Ата жолдықтар жан ғылымын меңгере ала ма?

Қазақтың рухани оянып, ата дәстүрін сопылық салты ата жолында аққу, сұңқар, сарбаздарынң меңгеріп кетулері, ібілістің ұрпағы мен жамағаттарына қауіпті болып, әлем жұртының назарын аударып, қазақ елі әлемге дін бірлігін қалыптастырушы көш басшыға айналар еді. Әрине қазіргі таңдағы гендірлік саясатты ұстанушы әлемнің барлық ел басқарушыларына да қауіпті құбылыс еді.
Сондықтан қалайда ата жолын бұл бағынан тайдыруға, оның қызметшілерінде ібілістің жамағаты, ұрпағына айналдыруда, қазақтың білімді қауымы, діншілері ғалымдары, ел билеушілері аяусыз күрес жүргізуіне тура келді де. Ата жолын соттап, қудалап көп тер төкендер шынында жеңіске жетіп, қазір аз да болса демалыс алғаны да хақ. Себебі аққу, сұңқар болып, Ақ ұлдың артынан ергендер мақтанның буына пісіп, сопылық түгіл шариғатты да дұрыс ұстанбай, ата жолынан есті пенденің жиренетіндей өздерімізде де енді ібіліске аянбай қызмет қылуға тұрып алдық.
Енді муфтият діншілері мен ғалымдары ел билеуші және ата жолын қудалауға қатысқан білімді қауымдықтар еш уайымсыз, өздері білмейтін діл білімімен жанның өркениетін қалыптастыруға емес, меңгерген рухани білімдеріне сай, орта топтық жан сақтауға  араптық салтқа негізделген, ел билікпен басқаруға оңай, масһабтық ұстанымды дін сектасы қылып алғанға да қолайлы болып алды. Сонымен дінді Құдайдың түсіретін аян, уахи ісімен ғылымымен емес , ел басшыларының қалауымен тағайындалған дін ісі мекемесіне айналдырып алғаны да жасырын емес. Осы жағдайдан;   дін-жандарыңды, аман саулықтарыңды,қашан қалай өлетіндеріңді Құдай емес, біздер жер тәңірісі болып жоба, заңдармен  басқарамыз, деген айбат тұрғаны да сөзсіз.
Бірақ Құдайдан үнемі ескерту белгі түсіп, халықты да енді ұйқыдан оятпай өлідей малдық сипатта ұстауда, мұнан әрі қарай мүмкін емес болғандықтан да, жартылай ояу, бірақ дел сал күйде, тірі мен өлінің арасында жансыз жүріп, ел билікпен басқаруға оңай болуы үшін де, ешқандай қарсылықсыз, білімге ғана негізделген жоба керек болғаны да сөзсіз. Мұндай ар-ұятылықты мүлде еске салмайтын, рухани жаңғырудың жобасын жасап, енді ата жолының Құдай патшалығымен байланысты, шындықтан тылсымнан үнсіздіктен хабар келтіру ісінде мүлде ұмыттыруға да бұл қолайлы тәсілде болмақ.
Қарсылықтарды жеңумен ғана рухани қозғалыстың жоғарғы дәрежесін меңгерумен, құдайдың қалауына жететін, сопылық жолдың рухани батырлары пайда болатыны да сөзсіз. Ата жолындағы рухани жетілген, саналыққа, құранның жеті үніне, ақ батаның хикметіне жалғана алған аққу, сұңқарларға, жан ғылымын өркениеті мен Құдайдың хикметін халыққа көрестеуге шығатын, мұнан артық, бүгінгі таңдағы рухани жағдайда ел биліктің тарапынан тиімді ұсыныста болмас еді. Бірақ ондай дәреженің Ақ ұлдың кезінде ғана хикметті белгісі болғанымен, кейінен мұны жоғалтып алған, жан ғылымынан білім түгіл, масһабтық тұрғыда рухани тәпсірілік білімі де жетімсіз ата жолдықтардың арасынан енді намысты белге буып, белсеніп шыға алатындар шығар ма екен? Шығамын дегенмен білімді, дінші қауымның көмегімен ел билеушілер қалайда жолын кесудің де қамын қылулары сөзсіз.
Әрине нәзік жандылардың арасынан мұндай шеңберленуді бұзып жарып шығуға, ұлттың намысын қорғауға белсенділер шығып жатқаны да бар, бірақ қазақ білімді қауым еркектерінің намысыз етекбасты болып  «сен тимесең мен тимен» деген қорқақ, отырып алып, тек тілмен орақ оруға шебер болып алғандықтан да, оларға жол көрсетіп Айша ананың ақ туын қолға ұстап атойлатып қара түнек күштерге, шайтанан болған жынды қауымға қарсы шабатындар әзірге шыға қоймас. Есесіне екі жүзді қорқаулар, қалайда дүние ісінде мұндай жодаудан пайда тауып атақ, дәрежеге жетіп қалуға тырысып, түрлі ой жорыған ұсыныстарын тықпалап, әрекетке кірісіп те кеткендері сөзсіз. ..(Масым 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.