V. Рухани жаңғырудың перілік жүйемен жалғануы туралы

Қазіргі таңда өз басының рухани болмысын аңғарудан мүлде хабарасыз болса да, елді қалай бақытты қылуға болады, әлемді дағдарыстан қалай шығару керек, деген ақыл айтуға құштар ел басқарушы, шығармашыл, білімді қауым өкілдері жеткілікті. Көп жағдайда өздерінің ішінде тұрған жоғарғы дәрежелі перілердің ілімге қарсылықпен, білімге негізделуге деген әрекетінен болып, дүние тұрғысында көптеген болжаулары бүгінгі күн ісінде жетістікке жетуге де көмек болып, мұндай пенделерді әулие атап, пір тұтуда қалыпты жағдай.

Ал дін тұрғысында, елдің рухани әлеуметілік тұрғыдағы қалай жақсылыққа, жетістікке жетуге, рухани жаңғырудың жолын өткен тарихтағы жақсылардың үлігілерін, тарихи кезеңдерін сол қалпында көшіріп алып, болашақта осымен ғана бақытты болудың жобасын жасап, бұған бас шұлғып, қол соғатындардың ұлттың қаймағы, елдің алдында ақыл айтуға жеткен талантты, шығармашыл, ғалымдардың тұрғанынан, еліміздегі философия, психология мектебтерінің жағдайы мен дін ғылымының әлсіреуі, ақылмен таразылаудың, яғни жалпы ғылымның маңызы жоғалғанына дәлел болады.

Ғылымды болудың, яғни құдайдың нұрынан, таза ақылдан, білімінен хабар алуды былай қойғанда, жетелік, саналық ақыл тұрғысында пайымдаудың маңыздылығы, қандай да бір адамзатқа пайда болатын амалдардың қарсылығын анықтап, тану керек болса, ал қандайда бір жақсылықтың ішкі қарсылығы болуын, жамандықтың да белгілі бір жағдайда пайдалы жақсылығы болатынын ескерумен меңгеруге жоспар, амал жасаумен ақылдылықтың көрнісі болуы керек. Сондықтан, біздер өткен замандағы уақиғалардың жамандығынан жақсылық, пайда табуды, ал жақсылықтырдың ішінен жамандығын тауып ажыратып алумен ғана осы заман әрекетіне айналдыру ақылдың ісі, рухани жаңғырудың әрекеті болуы керек.

Әлемдік жаратылысыстың қандай да нәрселерінің өз ара қарсылықта жаратылғаны да хақ. Ақ пен қара, түн мен күн, суық пен ыстық, от пен су т,б… Уақыттың да екі түрлі қарсылықтан, күн мен айлық негізден тұратынын да ескерген жөн. Күн жылу сипатты нұр болса, ай салқындық нұры. Біріншісі оттың негізінде, екіншісі судың негізінде. Сол сияқты адамзаттың де жындық-күш, қайрат әрекеттік білім, ілімді меңгерумен және адамдық-жандық әрекеттік, ақылды меңгерумен екі қарсылықтан жаратылып, ортасы тәннің негізінде нәпсімен, малдық сипатымыз, өмір сүру үшін, аман қалу үшін күресу, тірі болуымыздың маңыздылығы ғана болуы сөзсіз.

Сонымен, жындық және жандық тұрғыда тең дәрежеде тұрғыда ғылымға бағынумен жындық- кісілігіміз және жандық- періштелікпен бүтіндігіміз қалыптасуы керек. Жындық тұрғыдағы кісілігіміз білімділікпен және ілімділікпен байланысты жоғарғы дәржелі кісілік болып бейнеленеді және өз ара қарсылықта да болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда жындық топтардың адамдыққа, жанға үстемдік қылуы да, бес күн жалғанмен, дүниенің ісімен байланған перілік жүйенің басқаруымен өз ара татулықта болып, ақылдың дамуына қарсылықпен нәтижеленеді.

Ал ақылдың әлсіздігінен жанға құпия білім болып енетін имандық рухани азықтың, жете саналықтың жолы жабылады. Негізінде, жанды қуттандыру, көбейту иман арқылы болып, Құдайшылдықпен ғана өмір сүрумен ғана жын мен жандық болмысымызды екі ортасы болған жүрек арқылы басқарылумен ғана адамдықта өмір сүруге, ақылдың жоғарғы дәрежелерін меңгеуге мүмкіндік болмақ. Ақыл арқылы ғана алған 6 сипаты рухани қуаттық жүйге жалғанумен ғана адамдықтың сақталу маңызын да естен шығармау керек.

Жаратушы иеміз; «Барлық нәрселерді жұп және парымен жараттым» деген аятта. Демек қандайда жаратылыстық нәрсенің адамзаттың тіршілігіне арнап жаратылғанмен, оның пайдасы және зияны, жақсылық пен жамадықтың да қатар тұруы да заңды құбылыс. Қазақта; «Жаманды айтпай жақсы болмас» деп ақылдың жағдайын ескерткен екен. Ақылды адам баласы қандайда бір пайдалы нәрсені алып жаратудан бұрын, оның зияндық жағын мұқият тексеріп алғаны да адамдыққа сай болады. Негізінде жамандықтың бәрі жындылықтан туады дегенмен, бұл қате ұғым.

Себебі, жынды басқаруға ібілістің тікелей әсер етуі мүмкін емес, жындық кісілікті жасырын басқару үшін білімнің, ілімнің ой үнін өзгертумен, нәпсі арқылы қызықтырумен, Адам атамызды Хау анамыз қалай мәжбүрлесе, шайтан да жынға осындай өз ара қосылуға мәжбүрлейді де, періге айналудың жолына түсіреді. Сонымен, анықтау, алу, жаратумен байланысты жындық-кісілік тегімізді кісілігіміздің білімді, ілімді ақыл қылып алып; жетелік, саналық ақылды меңгеру арқылы ғана, яғни мұндай ақылды жан арқылы құдайдың өзі ғылым-нұрымен басқармауынан адамзаттың азғындауына ғана себеп болмақ.

Дін ғалымдарының жындық кісілігімізді адамзаттан бөлек қуаттық жүйе— деп түсіндіріп, жаппай адамзаттың ақылын қазыққа байлаған перілік жүйемен байланысты екені де хақ. Бұл өзіміздің жаратылысымыздың рухани жағдайын ақылмен анықтап түсінбеушіліктен, діндегі адасудан, құран аяттарын түсінбеуден, қарсылық қылудан пайда болғаны деп білу керек. Жаратылысымызды тану; дініміз бойынша жындық сипатты ібіліс деп түсінеміз.

Бұл қате. Себебі, ібіліс жыннан жаралған періштелік сипат болғанымен, оттың жалыны болған, жындық қуаттық жүйенің мәңгілік өмірдің негізі, анықтаушы, алушы, қажетілікке жаратушы Алланың ғайбаттық қуаты- өлімнің, көрнеуге бейнелеудің жүйесінен болады. Адам атамызды жаратқанда барлық қуаттардың жүйесінен жаратқаны да хақиқат. Жынды оттың өзінен емес жалынынан жаратқанын, ал жынан ғана ібілісті жаратқанын есекеру керек. Сол сияқты Адамнан Хау анамызды жаратып, ібілістің шайтанға айналып азғыруыда Хау анамыздан басталады.

Алғашқыда ібіліс қарсылық білдіргендіктен, оны Хау анамызды жаратпай тұрғанда Адам атамыздан, ағаштық, тектік сипатынан, қол сүйектік негізден бөліп шығарғаны, демек барлық қуаттың жүйесінен белгі алатын қолдан ғана әруақ болып бейнеленуінде де осындай құпия сыр бар. Қолдық қуаттың тазармай тозақтық болып қалыптасуынан, қазақта «Іштен шыққан шұбар жылан» дегенді. Әрбір жаратылыстық нәрсенің жұбы пары болуы міндетті.

Негізінде жыландық, жәндіктік сипат әйелдердің қолына тән болса, еркектердің аяғы ібіліспен байланысты «ит аяқ» аталумен, еркектерге тән сұралу болмақ. Ал еркетің басы судың тегімен «бақыр бас, қауға бас» аталып, әйелдердің басының еркектің аяғынан жаратылып, нақышымен байланысты тек болмақ. «Ит арқасы қиянда» -деген астарлы сөздің әйелзатын бәйбішелік қасиетімен, алтын бастылықпен байланысты. Әйелдер орамалы жаулық аталуында да, жалаңбас жүріп, ит мінезді болмауға, қаншыққа айналуға тыйыммен астары, ұғымы бар. Сол сияқты еркектің жалаң аяқ, балтырын ашып жүруі, шайтан дамбал киюі де итке айналумен нәтижеленеді.

Еркек басының бөрікті болмауынан, қауғасы бос болып, екі аяққа дамыл бермей, «Итке бір сүйек қарыз» жағдайында өмір сүруіне тура келеді. «Баста ми жоқ болса, екі аяққа дамыл бермес» деген қазақта. Ең қауіптісі, әйелдердің жәндіктік тұрғыда төмендеуінен адамзаттың біртұтастай шайтаннан болған жын-жыланың ықпалына түсуге, перілікпен басқаруында тұруға мүмкіндігі артады.

Мұндай жағдайда адамзаттың ақылы рухани негізделуі болып, хайуандық қылықтармен, ит пен мысықтық тіршілік әрекеттерге жалғанып өмір сүрмек. Ал перілік жүйенің жоғарғы басқарушылық дәрежесі: құстар, құзғындар, қарғалармен байланысты болады. Негізінде, рұқпен жалғануды 6 сипаты болатынын, оның бесеуі жаратылыспен, табиғатпен байланысты жалғанса, сезіммен алтыншы тұрғыда адамдық, аруақтық сипаттағы жанға жалғанумен Адам аталамыз. Және ібілістік кісілікті, қарсылықты меңгерумен аруақтық-адамдық жүйеге жалғанумен ғана меңгеруге болатыны да хақ.

Сонымен, әрбір адам баласының адамдылығы ішінде. Мен — жаны сипаты болғанымен, бастапқы жанаттық Адам періште болуы мүмкін емес болса, ібілістің де бастапқы сипаты жын болып танылуы, адамзаттың әрекетінсіз қалыптасуы мүмкін емес. Адамдықтың екі жарты бір бүтіндік некемен нәпсі арқылы жалғанумен, кемпір шал болып, бірге қартаюмен байланысты ғана қалыптасса, кісілігімізде шайтандық қуатты жағумен, тазартумен жанға алып, жындық қуатымызды жұмсап, амалға, іс әрекетке, қозғалыспен, біліммен қосып, ібілістік, періштелік кісілігіміз, бастапқы жынның қарадан аққа айналуымен ар сауыты болып қалыптасады. Бұл Алланың құдіретті ғайбаттық қуатын меңгерумен көрнісін табады.

Адамда топырақтың негізі болған, судың қасиеті -жандық және топырақтық қасиеттерінің белгілері болса, ібілісте жындық және кейінгі жаннаттан кейінгі түрленіп бейнеленуі шайтандық, сезімдік, яғни адамдық жанның да белгілерінің жартысын иемденгенінде білген жөн. Оттың негізі де топырақпен байланысты болатын ібіліс білмейтін еді. Сондықтан, топыраққа айналумен, одан қайта шығып жаратылуымызды түсінбеу де адамзаттың басты сынағы- ібіліспен, кісілік тәкпарлық білімділікпен байланысты.

Негізінде, күн де жерден қуат алатынын, яғни отты жерден, ал оттың жалынынан жындарды жаратқанын ескерсеңіз, онда жалыннан ақ сұр түспен бөлінген ібілістің жыннан бөлінген періштелігі, білімділік, біліктілік сипаты еді. Сонымен, ібіліске Адам арқылы түрленуден кейін, адамзаттың әрекетінсіз тікелей жынға жалғанумен әсер беруі де мүмкін еместігі жаратылыстың заңы. Аятта: «Сендер адамдар арқылы көбейіңдер» деген болса, «Біз адамдар арқылы өз ара қосылдық» дейді екен тозақтықтар. Енді, Адам-жан болып топырақтан шықанымен, топыраққа, жерге адамзат тікелей әсер бере алмайды, судан пайда болатын жаны арқылы ғана әрекетеседі, жер қуаттарын басқарып өңдеуге мүмкіндік алады, тағдыры болып уақытпен жазылады.

Сондықтан да, ібілісте адамзаттың жанына, тағдырына қосылу арқылы, жындық сипатына кісілікке жалғануға яғни перілікке бейнеленіп, білімге теріс үн қосу арқылы жындық жүйені меңгеріп, яғни кісіліктің дәрежесі қалыптасады. «Ібілістің патшалығы су үстінде» -деген аяты, бұл жаратылыстың заңдылығын, Су арқылы барлық жаратылыстың қуаттары тазарудан өтіп, түрленумен, бір қуатқа бірленуі де керек. Адамзаттың кіші жаратушы ретінде жанды жаратуға, көбейтуге орынбасарлық қасиеті де суды пайдаға жаратып, өңдей білумен байланысты.

Періліктің де, толық жетілмеген жан мен жындардың өз ара бірлігінен, бес күндік дәрежедегі сипатынан тұруы да осындай астары бар. Бұл адамзаттың қарсылықтағы қасиетілік жүйесі болып, «Қасиетті меңгере алмағанда қасірет» деген қазақта. Сондықтан да, әрбір адам баласының Құдайдың өзінен, өзіндегі, тағдырындағы ібіліспен, кісілікпен байланысты қарсылық кедергілерді жоюға, қарсылықпен күресуге жол-жоба алу арқылы ғана, перілікті таза адамдық қасиетке айналдырумен, тек арқылы басқарумен ғана, жанына рухани азық иман, құпия білім алады.

«Сендерді тектеріңді тану үшін жараттым» деген Алла тағала. Және жанның тегін көбейту, өсіру арқылы ғана ақылды қуаттандырумен, саналық деңгейге жетумен, адамдық, даналықпен ғана кісілігін басқара біліп, бүтіндікпен жаннаттық деңгейге жетуіміз керек. Адамдық қасиетіміз жанды өсірумен, ақылды жұмсай біліп, кісілікті бағындырумен, ойшылдықпен байланысты құдайдың өзіне, нұрына жалғанумен ғана сана, деген ортақ жүйемен басқарылатын бүтіндік қалыптасады.

Ал, ібілістің мақсаты қалайда өзінің бастапқы тегіне айналуға, және жын арқылы басқаруға жету үшін жанды аздырумен, перілік жүйге жалғанумен, жындар арқылы әлемді біліммен, іліммен басқаруға жету болмақ. Мұндай жағдайда Адамдыққа қарсы әрекеттердің өзінен-өзі туындауына себепші жаратылыстың заңдылығы. Осы себепті ақылмен тауып басқаруды саналық, рухани жаңғырудың негізгі кілті, «коды» деп атаған жөн. Ал оны таба алмағанда Құдайшылыққа қарсы әрекетерді біліммен бағалап, даналық деп қабылдап, адамзаттың адасуына жәрдем беруі де сөзсіз.

Қазіргі таңдағы әлем мен қазақтың ел билігінің саясаты- жанның өркениетін мүлде терістеген, кісіліктің перілік жүйемен басқарылған жындық топтар болып саналатынын білген жөн. Жоғарғы дәрежелі жындылық-кісіліктің танылуын, Сөз ұғымдарын, қасиетін, салмағын дұрыс меңгеруден бас тартумен, ой үнін терістеушілер, адамдықты сөз жүзінде дәріптегенімен оның амалын толық алмайтын, екі жүзділікпен өмір сүрушілер болып бейнеленді. Енді мұны қазақ дәстүрін білім, ілім тұрғысында түсіндіргенмен, бірақ амалдарын ақылдың саналығын меңгерудің жолын өзгертуге тырысқан, терістеп жүргендерден де ашық аңғаруға болады.

Қазақтың дәстүрі мен кісілікті тіл білімімен, дүние ісінің өнерін меңгеруге арналған тәртіп-тәлімімен байланысы төрелік тек болып қалыптасса, ал адамдықтың, әулиеліктің қасиетін меңгеруді қожалық- деп, оның ортасы аталық текті саналықпен, ғылымды толық меңгерумен байланыстырған. Сонымен, кісілігіміз — ұлы жүзбен, қожалық — кіші жүзбен, ал аталық — орта жүзбен байланысты. «Ілім мен білім ортасын таппасаң бүлін» деген нақылымыз бар.

Мұндай үш жүздік тектің көру, есту, ойлау сезімдерімен байланысты, ендігі заманда кез келген пенденің де тектілігін құрауы керек. Және төртінші тектіліктің негізінде сөз өнерімен байланысты, ақылмен басқарушылық болып қалыптасуы керек. Сөз өнерінің бес сезімдік қуаттың алтыншы орында -Мен, жан арқылы басқаралуымен ғана саналықты меңгеруге жол ашылатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Ал енді елімізде тегімізге қайта жалғанудың Құдайдың нығметін жалғанға шығарып, латын әліпбиіне ауыстырмақ болушылар, осы рухани қалыптасқан әлемдік жүйеге жалағануды, нәсілдерін ортақ таңбамен бейімдеп, меңгеруді үзумен байланысты жалған рухани жаңғыру, ібілістің қақпанын құрушылар екені де хақиқат…

(жалғасы бар, Мамыр айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.