ТУРА ЖОЛДЫҢ ШАРТТАРЫ

 Тура жолға жалғануға шариғаттан кейін ғана екі кедергі барын құранда ескертілген. Екі кедергінің де ібіліспен байланысты екенін, шариғаттың бекіген дін ісі болғандықтан онан адастыру ібілістің ықпалынан тыс екені де ескертілген. Бірақ аянсыз иман жоқ. иманның жүйесіне жалғанудың да Раббымыздан белгісі жыланмен күресіп жеңмен байланысты болу керек. Жылан шайтанан болған жын яғни әйелдер қауымына тән бес сезімдік жалғандықпен күресу.

 
Бұл құлшылық ісін, пайғамбармыздың сүнетін сақтап, бес парызды меңгеріп жеңіске жетуде оңай, орта топтық намаз орындауы болады. Сондықтан да масһабты орта топтық арап салтынан яғни ислам әлеміне ортақ шариғаттан да биік тұрған білімнің жолы болып, тура жол атап адастыруда сөзсіз.
 
Оған тарихатшылардың да білім тұрғысында құлшылықтың еркешелігімен сын айтып, қарсылық танытуы да орынды. Сонымен бұл топтардың ғалымдары, хазіреттері мен пірлері ібіліспен кісілігімен кездесіп, қол алысып ілімде жеңгені туралы аянмен бекіген Раббымыздың белгісі болмаса, онда жалғандықтан арыла алмай, ібілістің ықпалынан кедергісінен өте алмағанын да болады.
 
Бұл кедергіні меңгерген болып сыртын түзеген сопылық топтағылар әйелдеріне түрлі шектеулер қойып нәпсімен күрескен болып, әлеке түсіп жүргендерін өз басым куә болдым. Араптардың қара жамылдырып бетін тұмшалап қойуы да осы сынақты меңгеруден пайда болғаны да хақ.
 
Енді мейлі масһабта бол, сәлафта бол, немесе тарихатшы болып пірге қол бер, бірақ бұл топтардың басында жүргендер әулиеліктің бұл екі сатысынан өте білген белгілері болу шарт. Бірінші жағдайды барлық намаз орынаушы діншілерге көрсетет бермейді де. Оны санаулы топ басшылары көріп меңгеріп құлшылықтың үлгісін шығармашылық тұрғыда ғибрат берсе болды. Ұстазға бағынудың керегі осындан пайда болады.
 
Сонымен екінші белгі, ібіліспен қол алысып (әруақты, тағдырды меңгеру) келісімге келу тұрақты белгі болып, мұны жалғандықпен айырбастау да мүмкін емес. Себебі осы белгіні меңгеру арқылы ғана пайғамбарамыздан бата алуға шапағатына жалғану шарт. Және алдағы кезеңді кедергіні меңгеруге аманат алуы да керек. Сонымен мағрипаттық кезеңнің кедергісі мойынмен байланысты ібіліспен күресіп жеңу шарт.
 
Бұл қазіргі таңда өте қиын шаруа, онан өте алған бірде бір қазақ ұрпағы әзірге жоқ десек те болады. Себебі үш кезеңде әйелдердің жанымен жүректің үш сипатымен байланысты. Алғашқы шариғатты меңгеруді әйелдерді шариғатты ұстануға мәжбүрлеуге, ұрысып жазалап көндіруге болады. Екінші кезеңде әйелдерге білім, ілім үйретумен қасиетліктерді меңгерумен аққулықпен жандық жүйені меңгеруге де болады.
 
Оған арап елдерінен айырмашылығы, қазақта қасиетті, текті мұндай тәрбиеге де көнетін ата дәстүрін, ата жолын меңгеру жолында төзімділік танытатын әйелзаттары да баршылық. Ясауи бабамыздың әйелдермен де бірге сұқбат құрып ілім жолында, ақиреттен білім беріп тәрбилей білуі осыған дәлел болады.
 
Ал енді соңғы кезеңді меңгеру әзірге беймәлім. Себебі мен өз басым бұл әрекеттен әлі кезге дейін таяқ жеп жапа көріп келемін. Қазақ қоғамында қан тегініне, өзі туған балаларына болшағына өріс беруге, бәйбішеліктен бас тартуды былай қойғанда, тоқал алу дегеннің өзі дүниелікпен бағаланып, үлкен жастағы еркектің рухани тазалықтың дәржесін меңгеріп, ортасы жетпісбайларды өмірге әкелудің де өз ағайын, ұлттың ішінен шығатын сан алуан кедергісі де бар.
 
Жетпісбай мен отызбайдың арасын аруақтық жүйесін қосып, әлсірген екі жақтағы да (рұқ пен жандық) тектің сапасын артыруға, қауымның тағдырын қарғыстардан арашалауға да болады дегенді әзірге әйелдер қауымы түсінуі де, оны ниеттеніп орындауға, күресуге тырысулары да мүмкін емес. Бұл кезеңнің Абай атамыздың; «Атадан алтау, анадан төртеу туғанмын, Жалғыздық көрер жайым жоқ. …Моласындай бақсының, Жалғыз қалдым тап шынын…» деген насихатын сыртын алып, Адамдық жүйеге жалғануға 4 әйелмен, бір аналық қуат бес қуатты толық меңгеруге шариғатты ұстанған әйелдерді табуға да болады.
 
Бірақ бұл заманға қарай жалғыздықты меңгеруге де тылсымның ақ бақсылықтың шарты бар.Ол қарсылықтарды жеңумен байланысты. Бұл жағдайды кезінде бақсы аталарымыз жынданған, дертті болған ауру қыз, әйелдерді емдеп, жар қылып алғаны, немесе ең мінезі жаман бай алмайтын кәрі қыздарды да жар қылып тәрбилеумен күрескен белгілері бар. Бірақ қазіргі таңда қағида өзгерген білімсіз, ілімсіз ата тегінде өз қауымыңда жоқ тектігінен, қарсылыққа түскен қасиетілік жүйесі болуы шарт.
 
Мұндай кәрі қыздар мен жесір әйелдерде қазақта баршылық. Бірақ олардың басым көпшілігі, жыннан болған шайтанға айналып алған, немесе тегі дұрыс тақуалығы болғанымен қасиетілікке қарсылық білдіретін, ілімге ықласы жоқ және мұнан да басқа түрлі қарсылық кедергілерде жеткілікті. Сонымен енді ата-бабаларымыздың тектілік жүйесін,тарихаттын меңгерумен яғни жеті атамен ғана шектеліп қалмай, үш жүздік жүйесімен толық негіздеп, өз ұрпақтарыңды талай ғасырға тамыр жайуға әлемдік жүйеге жалғануға тұру керек.
 
Ол үшінде, Құдайдың өзінен жәрдем мен әйелдер қауымының жаппай оянып, екі жүзділкпен, көре алмастықпен т,б кесірліктермен имандылық арқылы ғана күресуге шығып, ата жолында аққулық қасиетіліктті меңгеруде жарысуға түсумен ғана, қазақ ұлты ежелгі тегіне қайта жалғана алады. Оны да меңгере алатын табанды, қажырлы ер азаматтар әзірге санаулы ғана болмақ. Тура жолда болу деген осындай сырлары барын да біле жүріңіздер ағайындар. (Маусым айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.