Аққу, сұңқарларға тылсым аманаты

Біздердің қазіргі таңда намаздың хикметі зікір арқылы хал ғылымына жалғанып ақиреттен жанаттықтардан дерек алумен көптеген хабарлар мен ескерулерді сайт беттерінде жариялап та жатырмыз. Қазақ елінің рухани тұрғыда әлемнің барлық жұртына да Алла тағала тарапынан шипа және рахметін түсретін жалғанатын рухани тұрғыда сауықтырушы елге айналу керек.
Бірақ бұған ібіліс ұрпақтары үнемі қарсылық білдіріп қалайда қазақ елінің топырағын ластуға әлемнің бар арсыздығынан үлгі алуға жанталас амалдар қатар жүріп жатқаны да хақ. Бұл шайтан жамағаттарының көпшілігі ел басқарушы мен білімді қауым саясаткерлер мал табарлар тобынан болғандықтан, қазақ елін қытай және европа елдерінің қыдыратын сауық-сайран орынына айналдыруға жоба жасап жатқаны да белгілі.
Мұндай жағдайда қазақ еліне аруақтарының назы да түсіп, Құдайдан лағнет жауаптың түрлі апаттардың күн санап арта беретінін де білген жөн. Сондықтан да қалайда ата жолының хикметті білімін, ата-бабаларамыздан қалған жасырын жатқан мұрғаттармен мирастарды тауып, елге көрсетіп рухани оянып, құдайшылдыққа бет бұрғызуға да себепші болу, енді кешіктіруге де болмайтын амал болмақ.
Біздердің жасаған дұғамызға жауап келіп, бұрынғы заман ел билеген хандардың, төрелердің бастарын көтеру керек деген белгі түсті. Керейханмен, Жәнібек сұлтан бабаларымыздың ел билеудің мөрі мирасы болып Абылайхан бабамызға жеткен екен. Абылайхан бабамыздың бас кимінде маңдайындағы гауһар тас, жүзік мөрі мен сандық қобидашының Есілдің жағалауында жасырылған деген хабар келді.
Енді оны тауып ашуға аққу, сұңқарлардың бірігіп қара малды құрбандыққа шалып, арамыздан белгілі біреуіне оның жасырылған орнын көрсетеді. Бұл мұрағаттарды ашу арқылы халық дүр сілкініп оянып, ел биліктің бүгінгі таңдағы арсыздығына халықты шет елдің ықпалына, дүние байлықтық жолына байлауына қарсы тұрып рухани жаңғырудың жолына түспек.
Сонымен бірге әлемнің ғалымдары да қазақ еліне назарын салып, ата жолын кешенді түрде зерттеп біздің білімді, ғалым аталған қауымға қазақтың дәстүрінің құндылығын дәлдеп беруге жәрдем беретін болады. Мұнсыз енді ғалымдармыз бен ел билеушілеріміз халықты жалған жолдаумен, білімен ой жорумен, ұйыққа батыра бермек те, арты үлкен сынақпен, өз ара қырылысумен халықтың көтерілумен ғана аяқталуы сөзсіз.
Өкініке орай ата жолында арлы намыстылар өте аз қалды. Көпішілігі мақтаның буына пісіп, бас басына би шетінен білгіш болып, перілік жүйеден өздігімен босана алтындар мүлде сирек кездеседі. Ал тазалықты ата дәстүрін сақтауға тырысқандар рухани қорқақ, ақиретен білім әлсіз, аян көріп жоруды білмейтіндер, ақылдары негізделіп шеңберленіп қалғандар, сондықтан бұл іске аз ғана аққу, сұңқарлар қол созуыда ғажап емес.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.