ИМАНДЫ МЕН ИМАНСЫЗДАР КІМДЕР?

    Сайттағы пікір айтушы қауымды сырттай бақылағанда үлкендер тарапынан білімен, өздері жас кезінде оқыған, тоқыған деректермен ғана ақылдары негізделіп қалғаны, кеңестік дәуірдің имансыздық саясаты анық байқалады. Осындай топ басшыларына атақты дәрежелі үлкендерге ерген жастар да өздерінің иманын күнделікті тауысып алып жатқанын байқар да емес.

 
Қазақтың үлкендер қауымның, білімділерінің имансыздық әсерінен, қазіргі әлі ақылы толмаған жастардың жетіле алмай, имандарын қалай көбейтіп өсіруді меңгере алмай, оны масһаб сияқты қиянатқа бастайтын тәпсірлік біліммен сенімге ғана негізделген дінменде жоғалтуға күрестің жүріп жатқаны да есті пендеге ашық белгі бар. Иман шатақ, дін қиянат деген осы Шәкәрім атамыздың.
 
Бірақ қуанарлық жағдай кейбір жастардың тегімен алған иман қуаты да көрніс беріп, құранмен дәлденген немесе құдай аянмен берді, деген пәтуаларға ақыл тоқтатып, түсінбесе де сабыр тауып жатқаны қазақтың ұлтын ібіліс толық аздыра алмайтыны да, түбінде бұл қақпаннан шығатын тектілер көбейетіні де қуанышты белгі болмақ. Ал негізінде Құдай уақи беріп айтты, үкім берді, аянмен көрдім, дегенді мүлде қаперіне алмайтындар, әсіресе білімді үлкендер, ел басқарудың басында жүргендер болып; бұлар имандарын арсыздыққа айырбастап жоғалтып алғандар деп білген жөн. Бірақ сенім тұрғысында діннің қай салсынна да хабары бар намаз оқушы да болуы, ғұлама, ғалым, хазірет, қажы аталуына да еш кедергі жоқ.
 
Солардың арысынан өздерін аттарын қазақшалап, орыс ұлтынан құдайлық махаббатан бөлініп, құдайды да алдап, текті болдық, деген тобырлықтар да иманын саудаға салуға ібіліске жамағатқа тұрғандар имансыздықтың амалы. Имансыздықтарына кепіл оған Құдайдың түсірген үкімдерін баян қылғанмен шыбын шаққан құрлы көрмейді өздеріне сенімді, құдайыңды, жеткізген аруағыңды өзіңмен қосып мазақа да айналдырға қорықпайды да.
 
Діннен, пайғамбар сүнетінен забары болып мойынсұнған пенденің Құдай атынан сөйлеп жалған аян дерегін айтып тозаққа өзі ғана емес ұрпақтарыныңда тегін қиянатқа байлап тастайтыны да білулері керек. Сондықтан қазіргі таңда білімді сенімді, дінші, хазірет, «»пхд»» дін сенімі (имандылық емес) доқтырларының өзінде имандары өте әлсіз, себебі Алланың тағдырмен берген нұрын күнделікті ойы теріс сөздермен, иманды меңгеру жолына қарсылықпен жойып алып отырады.
 
Пайғамбарымыздың; «Менің үмметерімнен таңертең мұсылман болып оянып кешке дейін кәпір болып үйіне оралатындар шығады» дегені осы жағдай екені да хақ. Яғни мұндай пенделер бір күнгі жасаған жақсылық, ізгіліктеріне түнде жанға жауап алып, күндіз теріс сөздермен пәтуалармен оны жоғалтып, аузымен Алланың нұрып өшірген кәпір болып үйіне оралады. Басқа бәле тілден, деген осы. Бұл кез келген білімдінің меңгерген сенімнің дінге қиянат болып иманын жойуға қызмет қылуы сөз өнерімен, көркем құранның жеті үнінмен сөйлей білмеумен байланысты. Қазақ болып туылым қазақ сөзін бұрмалау ділге, иманға, діңі-тегіне зұлымдық қылыумен ақыл негізделеді.
 
Бұндай өздерін иманды атаған діншілердің, білімді атақтты, талантылардың (ұяттылығын сақтаушылар) құдайшылдығы арлығы төмен, ар болып жиналатын сөзден ұялу қасиеттерінен ажырап, аталы сөзге тоқтам бермейтінен аңғаруға болады. Олар жақсылық, ізігілік сауап жасайды, ұлттың тектілігі үшін күрескен болады, бірақ онымен тапқан имандарын қайтадан ібіліске ұрлатып жатқандарын мүлде аңғарудан қалған. Сондықтан мәңгілік жаны ұжданды көктен хабар алудың жолы жоқ, өздері де білім тұрғысында мұны терістеп елді де азғырады ібіліске қызмет қылады. (Маусым айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.