны қанша.

Сен сияқты бауырларым бақытты болсын деп, күйеуге тие алмай, ал олар өсіп, қолы босағанда, өзіне ұнайтын тиетін күйеу тапса, бала қызығын көре алмай, тіптен жалғыз өзі бір бөлмеде қамалып, қарттық пен өлімді ғана күтіп қалғандар да қаншама. Сондықтан өмірге келетін осындай, өзіңдегідей жаратылыстан сыйға беріліп, жатырда тұратын алтын бесіктердің қаншамасы тербелмей қалды? Міне осы тұрғыда ата жолының да мақсаты қазақ елінде, жетім де жесір де болмай, бақытты әділетті қоғам құру. Бірақ осы жолда да үлгі болып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін халықа дәлелдеп көрсететін сенімнің батырлары керек. Меніңде шәкіртеріме де түсіндіп, дәлелдеу керек, бір күрделі мәселе де осы. Ал өзім бірінші бастап, мысал көрсетуге осы уақытқа дейін аруақтан кейін шегеріп келе жатқанының да мәнісі де болу керек.

Мысалы біз сияқты ерекектер ерте үйленіп, балаларды өсіріп, білім өнер үйретіп, енді қолымыз бос, кейбіреулері босқа лағып, әртүрлі жаман істемен айналысып жүргендеріміз жеткілікті. Бірақ саған тек аруақтың көрсетумен ғана күйеуге шығу керек дегенім де, осы мәселерді өгіз өлмейтін, арба сыбайтын және халыққа үлгі өнеге болатындай, сенің де әйел бақытын көретіндей етіп қалыптастыруға да болады. Тек онда қасиетті меңгеріп орда ашып, халыққа қызмет жасау арқылы ғана арты да, болашағы да жақсы болмақ. Саған неге мен міндетті түрде тез күйеуге шық, деген сырдың да астарында сенің артыңда анаңның, ағаңның да аруағы осыны күтіп тұрғанын сезіп айтым. Себебі сенің күйеуің және өзіңмен бірге 6-жұрттың басы қосылса, бәйбішемен 9-жұртқа айналып, арғы дүниеде өз ара құда болып, сенің тағдырыңды, балалардың тағдырының нәтижелі болуына бір-біріне жәрдем берері де сөзсіз.

Қазіргі сенің жағдайыңда балаларды қозғап, немесе өзге семьяға қосып дегендей, басқалай әрекеттерге баруға да болмайды. Сол отырған жеріңде керісінше кеңітіп шаруашылыққа да қолайлы үйді ауыстырып алып дегендей, күйеуің екі арада жүретіндей мүмкіндікпен ғана балалардың жүргіне қаяу түсірмей атқару керек. Саған кәрі қыз дегенге тулаған шығарсың, ол сен үшін қайта дәреже. Сен тәкәпарлықпен еркектерді менсінбей, күйеуге шықпай жүрген жоқсың , керісінше өз жасыңнан ерте есейіп, өз теңіңді өз қатарыңнан іздеп таба алмай, ал өзіңнен үлкен саған лайықтардың басы бос болмай, артыңа қарайлағандықтан сен үшін бұл сөз қасиет.

Қыз, періште деген ұғым. Қаншама айтылатын әңгіме бар, бірақ оны жазып, сенің онсыз да жаралы жүргіңді сыздатқанан не пайда? Керісінше, қалай емделу жолын көрсетіп, осылай жүрсең дұрыс болады, дегенге маған сеніп, батыл қадам жасай аласың ба? Әлде менің сені әдейі намысыңа тиую үшін, ана тілін дұрыс білмейсің деп төмендеткеніме, шынымен иланып, жүргіңе ауыр алып қалды ма деп, осы тақырыпты сыпайлап түсіндіріп отырған жайым бар. Сен маған сен-сенбе мейлің, бәрібір тылсымнан берілген аян, уақи ол тағдырға келген жазу болып, өзің қамданып, алдын алып отырмасаң қиындығымен, сынағымен жетекке алып, бәрібір тағдырдың жазуына не қарсылыған қиындығына әкеліп соқтырады. Ал ондай жағдайда өмірде барлық жағынан да жетіспеушілік пен әттеген айы да мол болады.

Менің мақсатым да, сен өзіңнен төмен тек аққу, деген аты ғана барларға жалбақтамасын, деп қасиетті қалай меңгеріп, керісінше олардың сенің айтқаныңа, ақылыңа жұқтаж қылатын да, мен білетін жүрек тазалығымен маңдай көзін ашумен байланысты оңай жолы бар сен үшін де. Сен сияқты намысы бар, күресуге дәрмен болмай жүргендерге де құдайдың осындай нығметі бар да білген жөн. Маған да осындай дәлелдеп шығуға көмекші, мен де сүйенетін біліммен, білгенімді халыққа көрсетуге жәрдем беретін, адал, таза шәкірттер керек екенін, бірақ менің жалынып шақырып алғандарымың көбі дүние тірлігімен алданып, сертін мақтанға сатып, тастап немесе қиындыққа төзе алмай тастап кетіп, менің де кейде жүрегім тыншымайды.

Сондықтан да қатал, аяусыз, «фонат» болып көрінемін. Ал ішімдегі сырымды да тылсымнан келген шырқыраған адамзаттың асылдары қатарында, сапында болған ата бабаларымыздың аруақтарының үнін де жеткілікті жазып жатқанымен әзірге түсініп, жүрегі ауыртындарды аз кездестіп жүрмін, Енді айналайын өзің біл, менің дегенімен жүруге лайық емеспін, деп тартынсаң ешқандай зорлық жоқ. Сенен де төмен лайықсыздармен де әйтеуір, мысықтабандатып ата жолын алға жылжытып келеміз. Біздің көшедегі құдай патшалығының тойына сені маған да аянмен алдын ала ескертіліп шақырылғансың, тек кешігіп қалып, тәтті дәмді сыйлардан қалып қойма! Менің де ниетім өзіңе жаман болатынды өзгеге де жасамай, ал жақсысын біліп, көзің жетіп тұрып, бірақ түсіндіре алмай, осындай түрлі әрекеттермен тәжірибеге сүйенген, ізгі ниетен ғана екенін түсін. Аяныңа мұқият бол, енді түсің түзеліп, анаңмен, ағаңменде жүздесіп қаларсың. Аруақтардың өзіңе білдіретін түс аямен тапсырмаларына да абай боларсың. (2012 жыл)

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.