III- Рухани жаңғырудың перілік жүйемен жалғануы туралы

      Ата жолы атынан; қазіргі ел биліктің ел басқару салтын перілік жүйемен байланысты деп сынап келеміз. Ал перілік туралы не білеміз? Пері шайтаннан болған жын, деп түсіну керекте, ал перілікті сезімге байланған шайтандықпен дүние қызығына байланған қылықпен шатастыруға да болмайды. Періліктің әрекеті мұндай пенделектерден әлде қайда жоғары тұрған, кісілікпен байланысты, дүние ісіндегі тіршіліктегі біліммен, өнердегі жетістіке жетумен, сондай дәрежелерге табындырумен, ақылдың дамуын шектеп, бегілі бір салтқа байлап, тұрақтатып, білімге негізделу арқылы елге ықпалын жүргізумен тығыз байланысты.

 

Ал енді ондай дүние ісінде білімділікте, біліктілікте дүниенің қамын жетік білумен, жоғарғы дәрежеге, атаққа жетіп алған талантылардың ықпалынан шықпайтын, не айтаса да бас шұлғып орындауға тырысатын, топтасқан  қауымы да болуы керек.   Дінде шайтанның жамағаты деген ұғым бар. Бұл ұғым; бес сезімдік тұрғыда жетелік ақылды, яғни екі түрлі естілікті меңгере алмағанда, біліммен сезімнің қуатына сүйене отырып, біліммен пайымдауды яғни «логикаға», қисынға дүниелік тәжірибеге, өткен замандағы тарихи оқиғаларға сол қалпында өзгерсіз қабылдауға ғана жүгініп, сәуегейлікпен айналысатын пенделердің қауымын айтады.

 

Көпшілік жағдайда мұндай топтардың адал еңбекпен, ауыр жұмыстан бас тартушылар, тек тұтыныуға, алса күреп алуға болмас қолында қимылдатуға бармайтындар, қалам ұшынан күн көру мен ел басқару қызметіне құштарлықтан пайда болады. Қазақта; «асық ойнаған азар, доб ойнаған тозар, бәрінен де қой бағып құйрық (көтен) жеген озар» дегенді. Абай атамыздың; «Артағы майда көңіл жүр шақырсаң қайта келе ме?» деп арсыздықтан құйрыққа май жинаумен, артымен ой жоритындар, артына қарап бір жақсылықты не жамандықты бүгінгі тағдырға қосуға тырасатындар шайтан жамағаты болып саналады.

 

Яғни бұлар замандық күн көріске тіршілік ісіне тез бейімделетін, және мұнан басқа өмірдің заңдылықтары болу мүмкіндігін, дін ісін шариғатты білгенмен де Құдайдың ісін, әр пендеге беретін жол-жобасына мүлде қарсылық танытатын, көмес, құпия адамдықтың қасиет сырын тануға құлықсыздар шайтанның жамағаты болып табылады.  Негізінде періліктің әрекетін атқарушы басшылардың беделін артыруға қызмет қылушы, тұтынуға, дүние қызығына мастар болып табылады.

 

Осындай топтасқан шайтан жамағаттарын, дінге қарсы тұрумен, құдайсызда да өркениетілікті қалыптастыруға, адамзатты бақытты қылуға болады деген, саяси партияларды, ел басшы, дін басшы, ақпараттық жүйенің басында отырғандарды басқаруға ібілістің арнаулы басқаруында тұрған, жасақтары болған, шеріктік әскерлері  перілерді енгізіп, әрбір мұндай пенденің ішінде ойын терістеп, ақпарттарын ұрлап, жер бетінің ісін дүниелік тұрғыда болжауға да деректерді беріп отырады. Мұндай пенделердің дін ісінде шариғатта да жетік білгірлер ғалымдардың да қатарынан табылатын, бірақ адамдықтың қасиетін жетілдіруге, Құдайлық таза ақылға жалғануға деген әрекеттеріне қарсылықты ұйымдастырып, тура жолдың қисығына қарай бұрып отырушылар; ғұлама ібілістің ұрпақтары кісілік дәрежесі болып бейнеленеді.

 

Мұндай ібілістің сарбаздарын негізінде қалыптасуы кезеңінде, қасиетті  әйелдердің рухани көлеңкесі, серігі болумен, ақылдарын өсірмей, жандарын ұрлау, теріс ойларды енгізу арқылы өз ара рұқпен, жын қуатмен қосылу арқылы дайындайды. «Сендер адамдар арқылы көбейіңдер..(жын мен шайтаннан шеріктердің ) біз өз ара қосылдық» деген аяттардың астарында осындай тіршілік кезінде алты жанын көбейтіп өсіре алмағандардың, ақиретте ібілістің қызметшісі болып тозақтан, екі аралық өмірден өтуін білдірген. Енді мұндай әйелге тәндік шеріктердің ақиреттік тіршілігінде білімді, ілімді жоғарғы дәрежелі еркектерге енуі олардың жақындары, жұбайы, көңілдесі болған әйелдер арқылы еніп еркектік тұрғыдағы перілікке де бейнеленіп алады.

 

Қарапайымдасақ; шайтандықпен періліктің ерекшелігін білммен, ілімділікпен ажыртауға болады. Сондықтан кез келген қуатты, қайратты жынды еркекті де перілігі бар нәзік әйелдің оңай басқаруына мүмкіндігі бар. Қандай ғұлама, ел басқарушы текіт еркекті де перлердің іштен жасырын отырып басқаруға да әйелдер арқылы енумен мүмкіндігі зор.  Перілердің екі аралық өмірдегі әйелдік сипаттағы қуатты шеріктері негізде християн, европалық елдерге тән болса, ал ілімділік тұрғысындағы еркектік сипатты ислам елдеріне тән болып келген еді. Енді қазіргі таңда, әсірсе қазақ елі барлық әлемнен озық қандай да періліктің топтық сипатымен де жүктелуге қабілетті болдық десек жалған емес.

 

Бұл да біздің елбасымыздың «гендірлік теңдік» саясатының арқасы, деп біліңіз. Негізінде бұл да адамзаттың қасиетілігімен байланысты екі естілік болып көрнісін береді. Қазақта; «екі жарты бір бүтін» деп атағанмен, қазіргі таңда перлік қарсылқты жеңе алмай, бүтіндігін қалыптастыра алмаған еркектер халықтың басым бөлігі. Бұған себеп қатынан ақ жаулық, еркектен бөрік жоғалуы, яғни бастың масихын, тазалығын меңгерудің мүмкіндігі заңмен тиым салудан болғаны да сөзсіз.

 

Енді мұндай шеріктік жүктермен жалғанған  пенделердің Құранда; «мұнафықтық», екі жүзділік, деп атап, кезінде пайғамбарымыздың қасында әр түрлі діннен ұлттардан жиналған сахабалар қатарында да жүргенін, және оларды сыртқы болмысына қарап, яғни  амалына, құлшылығына, намазына қарап анықтаудың қиынын, тек қана сөз аңғарынан ақылдың шамасына қарай білуге болатын ескерткенді. Қазақтың ел билеу саясаты болсын, қоғамдық әлеуметтілігі болсын, дін саласында да екі жүзділіксіз тіршілік жоқ екені хақ. Ел басшымыздың да әрбір сөзінен, жолдауынан, жалпы ел басқару ісінен, екі жүзділік саясатты ғана қана аңғаруға болады. Оған мәжбүрлейтін де өзінің шыққан ортасы, көмекшілері, өзіміз білімді екі жүзділер екені де жалған емес.

 

Себебін үңілсек;  бүгінгі таңда ақылдың білімге айналып, кез келген жастың да үлкендермен жарысып ақыл айтып, ел басқару ісіне, саясатқа араласып, қатын, қыздарымыздың еркекпен, ақсақалды үлкенмен де, тең сөйлесе алатын, заманда кім сөздің құнын түсіне алады деп ойлайсыз? Керісінше сөздің ойын өзгерту, немесе қысқа ұғымды атау сөздерге қайта айналып барып; сөздің өрсін, қуатын қысқарту мен, қалайда жеңілдікпен өмір сүруге, оңайландыруға, ақылға салмақ салдырмауға, ойдың қуатын меңгермеуге жаппай ынталықты ғана аңғаруға болады.

 

Мұндай ұлттық ділі әлсіргендер орыстың қысқа ұғымды сөз өнерімен тіршілік етуді қаласа, ал перілік жүйеге жалғанып алғандар; орыстан бөліну, таңба аустырып үнді, сырттан енген сөздерді аластап қысқарту деген әдетке құштар болып жүр. Себебі ібілістің мақсаты адамзатты қалайда бөлшектеу өз ара араз қырылысуға , дүние үшін бірін-бірі құлдап, жоюға дейін апару еді. Перілік жүйеге жалғанып алған пенделердің ата дәстүрін, даналар шығармашылығын құдайшылдығымен қоса меңгеруге құлықсыз. Білім тұрғысында ғана меңгерсе, оны ұлтшылдық деп,  мақтан тұтады. Ұлтшылдықтан пайда болған,  ұлттық мәдениетіміз ар, ұяттылықты меңгеруді қаламайды да. Онан көрі өзге елдердің арсыз салтына бейімдеуді жақсы көреді.

 

Олай болса кімде перілік екі жүзділік бар, кімде жындылық, шайтандығы басым, оны сөз тұрғысында білетін, ұлттың діні, дәстүрін  мәдинетін сақтауда күрестін үлкендердің өзі перілік жүйеге қызметші болып алғандары да жалған емес.  Алайда; «Қазақтың сөзі ұзын…Сөз түзелді елім сенде түзел!» деген Абай атамыздың насихатында, осындай перілік жүйенің ақылдың негізделу шеңберінен, қалай қамалын бұзып шығуға болатын жолын салып көрсеткенді. Негізінде қазақтың ұлттық мінезінің арап ұлтынан да жоғары екі жүзділігі болып, екі естілікпен яғни жетелік ақылмен байланысты болған еді.

 

Сондықтан енді біздің бүгінгі таңдағы ел басқарушы, зиялы қауым аталғандардың салыстырмалы ақылдылық  тұрғысында өзге елге қарағанда ұлтшыл, адамшылығы жоғарғы болып көрінгенмен, құдайшылдық тұрғысында екі жүзді емес, ел басқарушы, дінші ғалымдарды да таба алмайсыз. Бұған дәлелімізде Абай-Шәкәрім, Масшһүр Жүсіп сияқты берідегі әулие даналардың еңбегін түсініп, амалға айналдырған, бой ұсынған білімді қауымның өкілдерін табу қиын. Бар болғаның өзінде, ондай адам балаларын көпшілікке сөзін жеткізбеуге, бүкіл перілік жүйенің қызметшілері  аяқ астынан көреалмастық, таққа атаққа таластық  бас араздықтарын ұмытып, өз ара қосылып алып қарсы тұрады.

 

Олардың сөз аңғарын, шығармашылқтарына назар аударсаңыз, «Ақыл- алтыда, ой-жетіде» деген қазақтың жан ғылымын мүлде терістеп, саналық туралы түрлі пәтуалар бергенімен, оған шығатын баспалдақтарын қасиетін, қарсылықтарын мүлде білмейді. Яғни санның қандай қуатын, қасиетілігін меңгеріп, білмей ақ сырттай ой жорып өзін саналылар қатарында деп санайды. Мұндай сансыз, жалған «ғұламалар» өздерін есті атайды да, ал Абай атамыздың екі естілікті меңгеру арқылы ғана бір естілікке жетуге берген насихатын мүлде теріске шығарады. Екі естілік ақылдың жетелігімен, сөз ұғымының қасиетін меңгерумен, зейінділік (есту қабілеті), зерделіктің (көру қасиеті, маңдай жұлдыздылық) бастағы төрт жынды тазартып, зеректікті меңгеріп қана жетелі, онан саналы болумен бір естілік, бүтін адам болған еді, қазақтың ұғымында ата дәстүрінде.

 

Ал қазіргі таңда ақылдың бұндай қасиеттерін меңгеруге жол жабық. Заңмен ақылды болуға тиым салында қудаланады. Себебі ақылдың ірге тасын, денесін ұят деген қуаттың болу керегін мүлде ойламайды да. Ақылдың қуаты, қарсылғы туралы ой болмаған жерде сандан хабар болуы да мүмкін емес. Бірақ ақыл мүлде жоғалған деуге де болмайды, себебі білімнің өзіне тірі болу үшін күресуге қай пендеде болсын қаракетік ақылдың қуаты бар. Сондықтан қаракетік ақылды болу үшін; білімді болу маңызды, яғни жаттық, (жаттау), жадылық қасиетті меңгеру керек болады. Ел биліктің үш тілмен ғылымды болу деген бағыты да осы екі ақылдың қасиетін жетілдіру ғана. Бірақ оларға киім беру, денесін қалыптастырудың  тәрбиесін мүлде ұмыт қалдырған.

 

Сондықтан да осы ақылдың екі сатысын меңгергендер, қазіргі таңда қоғамда ел басқару ісімен айналысатын болды. Олардың арасында әлеуметілігі бар; зейінді, зерделі, зеректігі барлар өте сирек кездеседі де.  Сондықтан да мұндайдайларды ақылдылықтың үлгісі тұрғысында қабылдап,  бүкіл қоғамды білімділікпен, біліктілік арқылы, қалған ақылдық қасиетін және оның қарсылықтарын меңгермей ақ саналы қылуға болады деп түсінеміз. Ақ пен қараны ақыл арқыыл анықтап заңды қадағалауға тисіті бас прокуротураның өзі, заңды жаттап алғандарды ақылды, деп санаудың үрдісін қалыптастырмақ болғаны, қоғамның санасыздығынан хабар береді.

 

Бұған негізгі себеп, періліктің әлемдік ел басқару жүйесімен байланған саясат арқылы; ақ жаулықтың да бөріктіліктің маңызы қадырын білу түгіл, оған деген ашық қарсылық заңмен бекіген ақылдың ұятлық қасиетін жойға бағытталған салтымыз бар. Ал ұяттылық жоқ жерде қалған ақылдың қасиеттері ұлттың ой-бәйшешек бақшасы болып, өсіп-өніп жемесін бере алмайды да. Мұндай жағдайда жете мен жадылық ақылдың қасиетін ғана меңгерген қауымның, білімді ақылдың қасиетінен жоғары ұстаумен, мейрімсіздік, әділетсіздікте дүниемен ғана бағаланатын, нарықтық тіршілікте өмір сүруге бейімделіп алып, арсыздықты салт қылудан қан азып, жүректердің тасқа айналумен, елдің шайтанның жамағатына жаппай айналдыруға негізделген шығармашылықты, тәрбие, тәлімді; ұлтшылдық деп түсіну де қалыпты болмақ.

 

Шайтанның жамағаттары негізінде перілердің басқаруында тұру арқылы ғана белгілі бір білімге, әдетке немесе тарихтағы бір жақсылықтарды, жақсыларды пір қылып, болашаққа жоба жасап алумен көрнісін береді. Мұндай топтардың 72 түрлі қылықпен жалғанып тұруында да, жаратылыстық барлық қуаттық жүйемнен жалғанудың  ғылымдық құпия сыр бар.   Тағы да перілікпен шайтандықты бүгінгі қоғамдағы сипатымен, қылықтармен  ажыратып түсіндіріп көресек;  Жалпы шайтандық болып; алты ауыздық, тұз дәммен бірленетін бес сезімнен пайда болатын, жаны жетілмей, көріп қана ойланатын, біліммен ғана қисындайтын, ақылдың төменгі сатысында әйелдерге, жастарға тән дүние тіршілігіне мастықтан шығармайтын шайтандық қарсылықта қалып қойумен байланысты болады.

 

Мұндай топтардың басында үлгі болып жүретін перілік жүйенің атқарушылары болып білімді, арсыз әйелдер қауымы болады. Ал шайтанды қыз, қатының қызғаншақ, менмен, қырсық, көк, долы және ақиреттен ілімі мүлде жоқ, дүниелік білімнен, өмір тәжірибесі жеткіліксіз болса да, өзінің білгенінен артық нәрсе жоқ, деп сезімнің еркіне, сезімталдық қасиетіне ғана жүгінеді. Бұндай шайтаның жамғатын топтастыруға да ерекше қасиетті «көріпкелдер»  аталып, бірақ шариғатты дұрыс ұстанбайтын ақиреттің біліміне мойсұнбайтын тек өзінің ішінен жанына үн салып, көрген түсімен көрсетіп тұратын шайтанын «аруағым, атам» деп түсінетін перілігі барлар бастаушы болып жүреді.  Бұлардың негізіне ата жолы аққулардың да жалғанумен, олардың соңына еріп, айтқандарынан шықпайтын еркектер «сұңқарларды» да жатқызуға әбден болады.

 

Ал енді мұндай көріпкелдікті ислам дініне жат, деп насихат айтып жүрген дін имамдары, ғалымдары да өздерінің тәпсірлері арқылы да перілік сәугейлікпен айналысып, перілік жүйеге қызмет жасаушы жамағаты, ібілістің ұрпағына айналып алғанын да аңғаратын пенде аз бүгінгі қоғамда. Сопылық жол, деп тарихатпен айналыстандарда періліктің ең жоғарғы жүйесімен жалғанып тұрғандарында білген жөн. Жалпы дінде Құдайдың әділдігі, әр пендесіне жол-жобасын көрсетіп, білімде ғана ұстаз болмаса, ал құлшылық әрекетімен, тағдырын қасиетін, тектілігін меңгеруде біреудің ақылмен жүріп, тірі пендеге табынуды қаламайды. «Сендерге екі жүрек жаратқаным жоқ» деген аятта. Негізінде жетелік, саналық ақылды меңгерумен ғана әркім өз жүрегінің қалауымен ғана құдайшылдық ұстануы керек… (жалғасы бар Мамыр 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.