III-Ел басшысының ; «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» жолдауына…

(Жетеліктен хабары барларға ғана құлақағыс)

 

Қазіргі таңда әлем жұртын алаңдатқанымен қоймай қиындықтармен, дағдарыстарға, жоқшылықтың ұйығына тартып бара жатқан, табиғи апаттармен, өз ара соғыстардың жылдан-жылға уышығып келе жатқаны да жасырын емес. Мұнан жол табуға қаншама жиналыстар мен сәуегейлік шаралар қабылдағанмен, артында нәтижесі де шамалы ғана. Заңмен қорқытып, бағып, мал сияқты үнемі күзетіп, белгілі шекке, қораға қамап отырумен, тәртіпке бағындырып ғана жеңіске жетік, деп мәз болғанмен есті пендесіне мұның да уақытша ғана екеніне іштей сезеді де.

Осындай қияметік мезгілдің басында әлемді өзіне қарата білген қазақ елі тұрғанын да мойындау керек. Қазақ елінің ел билігінің саясатының әлемнің барлық елдерінің тіршілік ету үшін күрес білудің барлық салтын, білімін жинап алып, өзінше бөлек жол таппақ болған әрекеттерімен ай сайын өзгерістерімен жолдаулар жазып, әлемді шақырып жиналыс ашумен, ақылға сыймсыз заңдар шығарып, елді дүрліктірумен де ерекшеленеді. Сонымен әлем елдерінің дүние тіршілігіне бейімделудегі сынақ алаңы қазақ елі болып алғаны да сөзсіз. Аурудан әдет жаман дегендей енді қазақ еліннде ай сайын бір жаңалық ашу, өзгерістер енгізу ел билеушілерінің міндетті жоспары болып алғаны да сөзсіз.

 

Әлемнің ел билеушілерін үнемі назарын аударып отрға әдетініп алған ел басшымыз бұл салда әзірге ешкімді алдына сала қоймайтын түрі де бар. Негізгі себептің бастауы білімді- ғылым, деп қабылдап, әлемнің барлық өнертапқыштық білімін меңгеру жолына түсіп, қалай тіршілік етіп, жер бетінің көрнеу істерін, жаратылыс қуаттарын басқаруды үйренсек болды, мәңгілік өмір сүріп, саналы ұлтқа айналамыз, деген жалған бақытылықтың жолын ұстанаумен әлемдік перлік жүйенің де көш бастаушысы болып алғанымыз хақ.  Бірақ ғылымын атасы Адамдықтың қасиетін, тегін сақтап меңгеру жолын жетілдіру деген ұғымды ұмытқандықтан да, адам жер бетінде не үшін өмір сүру керек, жан, рұқтың қандай әрекеттермен көбейтіп тектілікті заманаға сай жетілдіре  аламыз, деген мақсаты жоқ зиялы атты қауымы бар елміз.

 

Сондықтан мұндай қауымнан білімді, дүние ісінде біліктілікті; ақылдылық, даналық деп қабылдағандықтан,   ұлтымыздың болашағын, өмірге келетін тегін қалай жетілдіру жолы бар, деген сауалға жауап бер алмайтын ел билеуші, білімді зиялы қауымның ой жоруларымен ғана өмір сүретін елге айналдық. Қазіргі таңдағы қазақтың білімді қауымының, ғалымдарының текті, саналықты меңгеретін Абаймыздың насихатында түсініп амалын орындауға деген әрекетсіздігіне де ашық дәлел бола алады. Қазақтың ежелгі номадтық тегі керісінше бұқара халықтың, қарапайым шаруалар от басында пайда болып, олардың тегін меңгеруге деген талабының алдын кесуші де өздерін текті, таланты қасиетті саналған ел басқарушылары мен шығармашылық өкілдері, зиялы, дінші атты қауым екендері да жалған емес.

 

Қазіргі қоғамдағы өз тегін сатуға бейім сатқындықты біліктілік, сәуегейлікпен жасырып, халыққа ақыл айтып жүрген шығармашылық өкілдері бұл жағдайды онан сайын ушықтыруға жанталасқан қияметтік өтпелі кезең мезгіл де болып табылады. Оның негізгі көрнісі әлемдік рухани жүйеден қуат беріп, қуат алмасуға бейім қазақтық нәсілдік алмасуды қалайда үзумен айналысып, орыс ұлтымен жақын болудан барлық зұлымдық бақытсыздық туындайды, деген қорқынышты қалыптастыру да ібілсітің негізгі қаруы екені де хақ. Негізінде нәсілдік тұрғыда қазақ тарихында болған сатқындықтың, ұлты нәубетке ұшыратқан арандатушылықтың қайталануымен де байланысты екені хақ.

 

Мұндай істердің басында ібілістің ұрпғына айналған, тегінде қасиетілігі болған, білімін ақыл қылғандықтан тәкпарлыққа өзім білемділікке түскен таланттылардың жүруі де заңдылық. Осындай елдің ішіне ірткі салып өздерінің қасиеттерін  тексіздікке айналдырып жүргендер, болашақта тағдырындағы қарғыстарын тазарта алмай жоғалу қаупін перілері арқылы сезетін қауымның өкілдері, қалайда бұндай құдайсыздық, тексіздік қазақ ұлтының болашағына балта шабумен айналысқан арам пиғылдарының ізін жасыруға тырысып бағуда. Әрине мұндай жағдайда әрбір адам баласының ішкі еркіндігін ақыл-ойда азаттығын қалыптастыратын қазақ дәстүрін, ата жолын бұғатап ұстауда іблістің жобасына болып табылады.

 

Осындай тәсілмен ақылдың маңызын қазақтың екі күні болған; жете, саналық тәрбиесін еріксіз заңмен шектеп тартып алған ел билеушілері енді өздерінің екі жүзді саясатын оңай жүзеге асыруға және мұны енді өздерін ғұлама, дана санағандарда аңғарудан қалған жағдайды қиямет атау да жаратылыстың заңдылығы болуы шарт. Қазір жоғарғы дәржелі мансап егелернің, білімді қауымның кез келген пендесінің біліммен ғана ой жоруды дарындылық, деп қабылдаудың да себебі, сана түгіл жетенің жай күйін қасиетін жоғалтып алумен байланысты екенін де біле жүріңіздер. Қазақтың ел басқарушы, шенділердің Құдаймен арадағы байлансы жоғалумен жаппай тексіздік дертіне ұшырап, енді өздерінің соңынан бұқара халықты да осындай батпаққа батуға әркет қылулары да ібілістің жоспарын орындаумен байланысты екені сөзсіз.

 

Сынықтан басқаның бәрі жұғады, себебі әрбір қылықтардың көлеңкесі және ата дәстүрінің ар, ұятылық қағидасын сақтамағанда, оның кез келген пендесіне еніп, түйсігіне әсер беріп, ібілістің басқаруына түсуге ықпал жасайды. Осындай жағдайдың қазіргі таңда нәтижеленіп, қара күштердің жеңіске жетіп, оның нәтижесі ел басымыздың ұлттың саналық кодын (діл-147) біліммен ғана болатына кепілдік беріп, үш тілмен ғылымды, латын тілінің таңбасын алып, өнертапқыштық білімді жетік меңгерумен ғана болашағымыз жарық болатына құдайсыз да қазақ күн көріп өмір сүре алады деген жолдауын ұсынды. Ел басымыз бұл әрекетімен құранға, құдайдың үкімдеріне, ата-бабаларымыздың қалдырған мирасы, аманаттарына ашық қарсы болып оны жоғалтуға қызмет қылып жүрегенін өзі де аңғарудан қалғаны сөзсіз.

 

Әрине ата жолындағы біздердің тарапымыздан бұл сынымыз көпшілік қазақ ұлтының намысын қорғау жолында еңбек етіп жүрген білімді, зиялы қауымға ерсілік, есерсоқтық болып көрінетіні де сөзсіз. Себебі ел басымыз тарихты жаңғырту, ата дәстүрін меңгеруді терістеп отырған жоқ, қайта бұл құндылықтарды енді жарыққа шығаратын мезгіл келді деп ашық айтып отыр. Бірақ екі жүзділік тұрғысында керісінше ділдің біліміне қарсы саясатты сол қалпында қалдырумен, ібілістің де жобасын орындау жолында мұндай жолдаудың ешқандайда нәтижесі болмайтынын да аңғаруға шарасыз.  Бұл саясатқа; «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген белгіні жаратушымыз су апатармен ескертіп жатқаны да хақ.

 

Құдайшылыдыққа қарсы қандайда бір әрекеттерге заң тұрғысында тиым салып; Ар, ұяттылықты алға қоймай, бұл әрекеттердің бәрі білім тұрғысында ғана қалып адамдықты, жанды жетілдіруге қызмет қыла алмайды. Адамдықтың жете, санамен таза ақылға жалғанумен ғана толысып қалыптасатынын ұмытпаған жөн. Ал ондай жарықтық қуатты өндіріп, әлемге қуат қосудың жүйесіне жалғанбағанда, бұл әрекеттер белгілі бір білімді ақыл қылып негізделген, жындылық қауымды қалыптастырумен, әлемдік дағдарыстан шығара алмайды, қайта бүгінгі қалыптасқан арсыздық салтымызға жауаптың күн санап артуына ғана себеп болады.

 

Елбасының жолдауының көптеген тарауларына қазақтың мүдесіне лайық, деп қоштағанмен ,оның керісінше нәтижесі болмай, елдің түңіліп, болашақ тегін, қасиетін жоғалта қоймаған ұрпақтармыздың, жастардың мұндай ата дәстүрінен бас тартуға, жанның қалауын орта топтық дін арқылы  іздеп, араптық елдердің салтына құштарлықпен нәсіліміздің араптануына соқтырса, ал тексіз қалғандардың европалық арсыздыққа байланып, қазақ ұлтын жоғалтудың ібілсітік жобасы, деп құран ұстап ант беруге болады.

 

Енді мұның ашық дәлелі қазақ елінде бейнеленгенін жетелілер ғана түсіне алады. Ата жолы ата дәстүрі болып басталған құдайшылыдықпен, құдай патшалығында өмір сүруге түсірілген Алланың берген бағын, қазіргі таңда керісінше ата жолынан көпшілік аққу, сұңқар аталғандардан есті пенденің басын алып қашатын жағдайына жеткенін неге жасырамыз? Бұғанда ата жолын ғылымдық тұрғыда зерттеп ақ қарасын ажыратуға мән бермеуге тырысқан ел биліктің екі жүзді саясаты мен білімді қауымының сатқындық, тексіздіктері ықпал болғаны да хақ. Ал мұны жалған дегенімізбен; күнде болып жатқан апаттардың, ауған еліндегі соғыстан беттер ажалдың талай пенделерді мезгілсіз құрбан қылып жатқанын неге жасырамыз?

 

Әлем тарихының тәжірибесінде, қандайда бір қияметтік жағдайдан халықтың тек дін арқылы ғана Құдайдың өзінен хабар алып, жол табумен ғана құтқарылғанын да мойындау керек. Олай болса, дін масһабымызды тура жол деп, ата жолын керісінше қудалаудан не ұттық? Қане халықтың құтқарылғаны; тура жолын тауып, тыныш бейбіт өмірге жеткені? Құдай мыңдаған дін ғалымдарын, имамдарының дұғасын неге қабылдап, мұндай қияметтік мезгілде, өзінің барлығына, дінінің хақиқатына дәлел беріп, осындай өзінің сүйген құлдарының абырой беделін артырмайды? Екі ұшты жағдай бұл жерде; құдайға деген нанымыңыз яғни жетелігіңіз болса, онда Құдай әділетсіз болуы мүмкін емес, десеңіз, онда ұстанған дінімізде жалғандық бар, сондықтан дұғасын жеткізе алатын елде үлкендер, ақсақалдар жоқ.

 

Ел басымызды да қажылық жасап, намазын оқығанмен де, Құдай қабылдамай жүр дұғасын немесе құдайын тануға масһабтық құлшылығы жетімсіз болғаны. Құдай да жетелі, саналы пендесінің дұға тілегін қабылдайтыны хақ. Сондықтан да жолдаудың жетелік тұрғыда да қисындалмағаны, саналық тұрғыда ойшылдықтан мүлде белгісі де жоқ десек, оны қазіргі ғұлама, даналарымыз, сәуегей ақылды саналғандар түсіне алмайды,мұны  болашақта ғана түсінетін қауым болады. Қазіргі таңда бұл жолдаудың ешқандай да қатесі жоқ десек, ойшылдықты білмегенде де қарапайым қисындаумен қарасақ; қазақтың ұзын сөзін байлығын енді өсірмеуге бағытталған үнді қысқартумен, болашақта өзге ұлттардан сөз атауларын қабылдаумен жадылық, жетелік,саналық деңгейін яғни бір естілігін сол заманға сай қалыптастыру мүмкіндігі шектелді.

 

«Ол Алла есепшілердің ең жүйрігі. Есепті білмеген есек» деген. Ұлттың діліне енген ғасырларлар бойы сандық рұқпен бейнеленген 42 санды үнін 31 ге қысқартып ділің артады, көктен құдайдың өзі беретін саналық ақылың пайда болады дегенді бүгінгі таңда қазақ білімділері ғана дұрыс деп түсенеді. Жаппай надандыққа, тексіздікке негізделу шеңберлену деген осы болады. «Өз ара сендерге берілген ұлттық ерекшеліктермен (діл білімен) жақсылықа жарысыңдар» деген Алланың бұйрығына ашық қарсылық, ібілістің ұрпағына айналумен байланасты деп біліңіз.

 

Қазіргі таңда жоғарғы әулиелік саналық деңгейге көтерілуге арап, орыс ұлттарына қазақ тілін меңгеру қажеттілігі туындайды десек қате емес. Ұлтымыздың мұндай діл байлығын өсіруге ібілістің де қарсылығын туындатып, өз арамыздан өзінің ұрпақтарын дүние ісінде, тіршіліктің білімін меңгеру жолында үстемділікке жетуге ықпал етуге, жәрдем беруі де хақ. Енді біздердің  ата дәстүріне жалғанып, құдай патшалығына ене алған аз ғана топтың атынан қияметтің сынынан аз шығынмен өту үшін қандай амалдар керек болады, деген сауалға ата-баба аруақтарының көрсетуімен жауап беріп көрсек.

 

Біріншіден; «Гендірлік теңдік» деген арсыздық салттан ашық бас тарту керек. Қазақ ұлттының ар-ұяттылық салтын, денсаулық, ақ жаулық байлығын меңгерудің үлгісін қайтадан жаңғыртып қолға алу керек.  Екіншіден; Үш тілмен ғылымды боламыз деген надандық пәтуаны жою керек. Ғылымды қалай меңгерудің азаматтық мектебін қалыптастырумен Абай-Шәкәрім насихаттарын түсініп, амалға айналдыруды да қолға алатын рухани жаңғырыудың мезгіл өтіп те кетті. Ғылымды болу білімді ғана меңгеру емес, жаратылыстың білімін меңгеріп, әрбір пенде өзін-өзі не үшін өмір сүретінін, тағдырын терең түсінумен, рұқын биіктетіп, жанын көбейтуге деген талабымен, Құдайдан таза ақылға жалғану, деген ұғымды білімді қауым ғана емес дін масһабшыларына да міндетті деген заң да керек.

 

Саналық туралы ұғымды түсіну үшін, әуелі жетелі болып, оның қасиетін, белгілерін, қарсылығын қазақтың жан ғылымы тұрғысында түсіндіру мектептерде де арнаулы пәнге айналдыру керек. Мұндай рухани құндылықтарды меңгеру жолында тек білім, түсіндіру арқылы жетістке жету де мүмкін емес. Құлайдың өзінің көмегінсіз ешқандай пенде жетелі саналы болып қалыптаса алмайтыны да ескеру керек. Ол үшінде бүгінгі таңдағы жаппай жындылық, мастықпен негізделген халықтың күнәдан ақталуына жол ашу керек. Ондай ақталудан өтетін қазақтың жеріндегі 136 сипатты жер анадан бөлентін нұрдың әсерін, оған жалғану арқылы рухани қутанудың және қара күштердің ықпалын жоймен айналысумен, діндегі бүлкішілдік, мәңгүртік, өзіне-өзі қол салу т,б қара түнек күштернің ықпалымен күресе білетін  қазақ дәстүрінің дін салтын, ақ бақсылық қасиетілігін меңгерудің білімін халыққа түсіндіру керек.

 

Сонымен бірге осындай киелі орындарды жеке пенделердің жекеменшік табыс табу мүлкінен, мемлекетің ортақ мүлкі қазына байлағы деп қарап, ерекше күтімге бақылауға алып, арамдап ластануына жол бермеу арқылы қазақ елінде табиғаттың қолайлы жер ананың өз байлығын ашуына жол болатында білген жөн. Әрине мұндай істерді біліммен ғана жетістікке жетіп лауазымға ие болғандардың атқара алуы да мүмкін емес. Бұл істердің басында жүріп әлемге де үлгісін көрсетуге қазақ тегінің сапасын арттыруға еңбек ететін, құдай жолында дарындыларды дайындау, аққу, сұңқарлардың мектебін ашып, әрбір елді мекендерде ордалар арқылы құдайдан қатесіз таза хабар алудың да жолын меңгере алатын текті азаматтардың мұндай аламан бәйгеге түсетін күні де туғаны хақ.

 

Ел басымыздың қазіргі таңда дүние ісмен байлаудан, адамдыққа үлкендікке, саналыққа тән жалығыу мен жалғыздық қасиетті меңгере алмай тығырыққа түсіп, мойыны жабылып қалғандықтан аруақтарына жалғана алмай мұндай түйінің шешімін таба алмай дел сал болып жүргенінде сөзсіз. Сана қуат болған жерде жеті жанның түгелдігімен жаңашылдыққа, өзгертуге өзінен артық көрінуге, дүние қызығына мас қылатын жындылықтың қатар жүруі мүмкін емес. Сана қуат бар адам баласыны Құдайдан алған кітабы, аяндар жүйесі болуы да шарт. Ғылымды меңгеру саналықпен ғана байланысты жер ана рұқымен, көк аспан мүліктерінен хабар алумен жалғанумен ғана нәтижеленетін де естен шығармаған жөн.

 

Сонымен бірге, қазақ еліндегі жатқан пайғамбарлар мен ұлылардың бастарын тауып көтерумен әлем жұртының да назары қазақ еліне ауатыны және әрбір киелі орындардың шипалық қасиеттерін құжатын жасап, әлемге жарнамалау арқылы қазақ жерін, әлемнің рухани сауықтыруға сапар шегетін еліне айналдыруға болатынында білгеніңіз жөн. Бұл істі біздер бастап та кеттік, жуық арда халыққа жариялау басталады. Ата жолы жазбаларын орыс тіліне аудару арқылы ғана қазіргі таңдағы қазақ білімді қауымының рухани жетілмей қалғандарын, елдің рухани жетілуіне кедергі болып отырғандарын да орыс ғалымдары түсіндіріп бере алатына да, бұл тудың орыс ұлтына ауысып, әлемнің рухани көш басшысына айналып, қайтадан өскелең ұпақтарды рухани бодандыққа байлап берудің қаупі тұрғанын, білімді қауымның білгендері жөн болар.

 

Және қазір біздердің тарапымыздан ел билеуші, діншілерді өзін текті зиялымын деген ақпараттық жүйенің басында жүрген пенделерді жандық тұрғыда рухани баға (рейтинг) жасаумен бұл үлгінің әлемде теңдесі жоқ Құдай арқылы әр пенденің жетелік, саналық дәрежесін анықтауға болатынын, оның қазіргі таңда қазақ елінде ғана болып жатқан, құранның жеті үнімен жалғанумен байланысты қасиет екенін де білген жөн. Мұндай үлгіні әлем ғалымдары білетін болса, онда оны меңгеруге жұмылатыны да хақиқат. Қазақ білімді қауымының, ғалымдарының, ел биліктің бұған назар да аудармай, ақылмен түсінуге шамалары жетпей жатқандары да сана түгіл жетеліктің де жоғалғандығна кепіл, дәлел болады.

 

Сонымен қазақ елінің барлық тұрғындарына алдағы уақытта қаласақта, қалмасақ та, Құдайдың түсірген үкімдерін мойындап, әлемге құдайдың патшалығында өмір сүрудің үлгісін көрсететін елге айналуымыз керек. Мұның енді екі жолы бар. Осындай қисайған жағымыздан қайтпай; Құдайсыздықпен сәугейлік жасап, ой жорыған жолдаумен заң шығарып, құдайдың азабын қияметтік үкімдерін артыра береміз де, тылсымнан келетін лағнетті артырумен жарыса шұғылданып, көбіміз тозақтыққа айналып жоғаламыз. Аман қалғандарымыз, рухани тұрғыда ұйқыдан оянып, амал жоқ рухани өлімнен өтіп, көзіміз ашылып ата жолына келеміз. Немесе ерікті түрде басымызды иіп, Құдайдың ризалығына жетіп, аз шығынмен тыныштық бейбітшілікте өмір сүретін ар, ұятын сақтаған елге айналамыз. Басқа ешқандайда дүние, байлық, тіршілік білімі қияметік сынақтардан құтқарып бақытты қыла алуы мүмкін емес! Болашағымыздың тағдырын Құдайдан ғана сұрап жобалайық ағайындар! (Мәуліт айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.